«Үш тұғырлы тілді» меңгеру – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі.
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жарияетті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаның кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Біздің халқымыз үшін қазақ тілінің маңыздылығын жəне оның еліміздегі орын алуы туралы қазақ халқының зиялы азаматтарының ерте заманнан бастап айтқандары белгілі. Қазіргі уақытта да бұл мəселеге мемлекет тарапынан аса назар аударылатындығы баршамызға мəлім. Мысалға айтатын болсақ, Елбасымыз өз еңбектерінде бұл мəселені назардан тыс қалдырмайды. Соның ішінде Президентіміздің біз үшін аса маңызды 2012 жылғы Жолдауындағы тіл мəселесіне байланысты ойларын айтуға болады. Оның айтуы бойынша: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруымыз керек. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Əрине, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Себебі, əрбір ұлт өз ана тілін меңгеріп, күнделікті өмірде кеңінен қолданбаса, оны жекеленген ұлт деп толық айта алмаймыз. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев бұл мəселеге ерекше назар аударады. Ол өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ елі» деп атайтын боламыз» — деді.
Енді келесі кезекте біздің республикамызда мемлекеттік тілмен бірдей дəрежеде қолданылатын орыс тіліне тоқталсақ. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Ресей империясының, кейіннен КСРО-ның құрамында болды. Сол уақытта орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып бекітілді. Қазақстандағы орыс тілділіктің ерекшелігі осы тілде сөйлейтін адамдардың көпшілігі этникалық орыстар еместігінде болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 2-бабында мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дəрежеде орыс тілі қолданылатындығы жазылған.Орыс тілі жаңа Қазақстан жерінде ХХ ғасырдың басында кеңес билігі орнауымен, түрлі этникалық топтардың көшірілуімен, орыстандыру саясатының орнатылуының нəтижесінде кең таралды жəне ұлтаралық қатынас тіліне айналды. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі əлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім де дау айта алмас. Сондай-ақ, əлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бəсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс деген отандық ғалым Н. Кекілбекованың пікірімен келісуге болады.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін оқыту өзекті болып отыр. Əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мəдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, əр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы ағылшын тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Осы мəселені қолданысқа алуда елімізде ағылшын тілін игеруде серпіліс жасау мақсатымен 2013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту енгізілді. Бүгінгі күні тəуелсiздiкке қол жеткізген жылдардан берi əлемдегi көптеген елдермен саяси-əлеуметтiк, экономикалық жəне мəдени байланыс жасауға кеңiнен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нəтижелi болуы, ел мен елдiң, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бiрлiгiн өркендеуге тiл бiлудiң мəнi күн сайын арта түсуде. Елімізде бұл жайлы біраз қоғамдық пікірлер айтылуда. Мысалы, ағылшын тілінің мəртебесі жөнінде мынадай пікір бар: «Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік».
Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі жəне дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ-ның алты ресми тілінің біреуі. Дамыған отыз елдің ішіне кіру үшін бəсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мəн берілуде. «Ағылшын тілі бізге əлемдік аренаға шығу үшін қажет. Үштілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс», — деді Елбасы Н.Ə. Назарбаев. Расында да, ағылшын тілін білу жастарға əлемнің ең үздік ЖОО-да білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тəжірибе жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл əлемнің əр түкпірінде кəсіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым-қатынас жасаудың маңызды талабы болып табылады. Бірнеше тілді меңгерген азаматтардың өз елінде де, шетелде де бəсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз. Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда ағылшын тілін білу жас ұрпақтың жаңа ақпарат алуында үлкен мүмкіндіктер береді деген пікірмен де келісуге болады. Тəжірибе көрсеткендей, тіл – мəдениеттің кілті, ұлттық бірліктің жалпы механизмі, ұлттың əлеуметтік құрылым болуының басты құралы. «Тілі бірдің – тілегі бір», «тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету – парыз», — дейді Д. Ғаббасова. Сондықтан да, «жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылысын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз болып табылады» — деп жалғастырады осы отандық ғалым . Жоғарыда айтылғандырдың барлығын ескере отырып, тіл тағдыры – ел тағдыры деп айтсақ қателеспейміз. Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Əлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тəрбиелеу болып табылады. Ол дегеніміз – өз ана тілін терең меңгерген, сол тілде еркін сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше халықтың тілін білетін ұрпақты тəрбиелеу. Білім мен ғылымның, инновацияның, жалпы Қазақстанның дамыған жағдайында Елбасы біздің алдымызға үш тілді меңгеру қажеттігін қойды. Қазақстан азаматтарының, яғни, біздің парызымыз – «өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, шет тілдерді де білу деп ойлаймын. Сонымен, біз көрсеткендей тілдердің үштұғырлылығы – уақыт талабы. Үш тілді білу жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. «Үш тұғырлы тіл» идеясы – жарқын болашақтың кепілі. Тілдердің үштұғырлылығы мəдени жобасында көрсетілгендей «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі».Біз осы істің тек жанашыры ғана емес, орындаушылары болуымыз керек.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, шетел тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Сонымен қатар бұл шетелтілінің еліміздің оқу жүйесінде айырықша мәртебеге ие болғандығын айқындайды.Шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы оқу орындарында оқыту жаңа әдістемелердің қажеттілігін тудырады. Көптілді меңгеру –мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдаланаалатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің міндетіміз.Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ.
Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талап қойылды. Сондықтан әр оқушының бойына жаңа, тың серпеліс туғызатындай әдістерін тауып, әрқилы әрекеттер арқылы олардың ақыл-ойын ұштау, жетілдіру көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру-әр оқытушының міндеті Ең алдымен Өзіндік «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру керек. Олар: эмоциялық, әлеуметтік, танымдық компонеттерінінен тұрады. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып,мектеп тәжірибесіне енгізуде.Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру мақсатында сындарлы оқытуға негізделген Бағдарламаның жеті модулін өз сабақтарымда барыншы ықпалдастыруға тырыстым. Олар:1.Оқытуды басқару және көшбасшылық.2.Оқыту мен оқуда акпараттық коммуникативтік технологияны меңгерту.3.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.4.Оқыту үшін бағалау жіне оқуды бағалау.5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту мен оқу.6.Дарынды және талантты балаларды оқыту.7.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.Шетел тілін оқушыларға үйретудегі негізгі қағидалар: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін ағылшын тілі сабағын Блум таксономиясы ,ең төменгі үдерістерден жоғары қарай кезең-кезеңімен қозғалуды көздейтін алты кезеңді өз сабақтарымда жиі пайдаланып жүрмін.
Күтілетін нәтиже:
Көптілді меңгерген,өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге,өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға.Ол жауапкершілігі мол,өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді әс-әрекетке қабілетті болуы,кәсіби деңгейінің өсуіне ықпалы болуы,әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары,үш тілді-қазақ тілін,ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін,дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс.
Қорытынды:
Қорыта айтатын болсақ,көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап,әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру мақсатында еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген,келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын тұлғаны мектеп қабырғасынан оқытып шығару-біздің қазіргі міндетіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі №1.2014 44 бет
2. Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі №1.201546-47 бет
3. «Педагогикалық қоғамдастығы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.33-35 бет
4.Әдістемелік нұсқау хат.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз