Ұсақ және жалпы моториканы дамыту арқылы баланың сөйлеу тілін қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұсақ және жалпы моториканы дамыту арқылы баланың сөйлеу тілін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыпта балалардың кішкентай кездерінен бастап қол саусақ моторикасын, жалпы моторикасын дамытуға арналған жұмыстар жөнінде ата-аналарға, тәрбиешілерге, бастауыш сынып мұғалімдеріне, логопед-дефектологтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұсақ және жалпы моториканы дамыту арқылы баланың

сөйлеу тілін қалыптастыру»

Тухышова А.С. Алматы қаласы №8 Педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің, логопеді

Aдам баласының тілдік қарым- қатынасы өмірінің алғашқы кезеңінен басталады. Сәби бала үлкендердің еркелете сөйлеген сөзіне кұлақ түріп, әлдиіне бұрыла қарайды да, естіген сөздерді жадында ұстап түсінуге ынталанады. Баланың осы алған мағлұматтарын әрі қарай дамыту ұшін сәби кезінен әр түрлі ойындар қалданып білім деңгейін,сөздік құрамын молайту қажет. 
Ұлы педагог В.А. Cухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзі қоршаған орта туралы түсінік алады. Oйын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Oйынның қандай түрі болмасын, ол баланың ойлау, есте сақтау, есту және де белсенді,енжар сөздік құрамның дамуына тигізер пайдасы мол. 
Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Aқыл - ойы кем дамыған балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда IX – X ғасырларда анықтап, қолөнерді дамытуға, оның адамға пайдасы жайында кеңінен таратылды, саусақпен істейтін жұмыстарға көп көңіл бөлген. 
  Осы жағдайларды ескере отырып мен өз жұмысыма «Cу Джок» терапиясын енгіздім. 
Жеке және топпен жұмыс жүргізгенде балаларға ұшы бар жаңғақты ұсынамын:
1. Оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз:
2. Жаңғақтың ұшы бар жағына, әр саусақтың ұшымен басып шығамыз. 
Cонымен қатар:
1.Бұдыр - бұдыр шармен жұмыс жасаймыз.
(оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз).
2.Қыры бар қарандашпен жұмыс.
(екі алақанның ортасына салып айналдырамыз) .
3.Балаларды өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырдым. 
Осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Балалар сабаққа қызығушылығымен қатысады, қимыл іс - әрекеттерін қадағалап, берген нұсқауларды мұқият орындауға тырысады. 
Aта – аналар мен педагогтің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн: ойындар, жаттығулар, түрлі тапсырмалар беру керек, ұсақ моториканы жетілдіруде және қол бұлшық еттерінің дұрыс дамытуда екі міндеттерін шешеді:
1.жалпы баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді; 
2.жазуға жаттығады. 
Қарапайым жаттығулар арқылы, баланы естуге және де, көргенін,естігенін жадында сақтап қалуға пайдасы орасан зор.
Ойынмен таныстыру жұмысын үш кезеңге бөлеміз:
1. Балаларға ең алдымен орындайтын жаттығуларды көрсетіп, содан - соң оның орындау тәсілін мұқият түсіндіріп көрсетуіміз қажет.
2. Ұсынған жаттығуды баламен бірге орындаймыз, қимыл іс әрекетті сөзбен түсіндіріп отырамыз.
3. Балаға өз бетімен жұмыс жасауға ұсыныс жасаймыз.
Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. Ең алдымен қарапайым жаттығулардан бастаймыз:
«Тіке үстелден бастап, есікке дейін жүр»;
«Орындықты айналып шық»;
«Жердегі іздерді басып жүр» және т.б.
Баланың тапсырманы бұлжытпай орындағанын қадағалап, дұрыс нұсқау берген маңызды.
Мысалы:
- Бөлме ішін айналып шық, ал мен алақан соғып тұрамын. 
(бала ритм бойынша қимылдау қажет)
- Менің тапсырмамды орында:
Қолыңды алға, жоғары, төмен.
Оң қолыңды - оңға,сол қолыңды - солға.
Оң қолыңды - белге,сол қолыңды - басыңа.
Оң аяқты - алға, сол аяқты - қасына.
Бала өзінің қимыл әрекеттерін бақылап отырады. Берілген тапсырмаларды жәй жаттығулардан бастаймыз, сосын оны біртіндеп күрделене түсеміз.
Мысалы: 
Жеңіл жаттығулар:
«Гимнастика» - ені 20см тақтайдың үстімен жүру; «Қасқыр» - ені 20см тақтайдың үстімен төрт аяқтап өту; 
«Тасты аттап өтеміз»; «Таспен жүреміз».
Күрделі жаттығулар:
- Саусаққа арналған жаттығулар : «Сәлем саусақ қал қалай!»; «Қайық»; «Гүл»... 
- Қолға арналған жаттығулар: «Жайқалады талдар».
- Елес бейне бойынша: «Аю», «Бақа», «Қоңыз», «Жануарлар»...
Балалар көз алдына жануарларды елестетіп, олардың қимыл іс - әрекеттерін салады. Содан - соң біздер, өмірден алған бейнелерді көрсетеміз.
Мысалы: 
Доппен ойын: «Жерге лақтыр да, ұстап ал»;
Кубикпен ойнайтын ойын: «Орындық», «Үстел», «Жол»...
Жіппен ойнайтын ойындар: «Жыланды бейнеле», «Баспалдақпен жұреміз»...
Таяқшамен ойнайтын ойын: «Үй», «Тал», «Қайық», «Көзәйнек», «Көбелек» «Шана» (бұл ойынды үстел басында сірінкімен ойнауға болады, алдын - ала күкіртін алып тастау қажет)
Cодан - соң ұсақ моторикаға арналған ойындарды қосып, баланың қызығушылығын одан әрі көтеру керек. Бала саусақтарымен ойнап әр түрлі бейнелерді көрсетуге тырысып, қызықтап, ойынға деген құштарлығы ұдейе түседі.
Mысалы: 
 «Түлкі»,«Піл»,«Мысық»,«Тышқан»,«Әтеш»,
«Көзәйнек» - оң және сол қолдың үлкен саусағына барлық саусақтарды қосып, дөңгелек жасаймыз да, көзімізге тақап, дөңгелектен қараймыз.
Саусақпен жұмыс жүргізгенде балаларға көмек көрсетіп отыру қажет, себебі саусақтары икемсіз болады. Жұмыс барысында балаларды мадақтап отырған жөн.
Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:
1.Сөйлеу тілі жетіледі.
2. Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3. Икемділігі арта түседі.
4. Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.
5.Танымдылық деңгейі артады.
Ойындар арқылы, біздер баламен қарым- қатынасты нығайтып, баланың өз- өзіне деген көз қарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз. Бала ыммен, ишаратпен сабақтан алған әсерін, көргенін, естігенін айтып беруге тырысады. Осының бәрі де, баламен әр түрлі ойын ойнап, моторикасын дамытқанның нәтижесi, - деп ойлаймын.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1) Селиверстов В.И. Речевые игры с детьми - М. 1994 .
2) Ткаченко Т.А. Если дошкольник плохо говорит - С-П. 2000.
3) Цвынтарный.В.В. Играем пальчиками и развиваем речь - М, 1999.
4) Швайко Г.С.  Игры и игровые упражнения для развития речи – М. 1988.
5) Лопухина И.С.  Логопедия 550 занимательных упражнений для развития речи – М. 1996.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2020
1478
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі