жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұсақ моншақтардан гүл жасау .
Сабақтың тақырыбы: Ұсақ моншақтардан гүл жасау .
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Моншақпен жұмыс жасау әдістерін үйрету, гүл жасауды меңгерту, моншақтардан гүл тоқу әдісін үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды қолөнерге деген қызғушылығын оятып, ұқыптылықа баулып, эстетикалық жағынан дамыған, жеке тұлға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оушыларды әдемілікті сезінуге, көрнекі, бейнелі ойлау қабілетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Оқыту әдістері: Түсіндіру, ауызша, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс, синкуейн.
Сабақтың көрнекілігі: моншақ түрлері мата моншақ жасалған әшекей бұйымдар.
Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Технологиялық дайындық.
Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап алып,
Тобымызды құрайық.
Топқа түрлі түсті қағаз арқылы бөліну.
ІІ Үй тапсырмасы:
М.М. Жанписованың «Сиқырлы сандық» ойынын ойнаймыз.
Ойының шарты: Сиқырлы сандықта сұрақтар салынған, екі топ сұрақтарға жауап берсе, тек сонда ғана садықша сиқырлы бола алады. Сұраққа дұрыс жауап берген топ «Білгір» деп анықталады.
ІІІ . Қызғушылықты ояту. Жаңа сабақ.
-
Мақалды толықтыр.
............. өсерсің терлеп,
Мұның аты .......................
-
Жұмбақты шеш.
Құлпырса, қадірлейді , аялайды,
Қураса сыпырғышқа жарайды.
(Гүл)
-
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Үй гүлі
Өз қолынмен ыдыс
Отырғыздым үй гүлін
Сабақтары қып – қысқа,
Терезеден сүйді күн
Топырағын қопсытып
Мезгілімен суардым
Жапырақ жайып өсті тік
Қызыға қарап жүр әркім
Асқар Оразақын
Берілген тапсырмаларды орақ ойы не? (гүл туралы)
«Ойлы болсаң, озып көр»
Математикалық ойын .
Шарты: берілген санның орнына әріптер қойып сөздер құрастырыңдар.
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|
С |
М |
Р |
Ұ |
Д |
А |
У |
Қ |
Т |
Г |
Ү |
О |
Л |
Ш |
Ы |
Н |
-
4 .1. 6. 8. (Ұсақ)
-
2,12,16,14,6,8,9,6,3,5,6,16.(моншақтардан)
-
10,11,13. (гүл)
-
8,4,3,6,1,9,15,3,7.(құрастыру)
ІІІ. Мағынаны
« Есеппен жаса, ұтылмайсың»
Математика
Моншақпен гүл тоқудың ең кең тараған техникасы паралельді тоқу. Яғни сым бисердің қуысынан паралель өтеді. Бұл паралель тоқу әдісі деп атайды. Күлтелерге ашық түс, жапырағын жасыл түсті қолданамыз.
Қауіпсіздік ережесі.
-
Моншақпен жұмыс жасағанда жұмыс орнын ретке келтіріп алу керек.
-
Әрбір екі- үш сағат сайын үзіліс жасап, көзге арналған жаттығуды орындау керек.
-
Моншақпен жұмыс жасағанда ұқыптылықты, шыдамдылықты талап етеді.
-
Қайшымен жұмыс жасағанда абай болу керек.
Сарамандық жұмыс .
-
Ұзындығы 20-30 см болатын сым алыңдар.
-
1-2-3-4-5-4-3-2-1. Формуласына сәйке орындалады.
Енді оқушылар, сіздерге сұрақ қоямын.
Глүдің бір күлтесінің кең ортасына 5 моншақ өткізілген, сонда бір күлтеде қанша моншақ бар ? 5*5=25
Ал , әр 5 күлтеде 5 моншақтан тоқылса, барлығы қанша моншақ кетеді? 5*25=125
Гүлдің пішіні ромб тәріздес.
«Көз қорқақ, қол батыр» деп енді жұмысымыздың бастайық іске сәт!
Тренинг: «Мен гүлмін»
Әр топтың бір мүшесі өзін гүлге теңеп, гүлдің қасиетін ашып айтасың.
Рефлексия «Синкуейн» әдісімен өлең құрастыру.
Не? гүл
Қандай? Әдемі , хош иісті
Не істейді? Гүлдейді, аңқиды, құлпырады.
4 сөзден тұратын сөйлем. Гүл өссе - өнердің көркі.
Синоним. Өсімдік.
Қорытынды.
Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін мектеп пен өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру бәріміздің парызымыз.
Кенсуат негізгі жалпы білім беретін мектеп
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген