400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұшқан ұя» повесіндегі образдар жүйесі. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұшқан ұя» повесіндегі образдар жүйесі атты сабақ жоспары 8-сыныпқа арналған. Мұғалімдерге көмекші құрал болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Махаббат пен абырой

Мектеп: Мұғалім:

Сынып: 8

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

«Ұшқан ұя» повесіндегі образдар жүйесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар: көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу, автор бейнесін анықтау.

Көпшілігі: Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдау, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Кейбір оқушылар: Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты өз пікірін білдіреді, кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

2.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

3. Қызығушылықты ояту.

«Фамилиясы жоқ ұлы қазақ» мәтінінен үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні оқып, қарамен берілген сөздердің астарлы мағынасын талдайды.

Жазушы А. Бек Баукең атамызбен алғаш қалай танысқаны туралы осы кітаптың «Фамилиясы жоқ адам» (Человек, у которого нет фамилий) атты I бөлімде: «Танысқан кезінде ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте алмай, қайта сұрадым.

- Бауыржан Момышұлы, – деді ол тәптіштеп. Кәдімгі тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:

- Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.

- Менің фамилиям жоқ, – деді ол. Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:

- Атым - Бауыржан. Әкем - Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе?-деді.

Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді. Кейін, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым».

Үзінді арқылы сабақ тақырыбы анықталып, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Оқушылар үзіндіні оқып, қарамен берілген сөздердің астарлы мағынасын талдайды.





Үзінді арқылы сабақ тақырыбын анықтайды











ҚБ




8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы







Сабақтың ортасы

Мағынаны тану. 1-тапсырма.

1-қадам: Оқушылар романдағы автор бейнесі туралы ойларымен топ ішінде бөліседі: автор оқиғаны нешінші жақта баяндап отыр, оның белгілі бір кейіпкерге деген көзқарасы қандай, оны қалай анықтауға болады т.т.

2-қадам: Өзара талқылаудан соң топ спикерінің жауабы мына үлгіде болады:

  • Біздің ойымызша, романдағы автор бейнесі ...

  • Ойымызды былай дәлелдейміз:

1-аргумент -

2-аргумент -

3-аргумент –

  • Топтың ойын дәлелдей отырып мынадай қорытынды жасағым келеді: ...

Дескриптор

  • үзінді мазмұнын талқылайды;

  • сабақ тақырыбымен байланыстырады;

  • автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне мысалдар келтіре алады;

  • талдау, тұжырым жасай алады.

ҚБ

2-тапсырма. Жеке жұмыс

Әңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портретін жинақтаңыз. Кейіпкердің әңгімедегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты қорытынды жасаңыз.


Кейіпкер

Әңгімедегі портреті

Кейіпкердің ең маңызды үш әрекеті

Өз көзқарасым





Дескриптор:

  • кейіпкердің портреттік бейнелерін тауып жазады.

  • кейіпкердің ең маңызды үш әрекетін анықтайды.

  • анықталған ақпараттар негізінде кейіпкер туралы ой қорытындысын екі сөйлеммен жеткізеді.

ҚБ

3-тапсырма Кейіпкер портреті

Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.

Кейіпкер

Тура мінездеу


Жанама мінездеу





Дескриптор:

  • Кейіпкерді анықтайды;

  • Кейіпкерге тура мінездеу жасайды;

  • Кейіпкерге жанама мінездеу жасайды.

ҚБ: «Бас бармақ» әдіс

4-тапсырма «Пирамидалық талқылау» әдісі


Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.

Дескриптор:

  • Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады;

  • ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазады.

ҚБ: Шапалақ

Оқушылар романдағы автор бейнесі туралы ойларымен топ ішінде бөліседі.















Оқушылар әңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портретін жинақтайды.









Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.











Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.














ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап








ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап


ҚБ





ҚБ

Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»



https://bilimland

kz/kk#lesson=8077

Сабақтың соңы

Хабарлама «Facebook»

Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама (SMS) жазады:

стикерге жазып, тақтаға әкеліп іледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11.12.2024
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі