Материалдар / Ұсақ жанрларды тәрбие сағатында тиімді пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұсақ жанрларды тәрбие сағатында тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілерге, жас мамандарға, бастауыш сынып мұғалімдеріне көп көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рисунок 3


Тойкенова Күмісай Темірбекқызы

Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернатының тәрбиешісі


Ұсақ жанрларды тәрбие сағатында тиімді пайдалану

«Бала тәрбиесі – бесіктен» деген тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұсынған. Халық қашанда өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлар – мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар, ойын өлеңдерінің әрқайсысының баланың ой-өрісін, дүниетанымын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.

Оқушылардың тілін ұстартып, ой-өрісін дамыта түсу үшін мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге аталы сөздер, қанатты сөздер, тыйым сөздер, ырым сөздер, болжам сөздер, бата-тілек сөздерді үйретуді көздедік. Олар баланың таным аясын кеңітіп, ақыл-ойын дамытып, іс-әрекет белсенділігін қалыптастырады. Сонымен бірге халық ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі ұсақ жанр түрлерін оқушыларға меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерді, кейінгі кезде пайда болған метаграмма, анаграмма, ребус, жеңіл сөзжұмбақтар да тәрбие сағаттарында пайдаланылды. Бұл ойын түрлері жарыс ретінде өткізіліп, оқушыларды жұмбақ шешуге және сол жұмбақ арқылы жасырылған ұсақ жанр үлгілерін табуға қызықтырып, олардың танымдық белсенділігін арттырады.

Ауыз әдебиетінің ең кіші түрін ұсақ жанр деп атаймыз. Олар бір-екі сөйлемнен немесе бірер шумақ өлең жолдарынан тұрады. Ұсақ жанрлардың түрлері де сан алуан. Ауыз әдебиетіндегі ұсақ жанр түрлері сендерге жақсы таныс. Оқушыларға ұсақ жанр түрінің бірі сөзжұмбақ ұсынылады. Мысалы, мәтелге құрылған сөзжұмбақ түрі және оның шешуі төменде көрсетіліп отыр.

1-кесте. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, дөңгелектің диоганалы бойынша ұсақ жанр түрінің атауын оқисыңдар.


Shape2 Shape5 Shape4 Shape3 Shape1

1

Shape10 Shape9 Shape6 Shape8 Shape7

2


Shape15 Shape14 Shape13 Shape11 Shape12

3


Shape20 Shape19 Shape18 Shape17 Shape16

4


Shape21 Shape22 Shape23 Shape25 Shape24

5




Көлденеңінен: 1. ...сөздің мәйегі.

2. ..... сөздің анасы

3. .... - ғалым, тілсіз мұғалім

4. .....бәрін жеңбек.

5. Ақылды қарттан, .... шығар.

Шешуі: мақал, сәлем, кітап, еңбек, нақыл.

Диагонал бойынша жасырылған сөз: мәтел.

Ұсақ жанрлардың тағы бір түрін айта кетейік. Табалдырықты баспа. Есікті керме. Төрге қарап жүрелеп отырма. Үлкеннің сөзін бөлме. Ас қайырмай тұрма. Ертеңгі асты тастама. т.б

Бұл сөздер бізге нені айтқысы келіп тұр? Сөйлем түрі қандай? (болымды ма, болымсыз ба?) Болымсыз түрде тұруы неліктен деп ойлайсыңдар? Ата-аналарымыздан, үлкендерден осы тектес сөздерді естіп жатамыз. Тыйым сөздер халық ішінде бұрыннан қалыптасқан әдептілікті сақтау мақсатын көздейді. Ұсақ жанрлардың тағы бір түрі – ырым сөздер. Ырым сөздердің тыйым сөздерден айырмашылығы – ежелден қалыптасқан халықтың наным-сеніміне байланысты. Мысалы: Малды басқа теппе – киесі ұрады. Құстың ұясын бұзба – обал болады. Жолаушының жолын (бос немесе суы бар шелекпен) кеспе – жолы байланады.

Ырымдарға, ырым сөздерге жекелеген адамдар да сенетін жағдайлар кездеседі.

Аталы, қанатты сөздердің жоғарыдағылардан айырмашылығы – олардың авторлары белгілі болады. Мысалы:

Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім. (Жиренше)

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас. (Бұқар жырау)

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез (Абай)

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Арың үшін алыссаң өлмейсің (Б.Момышұлы)

Мектеп – кеме, білім – теңіз. (Қ.Аманжолов)

Ұсақ жанрлардың келесідей түрі мақал-мәтелдерге тоқталып өтсек.

Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі. Мақал-мәтелдер – әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Олар көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр. Мысалы, тіл өнері, сөз қадірі туралы мақал-мәтелдердің де үйретері мол.

Тіл қылыштан өткір.

Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле, - деп ескерткен.

Мақал-мәтелдер балаға айтатын ойын қысқа да нұсқа түрде жеткізуге үйретеді, сөз қадірін түйсінтеді.

Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі – жұмбақ. Ол халықтың ойынан, қиялынан туған ұтқыр да бейнелі шығармасы.

Қазақ халқында жұмбақ ерте заманнан қолданылып, қарым-қатынас жасаудың ерекше бір құралына айналғаны белгілі. Үлкендер арасында адамды тану, сынау, әзіл-қалжың, шешендік шеберлігін байқату ойын түрінде қолданылса, балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр-сырын білуге, танымы мен қиялын ұштауға қолданамыз. Жұмбақтар заттың, құбылыстың жалпы сыртқы көрінісін сипаттау, ішкі мазмұнын білдіру, екінші бір нәрсемен салыстыру, басқа нәрсеге теңеу, ұқсату, баламалау, әсірелеу мазмұнында беріледі.

Жұмбақтардың мазмұнында тілдік қолданыстар да сан алуан болып келеді.

Мысалы: Екінші бір нәрсемен салыстыру.

Екі кісі қарауыл қарайды,

Бір кісі шөптік тереді. (түйенің өркеші, ерні)

Эпитет қолдану мағынасында

Зер-зер кілем, зер кілем,

Көтерейін десем зор кілем, (жер)

Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анықтап жеткізе білу, туған тілінің байлығын сезінуіне, тілдік қолданыс ерекшеліктерін тануға сөз саптау, сөйлеу мәдениетін үйренуге, өз ойын шебер де мәнерлі етіп жеткізе білуіне, шығармашылық көбілетін өсіруге көптен-көп көмегін тигізеді.

Баланың сөздік қорын молайтуға, ұқсастырып сөйлеуге, сан атауын, ретін білдіртуге үйрететін «Санамақ» өлеңдердің орны бөлек. «Санамақ» өлеңіндегі «бірім-бір», «екім-екі» деп қайта-қайта қайталануы баланың сандарды есте сақтау қабілеттерін арттырады. Өлеңнің мазмұны одан әрі тереңдей түсіп, «бір дегенің – білеу», «екі дегенің – егеу», - деп әр санды бір сөзге балап айтады. Осында айтылған сөздердің бәрі – тұрмысызға қатысы бар заттардың, құрал-бұйымдардың атаулары болып табылады.

Халық ауыз әдебиеті үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың да өзіндік мәні бар. Әдетте жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы, «р» дыбысын дұрыс айтуды

Торта қойдым

Орта қойдым.

Орта қойдым,

Жорта қойыдым, - деп жаңылтпаш арқылы үйренеді.

Сөздерді мағынасына қарай дұрыс ажыратып, айтуға баулитын:

Беріп тай, лақты,

Алдым тайлақты

Беріп тайлақты,

Алдым тай, лақты, - дейтін жаңылтпашты жай ғана айта салмай, дауыс интонациясымен дұрыс, мәнерлеп айтуды қажет етеді.

Жаңылтпаштар баланы мүдірмей, шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін түзетеді, сөйлеу мәнеріне жаттықтырады.


Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім.? – дейтін баланы ойлантатын жұмбақ сипатындағы жаңылтпаштар да кездеседі. Мазмұндық жағынан қарағанда тәрбиелеу мақсатында айтылатын жаңылтпаштар да бар.

Мысалы: Атам томағаламаған бүркітті

Мен томағаламағанда,

Кім томағалайды?

Шөмеленбеген шөпті

Мен шөмелемей,

Кім шөмелейді? – деген жаңылтпаштар іс-әрекеттің жөн-жосығын білуге үйретеді. Сөздік қорын байытады. Жаңылтпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді. Айналадағы көріністер мен құбылыстармен таныстыратын қызықты жанрлар.

Баланың тілін ширатуда ойын өлеңдерінің берері мол. Ауыз әдебиетіндегі «Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Ұшты-ұшты», «Кім керек?» т.б ойын өлеңдері баланың танымын кеңейтіп, байқампаздыққа, зеректікке тәрбиелеп, тілін ширатады.

«Қуыр-қуыр, қуырмаш» өлеңі балаға саусақтарының атын (бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек), теңеу аттарын үйретеді.

Сол сияқты жан-жануарлар, аң-құстар, табиғат құбылыстары жайындағы «Бір қазан сүт», «Қарға, қарға, қарғалар», «Сауысқан», «Бақа», «Түйе, түйе, түйелер» және т.б өлең-тақпақтар да баланың танымын кеңейтіп, тілдерін ширатады.

Мысалы, «Бір қазан сүт» өлеңі арқылы іс-әрекеті кезіндегі қалпын, өзіне тән дыбыстауын біледі, ол дыбыстарды бейнелейтін сөздерді үйренеді. Осыған еліктеп, басқа да құстардың, аңдардың дыбыстауына мән бере бастайды. Оқушылардың тілін ширатуда, сөздік қорын молайтуда, бейнелі, көркем сөйлеуге үйретуде, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеуде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың маңызы зор.

Ұсақ жанрлар әралуан тақырыпты қамтиды: Отан, туған жер, табиғат, жан-жануарлар, адам және оның ортасы, еңбек, адамгершілік, татулық, достық, оқу, өнер, білім, т.б. Ұсақ жанрлармен жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл - ойы мен дүниетанымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.
Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел - жұрттардың, қай - қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталып, інжу маржандай астарлы да асыл, ұлағатты шешендік, даналық сөздері болатындығы хақ. Тіл байлығының алтын қорынан саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс салты мен тіршілігін, психологиясын, қоғамдық прогресін тайға таңба басқандай дәл де шебер, мәнді етіп бейнелеуімен құнды. Халық даналығы, байлығы - мақал - мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақ, нақыл сөздер еліміздің болашағы – жастарды тәрбиелеуде, ақыл - кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!