Материалдар / "Ұсақ қол моторика арқылы балалардың қабілетін дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұсақ қол моторика арқылы балалардың қабілетін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұсақ қол моторика арқылы балалардың қабілетін дамыту"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
578
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Кіріспе

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білегіміз әртүрлі бағытта қозғалу арқылы, қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан төмен барлық жері қозғалады. Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді.
Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек?
Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз.

Ұсақ моторика дамуының бала жасына байланысты ерекшеліктері:
3-6 айда – Бала қолын аузына апарады. Қолдың қимылын көзбен қадағалайды.

Көрген затына қолын созады және алады.

6-12 айда – Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады. Қасықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.

1-2 жаста – Шимайлар мен сызықтар сала алады. Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады. Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады. Кітаптарды парақтай алады. 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.

2-3 жаста – Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады. Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады. Ірі моншақтар тізе алады.

3-4 жаста – Қаламды дұрыс ұстай алады. Нүктеленген суреттерді бастыра алады. Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады. Қағазды бүктей алады.

4-5 жаста – Қарапайым пішіндерді бояй алады. Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады. Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады. Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады. Ермексазбен жұмыс жасай алады. Бау байлай алады.

5-6 жаста – Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады. Әріптер мен сандарды жаза алады. Балғамен шегені ұра алады. Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.

Бала жоғарыда айтылған әрекеттерді жасай алмаса не істеу керек?
Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.



























Өзектілігі:

Саусақ ойындары арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған. Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді. Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа мамандар ұсақ моторикасын дамытудағы ақаулары ақыл-ой мешеулікке тән белгілері деп санайды. Осы мамандар мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда қол саусақтарының қозғалысы арбиған, келісімді емес, олардың нақтылығы мен қарқыны бұзылған деп атап көрсетеді. Л.В. Антакова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскийлердің өткізілген зерттеулерінің мәліметтері бойынша ақыл-ой дамуы мен саусақтар моторикасының байланысы расталды. Балалардың сөйлеуін дамыту деңгейі қолының жіңішке қозғалысын қалыптасу дәрежесімен тікелей байланысты.













Балабақшадағы бүлдіршіндердің ұсақ қол моторикасын дамытуға қойылатын мақсаттар:

Ұрпақтан ұрпаққа  жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық - саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Баланың сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру тәрбие жұмысын жүйелі жүргізудің негізгі мақсаты болып табылады.

Балабақшадағы бүлдіршіндердің ұсақ қол моторикасын дамытуға қойылатын міндеттер:

Мектепке дейінгі жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс-тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды. Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Оның қоршаған ортамен (перцептивті, кинестетикалық, кеңістік) белсенді түрде өзара әрекеттесуі қабылдау жүйесін қалыптастырады.

Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені іс-әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету. Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады.













Мектепке дейінгі балалардың қол моторикасын дамыту жолдары

Саусақ ойындары арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. 


В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған. Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді. Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа мамандар ұсақ моторикасын дамытудағы ақаулары ақыл-ой мешеулікке тән белгілері деп санайды. Осы мамандар мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда қол саусақтарының қозғалысы арбиған, келісімді емес, олардың нақтылығы мен қарқыны бұзылған деп атап көрсетеді. Л.В. Антакова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскийлердің өткізілген зерттеулерінің мәліметтері бойынша ақыл-ой дамуы мен саусақтар моторикасының байланысы расталды. Балалардың сөйлеуін дамыту деңгейі қолының жіңішке қозғалысын қалыптасу дәрежесімен тікелей байланысты. Балалар қолдың ұсақ моторикасын дамытудың тиімді формасының бірі бейнелеу қызметі бойынша сабақтары болып саналады. И.М.Соловьев өзінің зерттеуінде бейнелеуде түзету-дамыту маңыздылығын жете бағаламауға назар аударды. Ол тану қызметін дамытуға тиімді ықпал тигізетін бейнелеу түрлерінің ара қатынасын табу мүмкіндігі жайлы айтады. Жүйелі даму баланың моторикалық қызметін дамыту механизмін белгілейді. Моторикалық қызметінің дамуы тану қызметін дамытуды, келіп түсетін ақпаратты қабылдауды жақсартады. Қазіргі арнайы психология мен педагогика түзетудің тиімді құралдарын іздеуде бейнелеу қызметін оқыту мен тәрбиелеу процесінде пайдалануға бағытталған. Көптеген мамандар бейнелеу өнердің мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын түзету және дамыту құралы болды, олардың даму заңдылықтарын, ұсақ моторикасының ерекшелігін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар тузетулік көмек жүйесі мақсатқа бағытталған және жүйелі болуы тиіс. Зерттеу өзектілігі ұсақ моториканың дамуы психиканың тану, еріктілік пен эмоционалды салаларын дамыту байланыстығымен белгіленеді. Мектепке дейінгі жасындағы ақыл-ойы кем балаларда ұсақ моториканы дамыту деңгейі тану қызметінің мүмкіндіктерімен келісілген және оқыту тиімділігіне үлкен әсер етеді. Жіңішке моториканы дамыту – бұл тану қызметін жүзеге асырудың басты шарты болып табылады, тек дәстүрлі әдістерімен ғана емес, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланумен өткізілетін табысты оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Ұсақ саусақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан

активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және

мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ саусақ  моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете  және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Тәрбиешілер мен балалар психологының мақсаты - ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?

Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен.  Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына  көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай  көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда  ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен  қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс - әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.  

Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен  саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.Мысалы:балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз.

 Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. 

  Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. 
 Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалға:Оригами- қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау. Оригами жасау кезінде балалар екі қолымен бірдей жұмыс атқарады.  Оригами  ұсақ моториканың дамуына оң әсер етумен қатар мидың жұмысына, сөздік қор жинауына, сөздерді және сөйлемдерді дұрыс байланыстыра отырып сөйлеу қабілетіне тигізер пайдасы мол.

























Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасының даму ерекшеліктері

 

Бүгінгі күні мемлекетіміз дамуында ауытқуы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипаты айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер алға қойылды. Мұндай мәселеге төтеп беретін оқу - тәрбие жүйесінің басты орны – балабақша.

Демек, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.

Соңғы кездері біз «ұсақ саусақ моторикасы» ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.

Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.

Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен.

Л.В. Анткова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскилердің зерттеу нәтижесінде интеллектуалдық дамуы мен моторика дамуының байланысы дәлелденеді.

Тарихта адамзаттың дамуының өзі, қолдың қозғалысы мен тілдің (сөйлеудің) тығыз байланысын дәлелдейді. Алғашқы кезде адамдардың қарым-қатынас құралы ым-ишара болған. Мұнда қолдың ролі ерекше орын алған. Қорғану, көрсету, нақтылау және басқа қозғалыстар негізінде адамдар бір-бірін түсінген, қатынасқан.

Сонымен қатар, ертеден-ақ дана халқымыз баланың қол, саусақ қозғалысына ерекше мән берген. Қыздарын ісмерлікке баулыса, ұлдарын ұсталық, зергерлікке баулиды, ертедегі санамақтармыз, мазақтамаларымыз, саусақ ойындарымыз да оған куә. Ал нәрестелерді кішкентайынан сылап-сипап, буын-буындарын қозғалтып, бесікке бөлеген болатын.

Мидың қыртысы қаншалықты дамыса, соншалықты тіл де дамиды, және ақыл-ойы да соншалықты. Бұл концепция ғалымдардың қазіргі теориялар негізінде жатыр. Адам миының қыртысының тіл бөлігі қозғалыс бөлігімен көршілес орналасқан. Былайша айтқанда, оның бөлігі болып табылады. Алдыңғы мидың орталық иірімі − қозғалыс проекциясының бөлігі. Одан келетін бұйрықтар әр түрлі қозғалыстарға жауапты. Қолдың білезік бөлігі қозғалыс проекциясының үштен бір бөлігін алып жатыр, ал ол тіл, сөйлеу бөлігіне өте жақын орналасқан. Дәл осы қолдың білезік бөлігінің көлемі мен тіл, сөйлеу бөлігіне жақын орналасуы, ғалымдарды, ұсақ саусақ моторикасын жаттықтыру баланың тілінің дамуына зор ықпал ететініне алып келген. Электрофизиологиялық зерттеулер, тіл дамына жауапты бөлік саусақтардан тарайтын импульстердің әсерімен қалыптасады деп көрсетеді.

Көріп тұрғанымыздай, қолдың қызметі мен тілдің дамуы қатар жүреді. Міндетті түрде, бұл балалармен жұмыста қолданылуы қажет. Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.

Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуына келсек:

   Туғаннан екі жасқа дейін. Жармасу - бала заттарды ұстауға үйренеді, мақсатты түрде қимылдайды.

   Екіден төрт жасқа дейін. Дағдылар дами түседі, саусақтар белсенді қимылдайды. Қимылдарын басқара алады, жазықтықта бағдарлауы артады.

   Төрттен сегіз жасқа дейін. Меңгерген ұсақ саусақ моторикасының дағдыларын қолдануды үйренеді, қол, қолдың білезік бөлігі, саусақ қимылдары бағдарлы.

Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту − бастаулардың бастауы.

Ұсақ саусақ моторикасын дамытуды баланың нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн. Нәрестенің қолына саусақ жаттығуы – саусаққа арналған массаж жасаған тиімді. Сол арқылы ми қыртысымен байланысты биологиялық нүктелерге әсер етеміз.

«Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ ұштарынан бастау алады. Саусақтардан басталатын нәзік салалар − шығармашылық ойларды нәрлендіретін қайнар көз» В.А. Сухомлинский десе, «Қол – құралдардың құралы» Аристотель, ал «Қол адамның сыртқы миы іспеттес» И. Кант. Жоғарыдағы ғалымдардың айтқан сөздері осыған дәлел болмақ.

Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады.

Саусақ жаттығулары дегеніміз – қандайда бір ұйқасты оқиға, не ертегіні саусақтар арқылы ойнапшығару. Көптеген саусақ жаттығулары екі қолдың да қозғалысын талап етеді, ол өз кезегінде баланың «оң», «сол», «жоғары», «төмен» сияқты ұғымдарды түсінуіне көмегін тигізеді.

Бұл жаттығулардың баланың шығармашылығын дамытуда да маңызды. Егер бала қандайда бір «саусақ жаттығуын» меңгерсе, ол міндетті түрде басқа да тақпақтар мен әңгімелерге саусақ жаттығуларын ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейін балалар «саусақ жаттығуларын» бір қолмен орындағанда, жақсы қабылдайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!