Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұшақ" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бала бақша ашық сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: Ж.Нұрхановтың «Ұшақ» өлеңі

Мақсаты: Өлеңді жатқа және мәнерлеп айтуға үйрету. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, есте сақтауын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: ұшақ, көл, тау, бұлт, ұш.

Билингвалды компонент: ұшақ-самолет, қанат-крыло, құс-птица.

Көрнекі құралдар: Көліктердің суреті, су көлігі, жеңіл көлік, әуе көлігі, және слайттан пайдалану.

Әрекет кезеңі

Тәрбиенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Алақанмен жылуды айналаға таратайық. Бір-бірімізге қарап күлкі сыйлайық, бақыт нұрын шашайық.

Арайлы таң атты ,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Біз қонақжай баламыз.


Балалар бір –бірлеріне деген жылы лебіздерін білдіреді

Ұйымдастыру кезеңі

- Казір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар? Аттарын атау.

- Жарайсындар!
Қыс мезгілінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, балаларды терезеден қар жамылған ағаштарды бақылауға шақырады. Қысқы орман көрінісін суреті арқылы көрсетіп, қыста қалың қар жауатындығын, күн суық, аяз болатындығын айтып түсіндіреді. Қар қандай түрде болатындығын, қай мезгілде жауатындығын, қардың пайдасын сұрайды?

Барлығың мына терезеге қараңдар! Мынау кім болды екен?

- Мына қонжық, бір нәрсеге ренжулі ғой?

- Менің досым жоқ, ол кетіп қалды.

- Ол қайда кетті?

- Ол алысқа, кетті.

- Қонжық сен жылама! Мына балалар, сені досыңа жеткізуіңе көмектеседі.

- Балалар сендер қонжыққа көмектесесіндер ме?

- Олай болса не мен барамыз?

- Дұрыс айтасын, ал ұшақты кім жүргізеді.

Ұлағат: Асқар шыңнан бойы асқан.

Ай күнімен аспанның

Әзілдескен сырласқан

Ұшқыш болғым келеді.

Ұшаққа мініп, қонжықты досына жеткізіп салайық.(слайттан ұшақтың ұшқан даусын салу)

Қонжық: - Ой, міне менің досым, алақай досымды таптым. Рахмет сендерге балалар.

-Қонжық досыңды тапқаныңа қуаныштымыз. Нағыз достар осылай болу керек.

-Апай, мына көліктерің маған ұнады. Бұл қандай көлік?

Барлығы ұшақты тамашалау:

Балаларға ұшақты көрсетіп, құрылысымен таныстыру.

- Балалар ұшақтар не үшін қажет екен?

- Ұшақты кім жүргізеді?

- Ұшақтың ішінде не бар?

Ұшқыштар туралы әңгімелеу. Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды, Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқиды. Ендеше осы ұшаққа қайта мініп тобымызға оралайық.

Қоян: - Біз де сендер сияқты көп зат үйренгіміз келеді.

-Олай болса, сендер ұшақ туралы өлең жаттағыларың келе ме?

Өлең тыңдаймыз

Ж. Нұрхановтың «Ұшақ»

Көлдерді көктей өт

Тауларға жетпей өт

Бұлттарды жарып ұш

Бұлттан да әріге ұш

Тоқтаусыз төтеле

Жетейік көкеме...

Сергіту сәті

Ақ бұлттардан асатын

Аппақ ұшақ жасадым.

Алыс елге мен енді

Жылдам ұшып барамын.

(Г. Абдірахимова)

«Жүреді, жүзеді, ұшады» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші әртүрлі көліктердің суретін көрсетіп, атап тұрады

Балалардың сұрақтарға жауаптары



Таңырқап қарайды.





Қонжыққа көмектесуге келіседі.



Балалар әр көлікті айтып таласады

-Ұшақпен барайық жылдам барамыз.

Ұлағат ұшқыш болуға келіседі


Ойыншық ұшақтарды тамашалайды



Балалар қонжықтың досын тапқанына қуаныштарын білдірді





Сұрақтарға жауап береді.


Ұшқыштар туралы мұқият тыңдайды






«Ұшақ» туралы өлең жаттауға келіседі


Балалар бірлесе отырып жаттайды.







Қимылдары мен бірге көрсетеді.




Ойынға белсене қатысады

Рефлексивті -түзетуші

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін Ж. Нұрхановтың «Ұшақ» өлеңі мен оқып қорытындылау.


Балалар өлеңді қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Ұшақ әуе көлігі екенін білуі керек.

Нені игереді: Өз жұмыстарын тиянақты орындай алады

Нені біледі: Ұшақты ұшқыш басқаратынын, олар аспанды қорғайтынын біледі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
594
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12