Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз - мектептің жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сценарий барлық мектеп мұғалімдеріне сынып сағатында пайдалануға көп көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы:  Ұстаз — мектептің жүрегіМақсаты:  Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шарлар, гүлдер.Өту барысы:Мұғалім:
  • Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаз — мектептің жүрегі» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулықнұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Дильназ.«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.І жүргізуші: Иә, Айкөркем.Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.  Ән:  «Ұстазыма» ІІ  жүргізуші:Күллі өмірін жеткіншекке арнағанМұғалімді ардақтайды барша жанОл мектептен шықпаса да қыс — жазы,Жемісі оның жердің жүзін шарлағанI  жүргізуші:Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

ІІ  жүргізуші:Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1-оқушы:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,Перне басқан оркестрдің үніндейӘр баланың жүрегіне жол тауып,Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.2-оқушыЖалын атып, от боп, бірге жанасың,Білім беріп, содан бақыт табасыңБар өмірің өрнектеліп баламен,Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың

3-оқушы:Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,Үлгі етемін өнегелі сөзін балМұғалімнің мұғалімін танимын,Көкіректе көретұғын көзім бар 4-оқушы:Ұстаздарға мың алғысАлғыстарым көп менің,Асыл анам, мектебім!Үйреткені адалдық,Ұсынғаны адамдық,Текті мінез, даналықБар ұстазға тілейміз:Бақыт, табыс, амандық! 5-оқушы:Мұғалім-ұстазысың балалардың,Болашақ ғалымдардың, даналардыңӨмірде сенің алар орыныңдыБәрі де жеткізе алмас бағалардың6-оқушыӨткізіп өз алдыңнан талай бала,Бойына құйдың ақыл , ой мен санаСарп етіп сан жылдық еңбегіңді,Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға 

7-оқушыҚиындықта кезіксең көп асу даҚанша терің төгіліп жол ашуғаСен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,Сен өмірдің ұстазы боласың да!

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.  I  жүргізуші:Асыға сәлем жолдап жүректен бізБірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.«Флешмоб» биі сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

IІ  жүргізуші:«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.I  жүргізуші:Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.2-жүргізуші: Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік! М - мейірімді Ұ- ұлағатты Ғ- ғазиз А- ақылды Л- лайықты І- іскер М- маман.

Мұғалім: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2019
1300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12