Алматы облыстық білім басқармасының «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша» білім бөлімі КММ
«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Авторлық бағдарлама тақырыбы
«Ұсақ қол моторикасын дамыту»
Мектеп психолог Аллабергенов Нурсултан Байдуллаулы

2024-2025 оқу жыл
Түсінік хат
Қазіргі таңдағы арнайы түзету мектептері дамуы шектелген балалар бойындағы сақталған анализаторлардың қызметін жоғалтпауға, оларға реабилитациялық көмек көрсетуге, әлеуметтік қоғамға бейімдеуге бағытталған көптеген түзету жұмыстары жасалуда. Көмекші мектептердің осы бағыттағы негізгі жұмыстарының бірі оқытуды ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері мен түрлерін жандандыру, оқушыларға қажет болатын жаңа мүкіншіліктерді ашуды талап ету, сонымен қатар бұл мәселе басқа да білім салаларында өзекті болып саналуда.
Осы бағытта бастауыш сынып оқушыларымен жұмыстың сапасын арттыру үшін ұсақ қол моторикасын дамытуда әдістемелік өнімді құрастырдық.
Бастауыш сыныпта бала ерте жасынан заттық әрекеттерді тез меңгереді, сол арқылы онда қызығушылық пайда болады. Сурет арқылы баланың ұсақ моторикасы дамиды, ал ол қолды жазуға дайындайтын бірден бір басты міндет. Мысалы: бала тұйық болса мінезі өзгеріп – ашылады. Тынымсыз, мазасыз – ыждағатты, орнықты боп түзеледі, ал агрессивті бала сабырлыққа үйренеді.
Әдістемелік өнімнің мақсаты - оқушылардың ұсақ қол моторикасын қалыптастыра отырып, танымдық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Ақыл – ой кемістігі бар балалар ерекшеліктерінің теориялық негіздерін талдау.
Моторика туралы түсінік, балалардың ұсақ моторикасын дамыту бойынша әдебиеттерге шолу жасау.
Ақыл – ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешенін өңдеу және негіздеу.
Ақыл – ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешенін тәжірибеде қолдану.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық - саусақ ойын жаттығулары. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуы сөйлеу әрекетімен тығыз байланыста болғандықтан баланың ұсақ моторикасын жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі қажет.

Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады

Келесі жүргізілетін жаттығулар.
1. Бала саусақтарының араларын бірдей етіп ажыратып қолын барлық қағаздың үстіне етпетінен жатқызып қояды да, қара қаламмен сызып алады.
2. Бала саусақтарын ажыратып қолын столдың үстіне қояды да,мұғалім атаған саусақтарын кезекпен көтереді. Егер бала аталған саусағын бірдей көтеруге шамасы келмесе, онда мұғалім басқа саусақтарын басып ұстап тұрады.
3.Оқушы екі алақаның беттестіріп қатты қысады да, саусақтарымен бір-біріне шапалақтап қағады. Бұлшық еттерінің сіңірлеріне қөбірек салмақ салу үшін әр екі саусақты жұптастырып жұқа резина қапшық кигізіп қояды.
4.Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушы саусағын кезекпен бірден, екіден, үштен көрсетеді; жұмырындағы саусақтарың екіншісін жазып көрсетеді.
5.Пианинода ойнап отырғанға ұқсап әр саусағын ырғақпен қимылдатады.
6.Мақта шарды немесе дойбы тақтасының үстіндегі тастарын бір, екі, төрт саусақпен шертіп атады.
Келесі жаттығулар да пайдалы.
1.Көлемі әртүрлі түймелерді алдымен үш, сосын екі саусағымен ұстайды.Резина жіптің бір ұшына өткізіп байланған түймелерді қатар-қатар етіп, екінші үшынан терезенің жақтауына немесе қалқанға бекітеді. Мұғалімнің нұсқауымен оқушы керекті түймені үстап алып созып тартады, сосын жібереді. Бұдан кейін де ірі тұймелерді созып тартып, сосын жіберу сияқты бұл жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.
2.Жақтауға арнайы кигізіле бекітілген матаның бір жиегіне тігілген ілгекке екінші жиегіне қадалған көлемі әртүрлі түймелерді тағады және ағытады.Осыдан кейін бұл іс әрекетті қуыршаққа кигізілген киімді көрсетеді, сосын оқушы өзінің үстіндегі киіміне жасайды.
Оқушының өзін-өзі күтуіне дағдылануы меңгеруіне, әсіресе түймелеуіне, ілгегін салуды,тоғасын өткізуді, аяқ киімінің бауын байлауды үйренуіне жәрдем беру қажет.Бұған келесі жаттығулар лайық болады.
1.Суреттерді бояу.
2.Заттың нұсқасын дәл сызу.
3.Көрсетілген нүктелер бойынша қарапайым заттың суретін салу.
4.Әртүрлі бағыттағы сызықтармен берілген нүктелерін қосу.
5.Түрлі сызықтар жжүргізу.
Бұл сияқты жаттығулардың маңыздылығына байланысты оқушының көзін жеткізе білу: жаттығуларды тез қарқынмен орындағанын, қимылдарының дәлдігін жақсартқаның ескере білу өте маңызды.
Қағазды столдың шетіне кнопкамен бекітіп ілуге болады, алғашқы кездерде жуандау жұмсақ қана қаламды пайдаланады.
Қорытындылай келе, егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске немесе өлеңге жаңа бір сахналық көрініс ойлап табуға тырысады. Қорытындылай келе, егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске немесе өлеңге жаңа бір сахналық көрініс ойлап табуға тырысады.
Ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешені:
Ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды орындауды бастамас бұрын балаларды қазақ халқының өмір тәжірибесінен алынған тіршілікте қалай қолдануына байланысты қойылған саусақтар «аттарымен» таныстыру қажет. Мысалы, 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек». Осылайша саусақ атауларын пайдалану баланы тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойынға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
1 - жаттығу:
«Iлмектер», Е.А. Каралашвили бойынша.
Жұдырықтар жұмылған, шынашықтары («Кішкентай бөбек») бiр-бiрiмен iлiгiскен.

2 - жаттығу:
«Шынжыр», Е.А. Каралашвили бойынша.
Суретте көрсетілгендей «Басбармақ» пен шынашықтар («Кішкентай бөбек») бiр-бiрiмен айқастырылып сақиналар құрайды.

Тапсырма:
Оқушы әуелі 1 – жаттығуды мұғалімнің көрсетуімен орындайды (бірнеше рет), содан кейін 2 – жаттығуда дәл осылай орындалады. Екі жаттығулар да орындалып бекітілгеннен кейін шарт қойылады.
Шарт:
«Кәнекей шынжырдың орнына ілмектер жасаймыз, ал енді ілмектер емес шынжыр жасайық».
3 - жаттығу:
«Жұдырық», Т.С. Овчинникова бойынша.
Баланың қолдары жоғары көтерілген, «Басбармақ» ішке қарай бүгілген, қалған саусақтары жазылған күйде.

Шарт:
Мұғалімнің айтуы бойынша бала кезекпен қалған саусақтарын бүгеді. Мысалы: - Кәне, енді 2-ші саусақ – «Балаң үйректі», 3-ші саусақ –«Ортан теректі», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмекті», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбекті» бүгейік. Балалардың жұдырықтары жұмылғаннан кейін айтылған ретпен алақандарын жаздыруға немесе ойын шартын мұғалімнің қалауы бойынша өзгертуге болады. Мысалы,

Немесе

Бала үшін бұл жаттығу қиындық тудыруы мүмкін, себебі әуелде мұғалім айтқан саусақтарын бүкпей басқа саусақтарын бүгуі мүмкін. Сондықтан жаттығуды дұрыс орындау үшін мұғалім баланың қалған саусақтарының жазылған күйін сақтауға оларды тарта ұстап көмектесуі қажет.
4 - жаттығу:
«Құлып» ойыны, Т.А. Ткаченко бойынша.
Есікте құлып (саусақтармен «құлыпты» бейнелеу)
Оны қалай ашамыз? («құлыпқа» жабылған қолдарын жоғары көтеру, төмен түсіру) - 2 рет
Айналдырайық («құлыпқа» жабылған қолдарын кезекпен оңға және солға айналдыру) - 2 рет
Есікті тықылдатайық (екі оқушы «құлыпқа» жабылған қолдарын бір бірімен түйістіреді)
Алақай, құлып ашылды (алақандарын ашу).

5 - жаттығу:
«Жануарлар» ойыны В.В. Киселев бойынша.
Ойынның мәнісі: баланы саусақтары арқылы жануарларды бейнелеуге үйрету. Бұнда саусақтардың барлық қозғалыстары оқушыға түсіндірілуі керек.
«Піл».
Қолдың ортаңғы саусағы (3-ші саусақ, «Ортан терек») пілдің «тұмсығына» айналады, басқа саусақтар пілдің «аяқтары». Пілдің жүрісін келтіреді, яғни оған секіруге және «тұмсығымен» жер сүзуге болмайды. Жүрген кезде төрт аяғымен жер тіреу керек.

«Құстар».
Төменде көрсетілген суреттер бойынша оқушылар жаттығулар жасайды (құс қанаттарының қозғалысын, тауықты, әтешті, үйректі бейнелеу). Суреттер ілінген.

«Қоян».
Шарты:
2-ші саусақ – «Балаң үйрек» және 3-ші саусақ – «Ортан терек» жоғары көтерілген, қалған саусақтар біріктірілген.

«Кірпі».
Шарты:
Қолдарды «құлыптау», оң қолдың барлық саусақтарын және сол қолдың 1-ші саусағы- «Басбармақты» жазу.

«Мысық».
Шарты:
3-ші саусақ –«Ортан теректі», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмекті» 1-ші саусақ- «Басбармақпен» домалатып біріктіру, 2-ші саусақ – «Балаң үйрек» пен 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбекті» жоғары көтеру.

«Көбелек».
Шарты:
Қолдарды білек тұсында айқастыру, алақандарды теріс жағымен бір біріне қарату, саусақтар тік орналасқан күйінде, осылайша білезік сүйектерін жеңiл қозғалата отырып «көбелектiң ұшуын» бейнелеу.

«Ешкі».
Шарты:
2-ші саусақ – «Балаң үйрек» пен 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбекті» жоғары қарату, қалған саусақтарын суретте көрсетілгендей бүгу.

7- жаттығу:
«Біз өсеміз» ойыны, Е.А. Каралашвили бойынша.
Мұғалім мен оқушы немесе оқушы мен оқушы бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Қолдарын суретте көрсетілгендей орналастырып бір - бірінің саусақтарын тартады.

8- жаттығу:
«Гүл» ойыны, Е.А. Каралашвили бойынша.
Оқушының қолдары жоғары бағытталған. Алақандары білезік тұсында біріккен (гүл тостағаншасын бейнелеу). Саусақтары ашылған. Одан кейін саусақтарды «ашып жабу» керек.

9- жаттығу:
«Тышқан» ойыны, Т.А. Ткаченко бойынша.
Оң қолдың бүгілген 2-ші саусағы – «Балаң үйрек» пен 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек» – «құлақ», алға қарай созылып домалақтанған қалған саусақтар – «тышқанның тұмсығы». Сол қол алақанынан «тамақ» жейді.

10- жаттығу:
«Мысық» ойыны, Т.А. Ткаченко бойынша.
Қолдар 10 - жаттығудағыдай қалыпта болады.

Сол жақ қол алақанын «тырналайды». Бұл жаттығу кезекпен оң және сол қолдарды ауыстырылып жасалынады.

11- жаттығу:
«Үй сыпыру» ойыны, Т.А. Ткаченко бойынша.
Суретте көрсетілгендей оң алақан ашылған сол алақанды «сыпырады». Одан кейін оң қолды төмен түсіріп қарқынды түрде сілкілейді. Бұл жаттығу да кезекпен оң және сол қолдарды ауыстырылып жасалынады.

12- жаттығу:
«Ұстап ал» ойыны, В.В. Киселев бойынша.
Мұғалім оң немесе сол қолдарының саусақтарын бірінің үстіне бірін 1-ші саусақ- «Басбармаққа», 2-ші саусақ – «Балаң үйректі», оған 3-ші саусақ –«Ортан теректі», оған 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмекті», оған 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбекті» қояды. Оқушыға қолын созып үшке дейін санағаннан кейін бала қолды ұстап алса кезек оқушыға тиеді. Алғашқыда оқушыға мұғалімнің көмегі қажет. Саусақтарды кері ретпенде бірінің үстіне бірін қоюға болады.

13 - жаттығу:
«Сақиналар», Т.С. Овчинникова бойынша.
Мұғалімнің басшылығымен оқушы саусақтарымен суреттегідей қозғалыстар жасап «сақиналар» жинайды.

Қоңырау кезінде орындауға ұсынылатын жаттығулар:
«Масаларды ұстау», Е.К. Лютова бойынша.
Масаларды ұстауды көрсететін қимылдарды көрсету, яғни алақандарды шапалақтау. «Масалар қаптап кетті»,- деген мұғалімнің дауысы бойынша балалар жиі шапалақтап алақандарын бір - біріне соғады, ал «Бір ғана маса ызыңдайды» бұйрығы бойынша балалар сирек шапалақтап алақандарын бір -біріне соғады.
Жаттығу тірек қимыл аппаратының жоғарғы иық белдеуінің қызметін жақсартады, тыныс алуды қалпына келтіреді.
«Қолдарымызды жуамыз» , Е.К. Лютова бойынша.
Қолдарды жуды көрсететін қимыл - қозғалыстар жасау: сабындаймыз, жақсылап уқалаймыз, сумен шаямыз, құрғақ қылдырып сүртеміз.
Мақсаты: балаларды белгілі бір ережелерге бағынуға үйрету. Ойын әр бір баланың өз қозғалыстарын бақылауын дамытуға арналған.
«Моторлар», Е.А. Каралашвили бойынша.
Екі қолды радиус бойынша айналдыру. Әуелі оң қолды жайлап айналдырудан бастаймыз да содан кейін айналдыруды қарқындандырамыз. Содан соң сол қолды жайлап айналдырудан бастаймыз да содан кейін айналдыруды қарқындандырамыз. Жаттығуды екі қолдарды жайлап айналдырудан бастаймыз да содан кейін айналдыруды қарқындандырып аяқтаймыз.
«Жеңіл атлеттердің жарысы», Ю.А. Копылов бойынша.
Балалар парталарға отырып «саусақтардың жүгіру» жарысын көрсетеді. Бас бармақпен ортаңғы саусақ үстел үстімен «жүгіреді». Кім бірінші болып үстел шетіне «жетеді»? Одан кейін ойын төрт саусақпен қайталанады, бас бармақпен ортаңғы саусақ қатыспайды.
«Таңертеңгілік гимнастика», В.В. Киселев бойынша.
Алақандар үстел үстінде.Әр түрлі кезекпен саусақтарды көтереміз.
«Құмда ойнау», Е.А. Каралашвили бойынша.
Қолдарға құм ұстау қимылдарын келтіру. Жұдырықты қатты қысып «топырақты» ұстау. Саусақтарды ептеп ашып тізелерге құм себу. Қолдарды сілкілеу. Қолдар дененің бойында, иықтар төмен түскен. 2 – 3 рет жасалады.
«Теңіз толқындары», В.В. Киселев бойынша.
Қолдар иық деңгейінде, жан жақта. Мұғалім «Толқын» деген кезде барлықтары қолдарын жоғары көтеріп теңселеді. 4 - 6 рет жасалады.
Саусақ – ойын тренингі.
1 - жаттығу: Шамдар
Бастапқы қалыпта: Алақандарың алға түзу қойып, ашу. Екі қолды бір мезетте қысып саусақтарын ашу.
|
|
Шамдар
жанды! |
|
|
Шамдар
сөнді |
2 - жаттығу: Шамдар
«Бір- екі» деп санай отырып, қолдың саусақтарын кезекпен ашып –жабу. «Бір» дегенде оң жақ қолдың саусақтарын түзу ұстаймыз, сол жақ қолдың саусақтарын бүгеміз. «Екі» дегенде сол жақ қолдың саусақтарын түзу ұстаймыз, оң жақ қолдың саусақтарын бүгеміз. Жаттығуды басында баяу орындаймыз, одан кейін шапшаңдықты жылдамдатамыз. Жаттығуды басында санау арқылы орындауға болады, ал одан кейін ырғақты өлең жолдарымен қозғалысты үйлестіреміз:
Шырағымды жағамыз,
Содан кейін,серуенге шығамыз!
Мінеки, шырақтардан сәуле тарап.
Бізге жол көрсетіп, тұр жарқырап!

Тық-тық
|
Тық-тық-тық |
|
Үш рет жұдырықпен соғу |
|
Иә - иә - иә |
|
Үш рет алақанмен соғу |
|
Сізге бола ма? |
|
Үш рет жұдырықпен соғу |
|
Әр қашанда ризамын |
|
Үш рет алақанмен соғу |
3 - жаттығу: Саусақтар жаттығуы
|
|
Кішкене саусақ алақанда ұйықтады |
|
|
Шылдыр саусақ көңілсіз болды |
|
|
Ортан саусақ керілді |
|
|
Мына саусақ күлімдейді |
|
|
Үлкен саусақ достарымен көңілді |
4 - жаттығу: Он саусақ
|
|
Менде де бар он саусақ, оның бәрі менікі |
|
|
Мен оларды қоялам |
|
|
Мен оларды қысалам |
|
|
Мен оларды былай қояламын |
|
|
Мен оларды бірге қоямын |
5 - жаттығу:

Қызыл қанат көбелек,
Сары қанат қөбелек,
Гүлден гүлге қонасын,
Ұстатпайсын не керек.
Суретінді салар ем,
Салып, « бестік» алар ем.
Ай, көбелек, көбелек,
Ұстатпайсын не керек.
6 - жаттығу: Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақты паналап,
Шіркей отыр үстінде.
Ұшып қонып айналып,

Отыр әді саялап.
Үстінде ол сырғып,
Қалады кейде жасырынып.
7 - жаттығу:
Алма пісті, алмұрт пісті, алша пісті, шие пісті,
Қияр пісті, қарбыз пісті, қауын пісті, сәбіз пісті.
Жидектердің бәрін татып дәмін жемістердің жейміз бәрін

9.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту
-
жұмыстарының ерекшеліктері //.
-
Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. М., 1994.
-
Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату».//Дефектология. 2010. №4. 15 б.
-
Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық -педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды:»САНАТ -Полиграфия», 2008
-
Керімбекова Ж. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің тежелуі //Ұлағат. - 2007. - №5. Б.24-28
-
6.Өмірбекова Қ. Қ. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру әдістері/ //Хабаршы.- 2006. - №1. Б.31-36.
-
Құсайынов Д. Мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақта қолданылатын әдістер. //
-
Бакраденова А.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. – Алматы, 1993.
9. Сохин В.А. Психолого-педагогические основы развития речи дошкольников:Учебно.-метод.пособие. – М.: МПСИ; Воронеж: МОДЭК, 2002. – 92 б.
10. Аяпова Т.Т. Семантика онтогенезі және тілдік белгілердің даму ерекшеліктері. – Алматы, 2001. -
11. Ерсарина Е.К., Айтжанова Р.К. Диагностика нарушений психофизического развития у детей: Справочно-метод.руководство для специалистов ПМПК. – Алматы, 2010.
12. Гаврилушкина О.Н. Об организации воспитания детей с ЗПР. //Дошкольное воспитание. 2004. №8. -
13. Пашков А.Г. Педагогические основы социальной реабилитации детей с органиченными возможностями
14. Жанабергенова Г.Б. Задержка речевого развития у детей. //Тілашар. Логопед. – 2010. – №2. -
15. Гамезо М.В., Герасимова В.С, Орлова М.М.. Старший дошкольник и младший школьник: Психодиагностика и коррекция развития.-М.: Изд-во «Институт практической психологии»; Воронеж: 1998
-
16.Климов Е.А. Психология профессионала-Воронеж., 1996
-
17. Н.И. Гуткина Н.И. Внимание .Новгород:.,1996
-
18. О.В. Лебедева «Организация и содержание специальной психологической помощи детям с проблемами в развитии»
-
18. Мамайчук И.И., Ильина М.Н. «Помощь психолога ребенку с задержкой психического развития»
-
Макарова Л.С. «Организация и коррекционно – развивающее обучение дошкольников с ЗПР»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұсақ қол маторикасын дамыту

шағым қалдыра аласыз