400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұшбұрыштар теңсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұшбұрыштар теңсіздігін білу және қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтақырыбы:

Үшбұрыш теңсіздігі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары

7.3.1.20үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;

7.3.3.1үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

1.Үшбұрыштың қабырғаларын және бұрыштарын салыстыра алады;

2. Үшбұрыш теңсіздігін біледі;

3. Үшбұрыш теңсіздігін есеп шығаруда қолдана алады;

4. Үш тілде терминдер және сөзтіркестерімен жұмыс жасай алады;

5. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерідамиды.

Бағалаукритерийлері


Оқушытөмендегікритерийлердіорындаса, оқумақсатына

жетеді

-Үшбұрыштың қабырғаларын және бұрыштарын салыстыра алады

- Үшбұрыш теңсіздігінің қасиеттері мен теоремаларын қолданып,

берілген есептерді шешеді


Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

үшбұрыштар түрлерінің айырмашылығын анықтайды және әрбірінің қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология :

Үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш,үшбұрыштардың теңдігінің белгілері,медиана, биссектриса, биіктіктің анықтамасы, үшбұрыш теңсіздігі.

Үш тілде терминдермен таныстыру


Қазақша

Орысша

English

1

Үшбұрыш

Треугольник

Triangle

2

Бұрыш

Угол

Angle

3

Ұзындық

Длина

length

4

Үшбұрыштың қабырғасы

Сторона треугольника

sideofthetriangle

5

Қарама қарсы

Напротив

opposite


Құндылықтардыдарыту


Құндылықтар:

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе топпен жұмыс істегенде қатысты, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысады.

Топпен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді

Пәнаралықбайланыстар

Қазақ тілі: Есептерді түсіндіру жолдарында сөйлемдерді байланыстыру, жалғауларды дұрыс жалғау, математикалық тілде сөйлеу


Сабақ барысы

Сабақтыңкезеңдері




Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары


Сабақтың басы

5мин

I кезең. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.

     Сұрақ жауап: Тізбек ойыны (Мұғалім кез келген оқушыға сұрақ қояды. Ол оқушы жауап бергеннен кейін келесі оқушыға өзінің сұрағын қояды. Осылайша тізбектей оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қойып шығады)
1.      Үшбұрыш дегеніміз не? Ж:
Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз.
2.      Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж:
үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары  әр түрлі болатын үшбұрыш.
3.      Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж:
үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш..
4.      Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш
теңбүйірлі  деп аталады.
5.      Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не? Ж:
Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады
6.      Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (
кіші, тең, үлкен) болады.

Таратпа


Сабақтың ортасы

6 мин

















































6 мин











 



































6 мин













































7 мин





















6 мин










































7 мин

















































II кезең. Жаңа сабақ

Теориялық бөлім


1 теорема. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкенқабырғасықарсы жатады.

1-сурет

АВС үшбұрышында АС қабырғасы АВ қабырғасынан үлкен болсын.

∠В > ∠С теңсіздігі орындалатынын дәлелдейік.

Ол үшін АС-ның бойына АВ-ға тең ADкесіндісін өлшеп саламыз.

2- сурет

AD=AB<AC болғандықтан, D нүктесі А және С нүктелерінің арасында жатады, яғни BD сәулесі В бұрышы қабырғалары арасы арқылы өтеді.

Сондықтан ∠1 В бұрышының бөлігі болып табылады және ∠1<∠В.

Ал ∠2 BDC үшбұрышының сыртқы бұрышыболғандықтан, ∠2=∠С+∠DBC теңдігі орындалады.∆ABD теңбүйірлі үшбұрыш болғандықтан, ∠1=∠2.Олай болса, ∠В>∠1=∠2>∠C теңсіздігі орындалады.

Керісінше, АВС үшбұрышында ∠В >∠С теңсіздігі орындалсын.

Онда АС>АВ теңсіздігі орындалатынын көрсетейік.Қарсы жорып, бұл теңсіздік орындалмайды делік.Онда не АС=АВ, не АС<АВ болуы керек.Егер АС=АВ болса, онда ∆АВС теңбүйірлі үшбұрыш болып, ∠В=∠С теңдігі орындалар еді, бұл ∠В<∠Стеңсіздігіне қарсы келеді.Егер АС<АВ болса, онда дәлелдегеніміз бойынша ∠В<∠С теңсіздігі орындалуы қажет, бұл да ∠В>∠С теңсіздігіне қарсы келеді.

Онда біздің қарсы жоруымыз қате, яғни АС>АВ теңсіздігі орындалады.

Теорема дәлелденді.

Тапсырма 1

1. АВС үшбұрышында: ∠А=1200, ∠В=400, ∠С=200. Ең үлкен қабырғаны, ең кіші қабырғаны атап көрсетіңдер.

Жауабы: ВС - ең үлкен қабырға, АВ – ең кіші қабырға. Себебі: үшбұрыштың үлкен бұрышына қарсы үлкен қабырға жатады, кіші бұрышына қарсы кіші қабырға жатады.

2. DKC үшбұрышында: DC=10 см, DK=4 см, KC=8 см. Үшбұрыштың ең үлкен және ең кіші бұрыштарын атап жазыңдар. Себебін жазып түсіндіріңдер.

Жауабы: үшбұрышта үлкен қабырғаға қарсы үлкен бұрыш жатады, кіші қабырғаға қарсы кіші бұрыш жатады. Сондықтан ең үлкен бұрыш K бұрышы, ең кіші бұрыш –C бұрышы болады.

Топтық жұмыс

Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары

1. а)Дәптеріңнен кез келген үш нүктені белгіле.

b)Оларды сызғышпен қос. Қандай фигура шықты?

с)Нүктелердің арасын сызғышпен өлшеп, үшбұрыш қабырғаларының шамасын жаз. Мысалы, АВ=5см, ВС=4 см, АС=7 см.

d) АС-ның ұзындығын қалған қабырғаларының ұзындықтарының қосындысымен салыстырыңдар: 7 см < 9 см.

e)Қорытынды жасаңдар, АС< BC+AВ болуға тиіс.

Кез келген үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан (үлкен, тең, кіші) болады.

Бір түзудің бойында жатпайтын кез келген үш нүкте үшін үшбұрыштар теңсіздігі тура болады

2.6см, 2см, 2см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. Үшбұрыш шығама? (тақтаға 3 оқушы шығады) – бұдан үшбұрыш

құрау мүмкін емес. ( үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу барысында оқушылар кез-келген үш кесінді көмегімен үшбұрыш тұрғызу әрқашан мүмкін бола бермейтінін тереңірек сезінеді).

9 см, 7см, 12см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. – бұл сызғыштардын үшбұрыш құрауға болады.

Осы мысалдар арқылы қандай қорытынды шығаруға болады?

AB < BC + АС, себебі 9 см < 7 см + 12 см
ВС < АВ + АС, себебі 7 см < 9 см + 12 см

Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.




Практикалық бөлім

Жұппен жұмыс/– 6 минут/Қосымша №2

Мақсат:Үшбұрыш теңсіздігінің теоремасын қолданып, есептер шешу

Қорытындылау, жұмысты бағалау, өзін-өзі тексеру.

Тапсырма2.Берілген сандар үшбұрыш қабырғалары бола алама?


Тапсырма 3

1. Қабырғалары 3 см және 4 см болатын үшбұрыштың үшінші қабырғасы n, мұндағы nЄN. n-нің мүмкін мәндері қандай? 

Ж: n<3+4, n<7. n=1,2,3,4,5,6

2.Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:5-ке тең болуы мүмкін бе?

Ж: жоқ, себебі 5<2+3 теңсіздігі орындалмайды.

Кез келген үш кесінді көмегімен үшбұрыш тұрғызуға бола ма?

Ж: болмайды.
Қандайшарттыескерукерек?Ж:
үшбұрыштар теңсіздігін

3.Екі қабырғасының ұзындығы: 1) 2 см және 5 см, 2) 21 см және 9 см, 3) 6 дм және 3 дм болатын тең бүйірлі үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңдар. Ж:1)5 см, 2) 21 см, 3) 6 дм.

4. Қабырғалары: 1) 2см, 3см, 5см; 2) 2,1дм, 2дм және 4дм болатын үшбұрыш табыла ма?

5. АВС үшбұрышында AB=4см, ВС=5см, АС=6см. А, В және С бұрыштарын салыстырыңдар.

6. Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 20см, ал екіншісі 10см. Бұлардың қайсысы үшбұрыштың табаны болуы мүмкін?

Топпен жұмыс. (Оқушылар топтасып деңгейлік тапсырмаларды орындайды)

 Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар. Қосымша №3

1 деңгей
Дұрыс жауапты «+», қате жауапты «-» таңбасымен белгіле:

1.Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады. Жауабы: +

2.Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болады. Жауабы: –

3.Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан үлкен болады. Жауабы: –

4.Егер АВ=10 см, ВС=3 см, АС=8 см болса, онда  А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: +

5.Егер АВ=11 см, ВС=2 см, АС=9 см болса, онда  А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: –

1.Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 3 см болса, онда оның табаны 7 см-ге тең болуы мүмкін бе? Жауабы:мүмкін емес.

2.Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:4-ке тең болуы мүмкін бе?

Жауабы: мүмкін. Себебі үшбұрыштар теңсіздігі орындалады.

ІІ деңгей

1.Екі қабырғасының ұзындығы 3 см және 7 см болатын тең бүйірлі үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап. Жауабы: 3 см

Тең бүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 10 см, ал екіншісі 5 см. Бұлардың қайсысы үшбұрыштың табаны болуы мүмкін?  Жауабы: 5 см

 2.D нүктесі АВС үшбұрышының АС қабырғасында жатыр және ∠C=108°, BD=4,3см, AB<6см. Егер АВ қабырғасының ұзындығы бүтін санмен өрнектелетіні белгілі болса, онда АВ-ның ұзындығын табыңдар.

ІІІ-деңгей

1.Үшбұрыштың биіктігі осы төбеден жүргізілген медианасынан үлкен болмайтынын дәлелдеңдер.

2.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 24 cм, екі қабырғасының айырмасы  3 см, ал бір төбесіндегі сыртқы бұрышы сүйір. Үшбұрыш қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 7 см, 7 см, 10  см


Өзіндік жұмыс. Қалыптастырушы бағалау


Өзіндік жұмысты толығымен аяқтаған оқушыларға берілетін тест тапсырмалары.

Жекеше жүмыс/

Мақсат: Оқушылардың түсінуі мен пайдалануы тексеріледі

Тест тапсырмалары:

1. АВС үшбұрышының периметрі 15 см. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 2 см үлкен, ал АВ қабырғасы АС-дан 1 см кіші. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңыз.

А) 5 см, 7 см, 3 см

В) 4 см, 5 см, 6 см

С) 5 см, 8 см, 2 см

Д) 8 см, 4 см, 6 см.

2. Төменде көрсетілген сандардың ішінен үшбұрыштың қабырғалары бола алмайтынын таңдаңыз.

1. 10см; 15см; 2 см.

2. 4 см; 7 см; 8 см.

3. 1 м; 2 м; 3,3 м.

4. 3 см, 4 см, 5 см.

А) 2; 3; 4

В) 2; 4

С) 1; 4; 3

Д) 1; 3.

3. Барлық бұрыштары 600-қа тең болатын үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 15 см.Үшбұрыштың периметрін табыңыз.

А) 35 см

В) 45 см

С) 48 см

Д) 55 см.

4. Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы 5 см және 6 см. Үшінші қабырғасын табыңыз.

А) 5 см немесе 6 см

В) 5 см

С) 5 см немесе 10 см

Д) 6 см.

5. Егер үшбұрыш қабырғалары 4 және 9 болса, үшінші қабырғаның үлкен бүтін мәні қандай болатынын табыңыз.

А) 13 см

В) 9 см

С) 12 см

Д) 14 см

6. АВС үшбұрышының АВ қабырғасы 5 см, ВС қабырғасы АВ қабырғасынан екі есе үлкен, ал АС қабырғасы ВС қабырғасынан 2 см кіші. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.

А) 23 см

В) 13 см

С) 25 см

Д) 12 см



Жұмыс парақшалары

Сызғыш, өшіргіш, қарындаш, маркер




Таратпа қағаздар






























































































Қосымша №2









































































Қосымша №3

















































Қосымша №4



Қосымша №5










































Сабақтың соңы

Сабақтың

соңы

2 минут

Үйге тапсырма. Теорема жаттау, тест тапсырмаларын аяқтау

Рефлексия/ – 2 минут/ стикерлер

Стратегия «Жетістік ағашы»



стикер


Қосымша ақпарат


Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сілтемелер

Денсаулық жағдайын тексеру

АТ құндылықтар

Бейнелеу

Сабақ міндеттері/ Оқыту


Төмендегі бос орынды Сіздің сабағыңызды бағалау үшін пайдаланыңыз.

Сол жақтағы кестедегі Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.












Қорытынды бағалау

Қандай екі мезет бәрінен де ұнады (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:



2:


Қандай екі мезет сабақты жақсартар еді (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:



2:


Мен сабақтан топпен келесі сабақта менімен болатын жекелеген оқушылар туралы не білдім


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
3236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі