Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұшқан ұя. Б.Момышұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға маңызды жаңа ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұшқан ұя. Б.Момышұлы

Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі(1974) - халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.

Қысқаша мазмұны

«Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі,жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы ,әлемнің пайда болуы,тірлік,өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі Имаш-Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.

  • Қызтумас –әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.

  • Момыналы –Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.

  • Рәзия –Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.

  • Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.

  • Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.

  • Үбіш –Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.

  • Серкебай –әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.

  • Қожамқұл –ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.

  • Орманқұл –Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.

Повестегі тарихи оқиғалар

  • 1916 жылы – ұлт азаттық көтеріліс жылы

  • 1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы","ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады.Жаңаша жер бөліс орнады.Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады.Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.12.2018
4188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі