400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: «Тұрмыс-1» ЖОМ

Күні: 23.10.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Болтай Нұрдаулет

Сынып:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін білу.


Сабақтың мақсаты

Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін біледі және есеп шығару барысында оларды қолдана алады..

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Медиананың қасиеттерін біледі және қолдана алады;

  • Биссектрисаның қасиеттерін біледі және қолдана алады;

  • Биіктіктің қасиеттерін біледі және қолдана алады;

  • Ортасызықтың қасиеттерін біледі және қолдана алады;

  • Ортаперпендикулярдың қасиеттерін біледі және қолдана алады;

Тілдік мақсаты

  • үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың анықтамаларын ауызша беру;

  • үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың анықтамаларын жазу;

- үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін қолданып шығарылатын есептерді түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту


Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пән аралық байланыс

Өмірде қолдана білу

АКТ ны қолдану

Интербелсенді тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

Үшбұрыш. Үшбұрыш ортасызығы.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы

3мин

Жағымды атмосфералық ахуалды қалыптастыру. Мұғалім оқушылардан өздеріне ұнайтын төрт үшбұрыштың біреуін таңдауды сұрайды. Оқушылар өз таңдауларын жасағаннан кейін, таңдалған фигураларда жазылған адамдарға берілген

сипаттамаларды оқиды.


Проблемалық сұрақ қою

5 мин

Үшбұрыш элементтерін еске түсіреміз (төбелері, қабырғасы)

Үшбұрышта тағыда қандай кесінділерді білесіздер?

Оқушылар келесі кесінділерді еске алады:

медиана, биіктік, биссектриса

  • Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.

-Үшбұрыш биссектрисасы— бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді.

-Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарам-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген  перпендикуляр.

Үшбұрыштың тамаша нүктелері туралы не білесіздер?

Үшбұрыштың неше тамаша нүктелері бар?

Үшбұрыштың тамаша нүктелерін қалай табуға болады?

Сабақтың мақсатына жету және тақырыпты ашу.


Жаңа материалды меңгеру

15 минут

Практикалық жұмыс. Тапсырма топпен орындалады, мұғалім көмекті қажет етеін оқушыға қолдау көрсетеді

1 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.

АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады. Медианалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

2 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.

АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.

Биссектрисалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.



3 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.

АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.

Биіктіктердің дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

4 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр  (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортсы арқылы өтетін түзу;

Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.

Орта перпендикулярлардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.



Үш тілді оқыту 2мин

Бұрыш

Угол

Angle

Үшбұрыш

Треугольник

Triangle

Төбе

Вершина

Vertex

Қабырға

Сторона

Since

Биссектриса

Биссектриса

Bisector

Медиана

Медиана

Median

Биіктік

Высота

Altitude

Бөлу

Делить

Divid

Перпендикуляр

Перпендикуляр

Perpendicular




Жұптық жұмыс

10 мин


1) DEF үшбұрышында, EM медиана. DE=11,4 см, MF=4,6см. DEF үшбұрышының периметрі 27 см болса, EF-ті табыңыз

Жауабы: 6,4

2) Табаны DF болатын DEF теңбүйірлі үшбұрышы берілген. Егер EMF үшбұрышының периметрі 65см, ал DEF үшбұрышының периметрі 100см болса, ЕМ медианасын табыңыз.

Жауабы: 15см


Кезеңнің рефлексиясы :

  • Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?

  • Қосымша түсініктемелерге қатысты сұрақтарыңыз бар ма?


Reflection

5 мин


  • Мен бүгін мынаны білдім…

  • Мен мынаны байқадым…

  • Маған мыналар қызық болды…

  • Мен мыналарды тағыда тыңдағым келеді…

  • Тапсырманы орындауда маған мыналар көмектесті…

  • Мені мыналар таң қалдырды…

Менің мыналарға қызығушылығым оянды…


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жеке қолдау көрсетіп, нақты көмектескен оқушының нәтижесінен дифференциация.

Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар жетістік критерийі арқылы бағаланады.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі