|
Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаттары:
|
7.1.1.18 үшбұрыштың сыртқы
бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы
теореманы дәлелдеу;
7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы
бұрышы туралы теореманы қолдану;
|
|
Құндылыққа
баулу
|
Құндылықтар: Жасампаздық
және Жаңашылдық
Жасампаздық:
оқушылар тапсырмаларды орындау барысында шығармашылық көзқарас
танытып, өз идеяларын ұсынады, жаңа шешімдер іздейді және
мәселелерді түрлі тәсілмен шешуге
тырысады.
Жаңашылдық:
оқушылар жаңа технологиялар мен тәсілдерді қолдана отырып, заманауи
әдістерді меңгереді, өзгерістерге ашық болып, білім алуда жаңашыл
ойлау мәдениетін дамытады.
|
|
Ұйымдас-
тыру
кезеңі
5мин
|
Ж ұмыс
түрі: топтық Әдіс: «Сөйлемді жалғастыр»
айдары.
оқушылардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауына жағдай жасап,
жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруды ұйымдастырады. Арнайы
ұяшықтар арқылы оқушылар құндылықтарды даралап
көрсетеді.
-сабақтың мақсатымен
таныстыр
|
Жасанды интеллект көмекшісін
тыңдап, құндылықтарға қатысты сөйлемдерді
жалғастырады.
Жасампаздық және
Жаңашылдық
–
Жаңа ой
тапқанда мен … сезінемін.
– Болашақта мен ойлап табатын зат – …
– Жаңашыл адам әрқашан …
– Жаңа идеяны жүзеге асыру үшін ….
|
Жасанды
көмекші арқылы оқушылар өздерін «Шапалақ» әдісі арқылы
бағалау
|
Google AI studio Veo 3 жасанды
интеллектісі арқылы жасалынған
бейнеролик
|
|
Сабақтың
басы
10
минут
|
Оқушыларға жаңа тақырыпты
түсіндіреді
1. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз
не?
Үшбұрыштың бір қабырғасын
ұзартсақ, пайда болатын бұрыш — сыртқы бұрыш деп
аталады.

2. Сыртқы бұрыш
теоремасы
Үшбұрыштың сыртқы
бұрышы оған іргелес емес екі ішкі бұрыштың қосындысына
тең.
Мысалы:
Егер сыртқы бұрыш – D, ал оған қарсы жатқан екі ішкі бұрыш – A және
B болса:
D = A + B
3. Бұл теореманың
мағынасы
Сыртқы бұрыш әрқашан
үшбұрыштағы ең үлкен бұрышқа тең немесе одан үлкен
болады. Бұрыштарды табуда өте тиімді
қолданылады.
|
Оқушылар тақтаға және
презентацияға қарап, мысалдарды түсінеді, түсініксіз тұстары болса
мұғалімге сұрақтар қояды
|
Мактау мадақтау арқылы
бағалау:
Жарайсың!
Өте
жақсы!
Жақсы!
Керемет!
|
Тақта;
Слайд;
|
|
Сабақтың
ортасы
25минут
|
Бекіту тапсырмаларын береді;
түсіндіреді
A деңгей
(жеңіл)
Есеп
1:
Үшбұрыштың сыртқы
бұрышы 110°.
Оған іргелес емес ішкі бұрыштардың бірі 40°. Екінші
ішкі бұрышты тап.
B деңгей (орта)
Есеп 2:
Үшбұрыштың бір ішкі бұрышы 50°,
ал сыртқы бұрышы 130°.
Осы сыртқы бұрышқа іргелес емес екінші ішкі бұрышты
тап.
C деңгей (күрделі)
Есеп 3:
Үшбұрыштың бұрыштары келесідей
берілген:
x
мәнін және барлық бұрыштарды тап.
|
Дескрипторлар:
Екі бұрыштың қосындысы
қолданылатынын анықтайды.
Есептеуді дұрыс жүргізіп, ішкі
бұрышты табады.
Шешуі:
110° = 40° + x
x = 70°
Дескрипторлар:
-Берілген ішкі бұрыш пен
сыртқы бұрышты байланыстырады.
Теорема бойынша теңдеуді дұрыс
құрады.
Шешуі:
130° = 50° + x
x = 80°
Дескрипторлар.
Сыртқы бұрыш теоремасын
өрнектермен қолдана алады.
x айнымалысын табу үшін теңдеу
жасайды.
x мәнін табады және бұрыштарды
дұрыс есептейді
Шешуі:
5x – 15 =
(2x + 5) + (x + 10)
5x – 15 = 3x + 15
2x = 30 → x = 15
Бұрыштар:
Сыртқы
бұрыш: 5(15) – 15 = 60°
Ішкі
бұрыштар: 2(15) + 5 = 35°, x + 10 = 25°
|
ҚБ:Оқушылар дайын жауаппен,
жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп
бағалайды
|
Слайд
Тақта
Бор
Кітап
Дәптер
|