400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үш тұғырлы тілдің – болашағы жарқын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үш тұғырлы тілдің – болашағы жарқын.


Какенбаева.Г.У.


«Шахтинск қаласы әкімдігінің № 11 ЖББМ» КММ

Шахтинск қ., Новодолинский к.



«Үш тұғырлы тіл – заман талабы» Н.Ә.Назарбаев


Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деп, ашып айтқаны есімізде. [1]. Біздің ана тіліміз - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуімізге басты себепкер. Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Дегенмен, қазіргі біздің заманымызда ең қажетті, ең келелі мәселелердің бірі болып отырған – үштілділік мәселесі. «Жеті жұрттың тілін біл» - деп атам қазақ бекер айтпаған. Ендеше, біздің әңгімеміздің төркіні - үштілділік мәселесі болмақ. Елбасымыздың, көптеген лингвист ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлеріне сүйене отырып өз мақаламды жаздым.

  Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. 

Үштілділік - нақты  тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.

   Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек деп ойлаймын. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс.

Белгілі саясаттанушы Т.Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі - тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» деген ойын оқытушы Т.Тәңірбергенқызы ары қарай жалғастырады:[2, 15 – 16 б] «Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Мәселен, М.Әуезовтың  «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылғанынан кейін ғана қазіргі таңда Абайдай ғажап ақынымызбен мақтанамыз.  

   Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі және олардың сыныптан тыс сабақтарда есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеуге, өз ойын айту дәрежесіне қол жеткізеді. Біздің мектепте үш тілде яғни, ағылшын, орыс, қазақ тілінде оқытуда оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім берілуде.

Үштұғырлы тіл мәртебесін насихаттау мақсатында, мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары арасында (өзге ұлт балалары) “Менің елім - Қазақстан ” атты сыныптан тыс сабағында , 11 – сынып оқушысы Молоков Денис Абайдың он жетінші қара сөзін , қазақ, орыс, ағылшын тілінде шебер орындап шықты.


Сондай-ақ 8 – 11 сынып оқушылары арасында “Үздік аудармашы”, “Тіл — халық жанын танудың кілті” байқауларына мектебіміз белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын басты талаптың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын әрі өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға қалыптастыру, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратын құралы - сөз . Ал көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға, нығайтуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы екені де ақиқат. Еңсесін тіктеген Егемен еліміздің шетелдермен халықаралық байланысы күннен-күнге арта түсуде. Туған Отанымыздың қуатын арттыратын осындай жан - жақты байланыстарды дамыту үшін, әрине, ең алдымен шет тілін білетін мамандар керек. Жоғарыда айтып өткеніміздей, біздерге өмірдің өзі қазір жаңа стандарттар мен талаптарын алға тартып отыр. Елбасы ұлы көштің алдыңғы қатарынан табылатын мұғалімдер қауымына қашан да үлкен сенім артады. Ал біздер жас ұрпақтың тәрбиешісі, білім берер ұстазы ретінде ортақ мақсатқа өз үлесімізді қосуымыз тиіс. Сөзсіз, мемлекетіміздің тәуелсіздіктің аз ғана уақытында аяғына нық тұруына ұстаздар қауымының берген көмегі, қосқан үлесі қомақты. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Бұл ретте, шет тілін үйретуге жұмыс істеп жатқан ұстаз қауымында жетістіктер де жоқ емес. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері бүгінде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында әлемдік ең озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолданып келеді. Мұғалімдердің үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған.  Бұдан шығарар қорытынды, түйетін ой - қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыты. Осы бағытты ұстана отырып мектебіміздің шет тілі пәнінің мұғалімі Какенбаева Меруерт Кайратқызы “Көп тілді меңгерген - мұғалім” облыстық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Байқауға үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мұғалімдер қатысты.


«Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр.

Сөзімді қорытындылай келе, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, сондай ақ өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығын арттыру арқылы Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізуге аянбайық дегім келеді. Ортақ істе аянып қалмайық, құрметті әріптестер.





Пайдаланылған әдебиеттер:

Әлімбек Г. Қазақ тілі.- 2007.

Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – Астана, 2007

Нұртазин Т. Сөз құдіреті.- 2007.

Тәңірбергенқызы. Ә. Ті л білімі.- 2003.- 15-16 б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі