«Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Иә, мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген мамандық иесі. Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет»

Бауыржан Момышұлы

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын.

Міне,Осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.Мен өзім ұстаздық етіп жатқан ерекше балаларға арналған арнайы мектеп - интернатында жұмыс атқарамын .Олардын ерекшелігі өздерінің бір ақ парақтағы диагноздарына қарамастан білімдерін шындап өздерінің ешкімнең кем еместігің сезініп өмірге құлшынып ары қарай мүмкіндіктерін арттыруда білікті ұстаздың тигізер сауабы өте зор.Олармен жұмыс атқару барысында ерекше сезімге бөленесін. Олардың шын мәнінде мүмкіндіктері шексіз екенін сезініп ортаға сіңісіп қысылмай жүріп тұрып қоғамға, өмірге құштар болуы да бағыт бағдар беретін ұстазға байланысты. Демек ұстаз тек қана білім жолында емес өмір жолында да ұстаз.Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға.

Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.

Міне, осы айтып отырғандарым – мұғалім қызметінің жемісі. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Мен де бұл тұрғыда өзімнің жемісті еңбегімді қанағаттанған сезіммен әрдайым айтамын.

Білім сапасы — мұғалім қызметінің жемісі, шәкірт еңбегінің шыңы – шығармашылық. Шығармашылық жолға түскен оқушы – терең ойлай алатын кез-келген жағдайға орай өзіндік шешім қабылдай алатын өзіне де туғандарына да, еліне де берері мол парасатты тұлға. Ертеңгі ел иесі. Егемен Қазақстанымыздың нағыз ел сүйер азаматтары. Әр шәкірттерімнің осындай сапаларға жетуі ұстаз ретіндегі ұлан асыр еңбегімнің жарқырып жанғаны, уақытымның, саналы ғұмырымның еш зая кетпегендігін көрсетеді.

Ел ертеңі үшін аянбай еңбек ететін ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім.

Иә, мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген мамандық иесімін. Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2025
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі