жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Үш тілге саяхат" мектепалды оқушыларға арналған жұмыс дәптері
Қостанай қаласы әкімдігінің № 13 «Ақбота» бөбекжай бақшасы.


Қостанай 2015-2016 жыл
Бекітілді__________
« Қостанай қаласы әкімдігінің
Білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің
№13 бөбекжай бақшасы МКҚК
Директоры: А.Е Уралбаева
«Тіл ашар» үйірмесі
(Күннің екінші жартысында жүргізіледі)
ІІ кіші топ
Құрастырған педагогтар: Бурбаева А.Н
Окасова Ж.Қ
Утегенова Г.М
«Тіл ашар» үйірмесінің мақсаты: Ойын арқылы балаларға ағылшын, орыс, қазақ тілдерінің қарапайым сөздерімен таныстыру. Балалардың сөздік қорын толықтыру.
2015-2016 оқу жылына арналған «Тіл ашар» үйірмесінің кестесі.
|
Тотар |
Апта күндері |
Уақыты |
|
ІІ кіші топ «Жұлдыз»
|
І, ІІ апта Жұма |
16.00-16.15 |
|
ІІ кіші топ «Айналайын»
|
І, ІІ апта Жұма |
16.20-16.35 |
ІІ кіші топ балаларына арналған «Тіл ашар» үйірмесінің жоспары
|
Қырқүйек, қазан, қараша |
||||
|
Ойынның аты |
Мақсаты |
Лексикалық бірлік |
Сағат саны |
|
|
«Қарап ал да, есіңе сақта» |
Балалардың көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атау. |
Қой – овца - sheep Мысық-кошка- cat Ит – собака- dog |
1 |
|
|
«Қарап ал да, есіңе сақта» |
Балалардың көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атау. |
Қой – овца - sheep Мысық-кошка- cat Ит – собака- dog |
1 |
|
|
«Біздің көңіл күйіміз» |
Балаларға сурет бойынша бет әлпеті ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету.көңіл күйді бейнелейтін сөздерді дұрыс айтқызу. |
Күлу – смеяться - smaile Ренжу – обижаться - cry Ызалы - злой - hungry |
1 |
|
|
«Біздің көңіл күйіміз» |
Балаларға сурет бойынша бет әлпеті ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету.көңіл күйді бейнелейтін сөздерді дұрыс айтқызу. |
Күлу – смеяться - smaile Ренжу – обижаться - cry Ызалы - злой - hungry |
1 |
|
|
«Сиқырлы қоржын» |
Заттарды атымен атау |
Доп - мяч - ball Куыршақ - кукла - dall Машина - машина - car |
1 |
|
|
«Сиқырлы қоржын» |
Заттарды атымен атау |
Доп - мяч - ball Куыршақ - кукла - dall Машина - машина - car |
1 |
|
|
Желтоқсан, қаңтар,ақпан |
||||
|
«Тез тап» |
Түстерді ажырата білуге үйрету. |
Қызыл – красный - red Жасыл – зеленый - green Көк – синий - blue |
1 |
|
|
«Тез тап» |
Түстерді ажырата білуге үйрету. |
Қызыл – красный - red Жасыл – зеленый - green Көк – синий - blue |
1 |
|
|
«Кесілген суреттер» |
Кескіндерді құрастырып, олардың атауын ата |
Қоян - заяц - hare Аю – медьведь - bear Түлкі - лиса - fox |
1 |
|
|
«Кесілген суреттер» |
Кескіндерді құрастырып, олардың атауын ата |
Қоян - заяц - hare Аю – медьведь - bear Түлкі - лиса - fox |
1 |
|
|
«Ойыншықты жинаймыз» |
Заттардың көлемін ажыратып, айту |
Жуан - толстый - fat Жіңішке - тонкий - slim
|
1 |
|
|
«Ойыншықты жинаймыз» |
Заттардың көлемін ажыратып, айту |
Жуан - толстый - fat Жіңішке - тонкий - slim
|
1 |
|
|
Сәуір,наурыз, мамыр |
||||
|
«Құстар» |
Балалардың есте сақтау, тез қимылдау,ептілік, жылдамдылық қасиеттерін дамыту. |
Ұшты-летать-fly Қонды - - sit |
1 |
|
|
«Құстар» |
Балалардың есте сақтау, тез қимылдау,ептілік, жылдамдылық қасиеттерін дамыту. |
Ұшты-летать-fly Қонды - - sit |
1 |
|
|
«Кегли» |
Сандардың ретін атау. |
Бір – один - one Екі - два - two Үш – три - three |
1 |
|
|
«Кегли» |
Сандардың ретін атау. |
Бір – один - one Екі - два - two Үш – три - three |
1 |
|
|
«Көкөністер мен жемістер» |
Көкөніс пен жемістерді ажыратып атын атау. |
Алма – яблоко - apple Алмұрт – груша - pear Банан - банан - banana |
1 |
|
|
«Көкөністер мен жемістер» |
Көкөніс пен жемістерді ажыратып атын атау. |
Картоп – картошка - potatoes Сәбіз - морковь- carrot Қызанақ – помидор -tomato |
1 |
|
|
Барлығы: |
18 |
|||
Картотека №1
Ойының аты: «Қарап ал да, есіңе сақта»
Мақсаты: Балалардың көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атау.
Ойынның шарты: Әр түрлі суреттерді балаларға көрсетіп шығады. Балалармен қайталап (Қой – овца – sheep; Мысық-кошка- cat; Ит – собака- dog) үй жануарларын атайды. Суреттерді жауып тастайды, балалар ретімен атауы керек.
Көрнекілік: қой, мысық, ит суреттері.
Сөздік: Қой – овца – sheep; мысық-кошка- cat; ит – собака- dog
Картотека №2
Ойының аты: «Біздің көңіл күйіміз»
Мақсаты: Балаларға сурет бойынша бет әлпеті ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету. Көңіл күйді бейнелейтін сөздерді дұрыс айтқызу.
Ойынның шарты: Бет-әлпеттің мимикасының суреттеріне қарап, сөздерді қайталайды және көрсетеді күлу – смеяться - smaile ; ренжу – обижаться - cry; ызалы - злой – hungry. Сол мимикалардың суретін смайликтерге салады.
Көрнекілік: Әр түрлі мимикадағы суреттер, дөңгелек пішінді қағаздар
Сөздік: Күлу – смеяться - smaile ; ренжу – обижаться - cry; ызалы - злой - hungry
Картотека №3
Ойының аты: «Сиқырлы қоржын»
Мақсаты: Заттарды атымен атау
Ойынның шарты: Балаларды жарты шеңберге тұрғызып, ойыншықты көрсете отыра балалармен атын атайды.Ойыншықты жақсылап қарап алыңдар! Заттарды қоржынның ішіне салып араластырады. Бір бала ортаға шығып, заттын атауын атайды.
Көрнекілік: қоржын,доп,қуыршақ,машина т.б заттар
Сөздік: Доп - мяч – ball, қуыршақ - кукла – dall, машина - машина - car
Картотека №4
Ойының аты: «Тез тап»
Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Екі ойыншы әр түстегі геометриялық пішіндерді алады.Бірінші ойыншы сол пішіннің түсіне сәйкес геометриялық пішінді көрсетуі керек. Мысалы: бір бала үлкен сары шеңберді көрсетсе, екінші үлкен сары шаршыны көрсетуі керек.
Көрнекілік: геометриялық пішіндер, логикалық Дьенеш блоктары.
Сөздік: Қызыл – красный – red, жасыл – зеленый – green, көк – синий - blue
Картотека №5
Ойының аты: «Кесілген суреттер»
Мақсаты: Кескіндерді құрастырып, олардың атауын ата
Ойынның шарты: Кесілген жануарлардың суреттерін құрастырады, екінші жартысын тауып. Суреттерді құрағаннаң, сол затты үш тілде атау.
Көрнекілік: жануарлардың суретті.
Сөздік: Қоян - заяц – hare, аю – медьведь – bear, түлкі - лиса - fox
Картотека №6
Ойының аты: «Ойыншықты жинаймыз»
Мақсаты: Заттардың көлемін ажыратып, айту
Ойынның шарты: Ойыншықтарды екі себеттке жинайды, бірінші себетке жінішке ойыншықтарды салады, ал екінші себеттке жуан ойыншықтарды салады. Заттардың көлемін тағыда үш тілде қайталайды.
Көрнекілік: геометриялық пішіндерді, логикалық Дьенеш блоктары.
Сөздік: Жуан - толстый – fat, жіңішке - тонкий - slim
Картотека №7
Ойының аты: «Құстар»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау, тез қимылдау,ептілік, жылдамдылық қасиеттерін дамыту.
Ойынның шарты: бұл қозғалмалы ойын, тәрбиеші заттың атын атап ұшатын зат болса балалар колдарын екі жаққа жайып ұшады, ал ұшпайтын заттың атын атаса орындарына отырады.(Мысалы: ұшақ десе балалар колдарын созып ұшады, ал машина десе орындарына барып отырады).
Сөздік: Ұшты-летать-fly, қонды - - sit
Картотека №8
Ойының аты: «Кегли»
Мақсаты: Сандардың ретін атау.
Ойынның шарты: Әр түсті кеглилерді санап ,әрі түстерді қайталау.
Көрнекілік: түрлі-түсті кеглилер, сандар: 1, 2, 3.
Сөздік: Бір – один – one, екі - два – two, үш – три - three
Картотека №9
Ойының аты: «Көкөністер мен жемістер»
Мақсаты: Көкөніс пен жемістерді ажыратып атын атау.
Ойынның шарты: Үстел үстіндегі көкініспен жемістерді себеттерге салу. Бірінші себетке көкіністерді салу, екінші себетке – жемістерді.
Көрнекілік: екі себет, көкіністер және жемістердің муляжы.
Сөздік: Алма – яблоко – apple, алмұрт – груша – pear, банан - банан - banana
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген