Облыс , аудан : Ақтөбе облысы ,Ақтөбе
қаласы
Білім беру ұйымы : № 52
негізгі мектеп
Байқау атауы : «Қалдырған ізің мәңгілік» интернет
байқ
Автордың
аты –жөні,жасы :Зинолла Жанерке, 10
жаста
Жетекшінің аты -жөні : Кенжешева Аққаным
Алиевна
Жетекшінің қызметі және жұмыс
орны : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, № 52
мектеп
Байланыс мәліметтер
:akkanym.kenzhesheva@mail.ru
87024068467
Ұстаз- ардақты
есім
Ұстаз!
Осынау
сөзде
қаншама
мән-мағына
жатыр
десеңізші!
Ол
–
Ұстаз!
Алғаш
"Әліппенің”
бетін
ашып,
әріп
танытқан,
өмірдің
қыр-сырын
білуге,
сан
қилы
құбылыстарды
терең
түсінуге
мұрындық
болып,
жан
дүниеңе
нұрлы
шуақ
түсіріп,
адамгершілікке
баулыған
мұғалімнің
бейнесі
көңіл
төрінен
орын
алады
ғой.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі –
ұстаздық. «Мұғалім мамандығы – барлық
мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан
тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген
тәрбие әрбір жанның өміріне жол
сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі
ғалым да, ел қорғаған батыр да,
тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан
жұмысшы да, егін салған диқан да, мал
бағып терін төккен шопан да,
көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де
бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.
Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам
баласы құрметпен бас иеді.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды
аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо
айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен.
Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп,
ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару -
екінің бірінің қолынан келе де бермейді.
Ұстаз болу –
жүрек жылуын,
мейірім шуағын,
адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Ұстаз болу –
шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау.
Ұстаз болу –
жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері,
ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім –
мектептің жаны»
деп бағалаған.
Осыдан-ақ,
ұстаз деген –
ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады.
Себебі,
ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады
Ал «Адамның адамшылығы - жақсы
ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі
оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп,
тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп,
болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Ұрпақ болашағы,
халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Тәуелсіз ел атанып,
төбемізге ту тігіп,
тіліміздің мәртебесі артып,
әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың,
елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде.
Осы егеменді,
тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек,
мектептің басты тұлғасы,
жүрегі-мұғалім.
Қай
заманда болсын,
ұстаздарға құрмет жоғары болған.
Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ,
ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр.
«Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді»
(әл-Фараби)
жандарға ілтипат таныту –
адамгершілігіңнің
ілгері басуының бір қадамы.
Өйткені,
ұстазға құрмет көрсету –
білімге құрмет көрсету.
Білімді құрметтемеген,
ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы,
қол жеткізсе де,
тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған.
Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап,
әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім.
Айталық,
Ескендір Зұлқарнайын -
Аристотельді,
Абылай хан -
Төле биді,
Шәкәрім -
Абайды,
Бердақ -
Күнқожаны,
Жамбыл -
Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
дегендей,
олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген.
Мәселен,
Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін.
Әкемнен өмірді алсам,
Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым»
деп еске алатын болған екен.
Сондықтан да,
ұстазды сыйлау –
өмірдегі бір борышың.
Ұстазға құрмет –
адамзатқа міндет емес пе, осыны да бір естен
шығармайық ! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»
– деген еді.
«Қайта жаңғыру»
бағдарламасында келтірілген төмендегі үзінділерге көз салыңызшы.
«Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел
есінде сақталған біртуар перзентттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ
біліп өсуге тиіс».Осындай құндылықтарды бала санасына
жеткізетін,ұғындыратын да ұстаз. Ұстаз иығындағы бүгінгі жүктің
қаншама ауыр екендігін осыдан –ақ пайымдай беріңіз. Ұрпаққа тәрбие
беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе
бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға
болады.
Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола
алмайды. Себебі, ұстаздық
өнер -
тағылымы
терең
өнер.
Ал өнерлі
болу кез келген
адамға
қона бермейді.
Олай болса,
шын ұстаз
болу үшін табиғи
дарын,
ізгілікті
ізденіс
пен ерен еңбекке
ұштастырылуы
шарт.
«Шәкіртсіз
ұстаз
тұл»
деген
тегін
айтылмаса
керек.
Дүниедегі
сыйлы
адам да ұстаз.
Себебі,
шәкірт
өнер,
білім,
әдеп тәрбие,
кәсіп
үйреткен
адамының
алдында
өзін өмір бойы қарыздармын
деп санап,
ұстазының
көзі тірісінде
өзін,
өлгеннен
кейін
аруағын
сыйлап,
ардақтап
өтеді.Шын ұстаз
-
ұстаз
болуды
балалық
шағынан
армандайды.
Қиындығымен
қызығы
бірге
жүретін
осынау
мамандықтың
шынайы
иесі болу үшін көп қиындықтардан
өтеді.
Қиын дейтінім:
әр сабағыңа
жете дайындалып,
балаларға
білім
беріп
қана қоймай,
тәлім
-
тәрбие
беру,
өмірге
икемдеу,
адалдыққа
баулу,
адамгершілік
қасиеттерді
бойына
дарыту
оңай шаруа
емес.
Ал олармен
сырласу,
мерекелік
шаралар
ұйымдастыру,
табиғат
аясына
саяхатқа
шығу,
көңілді
кезеңдерін
бірге
бөлісу,
бұл бір сәтке
өзіңді
бала сезінетін
ерекше
бір қызық
шақтар.
Балаларға
ұрысып,
жекіп,
кейімей
ақ,
олармен
сырласа
отырып
жан дүниесін
ұғынуға
болады.
«Ұстаз
болу өз уақытыңды
аямай,
өзгенің
бақытын
аялау»
деп Мұхтар
Әуезов
айтқандай,
уақытпен
санаспай
балалардың
болашағы
үшін аянбай
қызмет
етіп жүрген
ұстаздарыма
әрқашан
балалық
жүрегімммен
ерекше
ризалығымды
білдіремін.
Бір өзіңнен ұстазым,білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі
ұланның
Белден ассаң, алдыңда бел
көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре
бергім
Сондықтан да
келеді біле бергім...
Облыс , аудан :
Ақтөбе облысы ,Ақтөбе қаласы
Білім беру ұйымы : № 52 негізгі
мектеп
Байқау атауы : «Қалдырған ізің мәңгілік» интернет
байқ
Автордың аты
–жөні,жасы :Юнус
Аружан, 10
жаста
Жетекшінің аты
-жөні : Карагулова Эльмира
Муратбаевна
Жетекшінің қызметі және жұмыс орны : қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, № 52
мектеп
Байланыс
мәліметтер :karagulovaelmira@mail.ru 8701
4655274
Ұстаздық еткен
жалықпас
Адамның
адамшылығы жақсы ұстаздан басталады. (
А.Құнанбаев)
Ұстаз...Осы бір
құдіретті сөз кім-кімнің де жүрегін селт еткізері сөзсіз. Мектеп
қабырғасына Мұқағали айтпақшы « тарыдай » болып кірген
күніңнен,таудай болып шыққаныңша ыстық -суығына күйіп ,алғашқы « а
» әрпінен бастап, өмір деген « дәу мектепке » қадам басқаныңа
дейіносы жаннаң қолындасың. Сарыауыз балапан күйіңнен
баулып,қанатыңды жетілдіріп қыран құс қып ұшыратын да
ұстазың.
Ұстаздық еткен
жалықпас, Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық-
мәртебелі мамандық. « Алып анадан туады » демекші барлық жан да,
ғалым да , батыр да, ақын да алғашында осы жанның алдынан
өткен.
Ең
алғаш мектеп табалдырығын жүрексіне аттап,ішке қарай батылсыз
басқан қадамыңды « келе ғой, айналайын, келе ғой, деген ұстаздың
мейірімді үні серпілтіп жібереді. Айналайын ұстаздар! Мектеп деген
алтын ұяның жүрегі ғой, бұлар!
Сенің гүл
алақаның ,аялап балапанын,
Қыран
мекен-қияға талпындырған.
Қанат байлап
арманға жалқын нұрдан,
Ойлауменен
есейген бала қамын
Жазатын озің ғана ,жанымдағы жалаңаш жара
табын,-деп Ф.Оңғарсынова ақын айтпақшы, ұстаздар алдында біз мәңгі
-бақи шәкіртпіз!
Мен
ылғи жүзінен күлкі табы өшпейтін,көзінен мейірім нұры төгіліп тұрар
аяулы ұстазым Эльмира апайды өз анамдай сезінемін. Адамда екі ана
болмайды, әрине. Бірақ, « жақсының жақсылығын айт ,нұры тасысын »
,-демекші ұстазым мен үшін анамдай.
Бір жағыңда
-отбасың, Бір жағыңда -жұмысың Ортасында олардың Басқа қанша тұр
ісің! Дүниенің бақылап отыратын тынысын Жиырмасыншы ғасырдың
қыздарының бірісің,-деп К. Ахметова жырлағандай, ұстазым мен үшін
шуақ шашқан күнмен,қауызын ашқан гүлмен тең! Мен ол кісінің алдында
өзімді мәңгі қарыздар сезінемін. Себебі ана құшағынан жаңа шыққан
алаңғасар кезімізден,оң-солын танитын азамат етіп,әрқайсымызға ақ
тілектерін тілеп,өмір деген ұлы жолға шығарып салған ұстаздарымызды
ұмыту мүмкін емес!Білім нәрімен сусындатқан ұстазға деген ақ
тілектер бұл қағаз бетіне сыймақ емес! Ол бұл қағаз бетіне ғана
емес, біздің жүрегімізге де мәңгі өшпестей боп жазылып
қалады.
Қатысушының
аты- жөні
|
Жасы
|
Облыс, аудан (қала), ауыл, білім беру ұйымы;
сыныбы (курсы)
|
Байқау, номинациялар және жұмыс
атауы
|
Байланыс мәліметтері (ұялы телефон,
эл.пошта)
|
Жетекшінің аты- жөні, қызметі, жұмыс
орны
|
Жетекшінің байланыс мәліметтері (ұялы
телефон, эл.пошта)
|
1.Зинолла
Жанерке
2. Юнус
Аружан
|
10
10
|
Ақтөбе обл, Ақтөбе қаласы,№ 52
мектеп
|
Шығарма
«Қалдырған ізің мәңгілік»
|
|
Кенжешева А.А
Карагулова
Э.М
|
akkanym.kenzhesheva@mail.ru
87024068467karagulovaelmira@mail.ru 8701
4655274
|