400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаз туралы шағын эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз-ұлылықтың,адалдықтың символы


Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

А.Құнанбаев

Өмірдің өзі де ұстаз.Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым,махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз.Ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Шәкірт тәрбиелеу,оны биікке жетелеу,қанаттандыру,жаны мен тәнін,болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Мен ұстазбын.Осы бір киелі де, қасиетті мамандықтың иесі болу менің бала күнгі арманым болатын.Мектеп табалдырығын аттағаннан ақ өміріміздің жар бөлшегі ұстаз деген адаммен байланысты болды.Алғашқы мектепке келген кезде қолыма қалам алып, әріп үйретіп, хат танытқан ұлы ұстаздардың еңбегін ешқандай теңеуге теңей алмаймын.Анамнан кейінгі жанашыр досым ол-ұстазым болатын.Мұңайсам жұбататын, қуансам бірге күлетін жан ол –ұстазым еді.

Иә, менде осы мейірбан, жанашыр, тілекшіл, қамқор,еңбекқор жандардан тәлім алып сол кісілердей болуға, арманыма қанат бітірдім. Міне, сол арманым да орындалып, еңбек жолымды ұстаздықпен өрбітіп жатырған жайым бар.Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген дана сөздің астарын мен осынау мамандығыма қол жеткізген кезде түсіндім.Алғашқы оқу орнын Қызылорда Мәншүк Маметова атындағы педагогикалық колледжден бастап, Қызылорда Гуманитарлық университетінің түлегі болып, еңбек жолымды Төретам кентіндегі №80 орта мектептен бастадым.Алғашында мен оқу бітірген ұстазбын, ендігі қызметімді өзім алып кетемін деген ойымның қате екенін, жұмысқа орналасқаннан кейін білдім.Бұл жерде де мектепке үйренісу, оқушылармен тіл табысу ол да өз алдына бір практика екенін ұғындым.Өзім ұстаз бола жүріп мектепте өзіме ұстаз қылып алған әріптес апайларым, ағайларым болды.Мен сол кісілердің ақылын, тәжірибесін ала отырып, осынау ұстаз деген мамандыққа білек түре кірісіп кеттім.Алғашқы сынып, алғашқы оқушыларым бәрі көз алдымда.Менде олардың алдында жас маман болып, шаттанып күле қарап тұрдым.Себебі, бала бағбаны болу ол да баламен бала болу керек екенін түсініп тұрдым.Сонымен ұстаздық еңбек жолым басталып кетті.Баланың тілін бала болсаң ғана түсінесің демекші оқушылармен етене жақын араласып кеттім.Мұғалім- өз сабағының режиссері, яғни, әр мұғалім өзіне тиімді оқу әдістерін өз еркінше пайдалана алады.Алғашқы тәжірибемді жоспарлы сабақтан бөлек кітапханаға барып кітап оқумен және көріністік қойылым қоюға, мәнерлеп оқуға шақырдым. Рас, қазіргі қоғамда интернет дамыған заманда балаларға кітап оқыту кенжелеп қалғаны жасырын емес.Бірақ кітаптан ізденген сценарийлер өз дәрежесінен де биік, қызықты шығатынын оқушыларым жақсы ұққандықтан кітапханамен жұмыс жасау бізге қызықты болды.Мектебіміздің киелі сахнасында өздерін ұлы Абай, Шәкәрім,Мұқағали,Зере сынды тұлғалардай сезініп, сомдап, аудандық, облыстық байқауларға қатысып мектебіміздің мерейін үстем еткен оқушыларым болды. «Жаман» мұғалім өзі айтып береді, ал «жақсы» мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді деген сөзді өзіме ұстаным етіп келемін.Шынайы білім- іске асырылған білім.Оқушы мектепте алған теориялық білімді практикада қолдана алса ғана шынайы білімді болмақ.Біз осыған дағдыландырып оқытуымыз қажет.Қайсыбір ұстаным маңызды, екіншісі онша маңызды емес деп бөліп айта алмаймыз.Әр ұстанымның өз маңызы бар.Сонымен бірге мұғалім оқушыға жүрек жылуын бермесе, оқушы оны бағаламайтынын да ескерген жөн.

Қиын да болса қызықты, ауыр да болса жеңіл мамандық иесі болғаныма қуанамын.Мен өз мамандығымның иегері болғаныма, мың алғыс айтамын. «Ақырын жүріп, анық бас,еңбегің кетпес далаға,ұстаздық қылған жалықпас,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтпақшы, ұстаз болу арманым еді, сол арманыма жетіп бала бағбаны болып қызмет атқарып жатырмын. Ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кеті

Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегімбаева Айгерім

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі