Үшбұрыштар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үшбұрыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшбұрыштар тақырыбына арналған сабақ жоспары. Математика пәні мұғаліміне керек дайын ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Бөлім: 7.1 В Үшбұрыштар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 « »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.13 - үшбұрыштардың түрлерін ажырату;

7.1.1.14 - теңқабырғалы, теңбүйірлі, үшбұрыштардың элементтерін білу;



Сабақ мақсаттары

Үшбұрыш анықтамасын біледі және үшбұрыш түрлерін ажырата алады. Үшбұрыш түрлерінің ерекшеліктерін есептер шығаруда қолдана біледі.

Бағалау

критерийлері

Үшбұрыш анықтамасын біледі;

Үшбұрыш түлерін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Лексика және терминология

- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;

- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;

- үшбұрыштың элементтері;

- катет, гипотенуза;

- табаны, бүйір қабырғасы;

- қабырғалар арасындағы бұрыш;

- қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;

- қарсы жатқан бұрыш;

- бұрышқа іргелес жатқан катет, бұрышқа қарсы жатқан катет;


Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыстар

география

Бастапқы білім

Парралель түзулер, перпендикуляр түзулер, бұрыштар…

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.

Оқушы көңілін сабаққа аудару.




Сабақтың ортасы

30 минут



Топтық жұмыс. Сыныпты 3-топқа бөлу.

  • Оларға картоннан қиылған әр түрлі үшбұрыштар жиынтығын ұсыныңыз.

  • Үшбұрыштың түрі оның қабырғаларының ұзындығына (теңқабырғалы, теңбүйірлі, әрқабырғалы) және үшбұрыштың түрі оның бұрыштарының (сүйірбұрышты, тікбұрышты, доғалбұрышты) шамасына байланысты болатынына көңіл бөліңіз

Тақырыпты меңгерту

Осы тақырыпты оқу барысында үшбұрыш туралы білімдеріңді кеңейтіп,тереңдете түсесіңдер;үшбұрыштың барлық түрлерін үйреніп, анықтай алатын боласыңдар

Анықтама. Бір түзуде жатпайтын үш нүкте және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.





Бір нүктеде жатпайтын әртүрлі А,В,С нүктелері берілсін. АВ, ВС, СА кесінділерін жүргізсек, АВС үшбұрышы пайда болады. Үшбұрыш деген сөздің орнына “∆” белгісі қолданылады. Сонда “АВС үшбұрышы” деген сөз ∆АВС түрінде жазылады.

  • А,В,С нүктелері үшбұрыштың төбелері;

  • АВ, ВС, СА-қабырғалары;

  • ВАС-үшбұрыштың АС және АВ қабырғаларының арасындағы бұрышы, АСВ, СВА да бұрыштары деп аталады.

Үшбұрыштың бөлінуі. Үшбұрыш алты түрге, яғни қабырғаларының ұзындықтарына байланысты үш түрге және бұрыштарының шамаларына байланысты үш түрге бөлінеді

  • Егер үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, ол тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады.

Бұл тең қабырғалар үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп ,ал үшінші қабырғасы үшбұрыштың табаны деп аталады. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады.

  • Барлық қабырғалары тең болатын үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.

Тақырыпты пысықтау мақсатында жеке жұмыс орындату (оқулықпен жұмыс)

34.3; №34.4; №34.5; №34.5

Сабақты қорытындылау.





































































Оқулық 7сынып


Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы №34.6

үй жұмысына бағыт беру




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
589
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі