400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Ұшқан ұя" шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті сабағынан қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 59

Мектеп: Х.Наубетов атындағы орта мектеп

Мұғалімі: Кисамиева У

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні: 03.02.2020

Сынып: 8 Т1

8 «ә» жалпы сыныптағы оқушы саны: 21

сабаққа қатысқан оқушы саны -

сабаққа қатыспаған оқушы саны -

Бөлім атауы:

3-бөлім: «Махаббат және абырой»


Сабақтың тақырыбы:

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)


8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадағы үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өз көзқарасын білдіруде қосымша ақпараттардан да дәлел келтіре алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан өңдеп, жан жақты ізденіп, өмірмен байланыстыра жазады.

Бағалау критерийлері:

1.Көркем шығарманы біледі

2.Өз көзқарасын білдіреді..

3.Үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеуде қолдана алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Көркем шығарманы біледі, өз көзқарасын білдіріп, шығарманың үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеудеорынды қолдана алады.

Тілдік дағды:

Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: әке, баба, әже, бауыр, туыс, бата, салт – дәстүр.

Диалог құруға /шығарма, өлең жазуға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Б.Момышұлын қай қырынан таныдыңыздар?

- «Ұя» сөзінің мағынасы қандай?

- «Баталы ер арымас» деген бабалар сөзінде қандай мағына бар?

- Әже тәрбиесі - өмірлік тәрбие» ұғымына келісесіздер ме? Неліктен?

- Шығармада қазақ халқының қандай салт дәстүрлері айтылған?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» 6- құндылығы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» ұлт тарихына деген құрмет, адамгершілік құндылығына баулу

Балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, оқушылар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, түрлі көзқарасты талдай отырып, қоғамдағы өз орнын таба алатын жеке тұлға тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс:

Жеке өмірінде және қоғамда мейірімділік пен сүйіспеншіліктің маңызы шынайы болу керек екенін меңгерту үшін өзін-өзі тану пәнін байланыстыру.

Алдыңғы оқу:

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романының мазмұнын, әже мен немере, әке мен бала, бауырлар арасындағы мейірімділік пен сүйіспеншілікті біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі



Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес. (Өнеге)



Ағаштан ағаш сәнін алады,

Адамнан адам тәлім алады. (Тәлім)



Ана сүтімен бітпеген қасиет

Тана сүтімен сіңбейді. (Қасиет)

  • Сабақтың мақсатын оқушыларға таныстыру.

- Үй тапсырмасын сұрау «Зымыраған сұрақ» әдісі

1.Момышты анасы Қызтумас қалай атайтын еді? Неліктен ? ( Тарамыс)

2. Б.Момышұлы кім ? Сол туралы пікіріңізді ортаға салсаңыз.

( екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені)
3. Бауыржан Момышұлының қандай шығармаларын білесіз ? Атап өтсеңіз. ( «Ұшқан ұя» , «Генерал Панфилов» , «Официр жазбалары», «Куба әсерлері» т.б )

4. Жазушыға «Ұшқан ұя» романы үшін қандай сыйлықтың лауреаты атанды ?

( Мемлекеттік сыйлықтың )

5. «Ұшқан ұя» романы қай кезеңдегі қазақ ауылын суреттейтіндігін айтыңыз. (ХХ ғасырдың бас кезі)


Сыныпты үш топқа бөлу

1-топ «Өнеге» тобы

2-топ «Тәлім» тобы


3-топ «Қасиет» тобы






Сабақтың ортасы

28 мин
































ІІ. Толық сынып жұмысы. Тыңдалым/айтылым/жазылым/оқылым

1- тапсырма

«Дербес пікір» әдісі бойынша шығарма үзінділерін оқи отырып, өз пікірлерін дәлелдейді, айғақтайтын мысал келтіреді, қарсы дәлел, қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал, қорытынды айтады.

1-топ: Берілген үзінді:

Тағы бір жай ойыма оралады...Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып, баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: « Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда» деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкум, аталар!» деп әр сөзді қадап қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әрине мені араз етіп алмау үшін, бәрі де бір ауыздан: «әлейкум салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді» дейтін.

Дескриптор Білім алушы

  • өз пікірін дәлелдейді;

  • айғақтайтын мысал келтіреді;

2-топ:

Мәтіннен Текебай мен Қабылбектің бірінен бірі кешірім сұрау кезін табу.

Дескриптор Білім алушы

  • шығарманың құндылығын түсінеді;

  • талқылау сұрақтарына жауап береді.

3-топ: Берілген үзінді:

Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті.

Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп, қорқып қалады. Ақыры бәрі Байтоқтыны жұлмалай, «не боп қалды,айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана Байтоқ:

  • Жеңешем ұл тапты, - депті

Үрейден үрпиіскен жұрт енді мәз мәйрам болып, қуаныштары қойындарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырыпты!

Әулиеатадан әкем қайтып келгенде ағайын жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен.

- О,Момыш, балаңның бауы берік болсын!

-Ақментей бабасындай батыр болсын!

-Ақмоладағы Батырбасыдай мәрт болсын!

-Бәйдібек батырдың әруағы қолдасын!

-Домалақ анамыз жар болсын!- десіпті.

Сөйтіп шілдехана тойға ұласыпты.

Жарық дүниеге келгеніме екі үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.

Атасының қолын ұзартып, қолқабыс беруге келді депті шешем ізетпен иіліп.

Атам еміреніп, мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:

Құрық деп берсем, құл болма,

Шыбық деп берсем, шіл болма.

Бәрінен де, шырағым,

Баяны жоқ ұл болма, - деп келініне мені қайтарып берген екен.

Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты.

Берілген тірек сөздер:

Төл немерең - бел немерең,

Жас бұтақ.

Дескриптор Білім алушы

  • шығармашылдығын танытады.

  • өз ойын еркін айтады.

ҚБ: Оқушылардың жауаптарын «Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс-ақ!» немесе «Жақсы, дегенмен тағы да бір анықтап қарап жіберші», «Бүгін кешегіден де белсенді болдың» тәрізді ауызша және жазбаша ұсыныс айтып, ынталандырып, қолдап отырамын.

Объект 2


Білім алушылар «Табыс сатысы» топты бағалап отырады.

2-тапсырма «Кроссенс» әдісі арқылы шығарманың мазмұнын талқылау.

Дескриптор Білім алушы

  • берілген суретті орынды пайдаланады;

  • сурет бойынша пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салады;

ҚБ: жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды қолдап отырамын және оқушылар бір-бірінің жауабын

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

1-топ: Бос орындарға қажетті сөздерді жылжытып апарып қойыңыз.

Құрық деп берсем –  ................ болма, 
Шыбық деп берсем –  ................болма, 
Бәрінен де, шырағым, 
Баяны жоқ  ....................болма! 
Қажетті сөздер: көл, төл, шіл ,құл, тұл, өр , шөл, пұл, ел ,піл, ұл

2-топ: Сәйкестендіру

Сөйлемдердің сәйкес жалғасын тауып, Бауыржан туылған кезде Имаш бабасының берген батасын қалпына келтіріңіз.

Е лімнің тілегі зор еді - Сыңары болсын, құлыным.

А латаудың қыраны мол еді - Бұлағы болсын ,құлыным.

А та тілегі оң еді - Шырағы болсын ,құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді - Қырағы болсын , құлыным.

Қойнауы суға мол еді - Құмары болсын , құлыным.

3-топ: «Ұшқан ұя» сөзіне кластер құрастырыңыз.


Балалық шақ естеліктері


ә

Ұшқан ұя


же құшағы салт-дәстүр




этнографиялық қазақ руханиятының

энциклопедия қазынасы










Б.Момышұлы шығармалары


























Үлестірме

қағаздар


Сабақтың соңы


7 мин









Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін стикерге жазып, кестені толтырады.






Стикерлер

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Оқушыларға шығарма үзінділерін беріп, өз пікірлерін дәлелдейді, айғақтайтын мысал келтіреді, қарсы дәлел, қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал, қорытынды жазады. Сараланған

тапсырмалар бердім.

«Ой күмбезі» әдісі арқылы диалог, өлең, әңгіме тапсырмаларын орындаттым.

Әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушы қажеттілігі мен қызығушылығына қарай тапсырмаларды саралап беремін және орындау барысында қолдау көрсетемін.

  • «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалауы;

  • Оқушыларды қолдау, ұсыныс айту, пікір жазу;

  • «Менің сабақтан кейінгі әсерім» арқылы кері байланыс.

  • Білім критерийлеріне сәйкес дайындалған дескрипторлар бойынша тексердім.


Мадақтау сөздерін әр баланың тұсына барып жаздым.

Мадақтау сөздері арқылы оқушы жауаптарын бағалап, әңгіме, өлең жазуда оқушылардың жауаптарын ауызша және жазбаша ұсыныс айтып, ынталандырып, қолдап отырдым..


Өзін- өзі тану пәні байланыстырдым.

Өмір қауіпсіздігі ережелері басшылыққа алынады. Тапсырмалар кейіпкер бойындағы жақсы қасиеттерден сабақ алу, өзіне және айналадағы адамдарға құрмет, ұлттық және адами құндылықтарға құрмет көрсете білуге тәрбиелеуге бағытталады. Сабақ барысында оқушылардың денсаулығын басты назарда ұстап, ширату жаттығуларын жасаттым.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі