400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұстаз – Ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз – Ана Ұстаздың ыстық алақаны, жұмсақ дауысы бәрі – бәрі балаға тіл жеткісіз биік. «Ұстаз құрметті сөз» Ол адамдардың өмірге деген көзқарасын, бір – біріне деген сый, құрмет сезімдерін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің көзін шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Менің ардақты да, ұлағатты ұстазым ол менің Арайлым апайым. Арайлым апай әр бір шәкірттерінің жан дүниесін, ішкі күйін, мінезін, жақсы да жаман қасиеттерін ажыратып отырады. Ұстаздың тілі, ұстаздың махаббаты, ұстаздың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Ұстаздың жолы басқа. Ұстаз деген сөздің өзі ыстық. Ұстаз десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болу мүмкін емес!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп,

9 сынып оқушысы Жарболсынова Нұрсая


Эссе

Ұстаз – Ана

Ұстаздың ыстық алақаны, жұмсақ дауысы бәрі – бәрі балаға тіл жеткісіз биік. «Ұстаз құрметті сөз» Ол адамдардың өмірге деген көзқарасын, бір – біріне деген сый, құрмет сезімдерін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің көзін шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Менің ардақты да, ұлағатты ұстазым ол менің Арайлым апайым. Арайлым апай әр бір шәкірттерінің жан дүниесін, ішкі күйін, мінезін, жақсы да жаман қасиеттерін ажыратып отырады. Ұстаздың тілі, ұстаздың махаббаты, ұстаздың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Ұстаздың жолы басқа. Ұстаз деген сөздің өзі ыстық. Ұстаз десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болу мүмкін емес! Мұғалімнің ақыл айтып, айналып – толғанғаны балаға тіл жекісіз биік махаббат. Әлемдегі екінші анаң ол ұстазың.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деген ақын Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы даналық тәрбиесін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірт теріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды.Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. «Мұғалімнің мамандығы» - барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан сөз десеңізші. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Менің ойымша бұл мамандықтың қиындығы мен қызығы қоса жүретіндей көрінеді. Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Менің түсінігімдегі ұстаз – жан дүниесі таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақты өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар.Ұстаздар сондықтан да киелі. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, анамыз секілді барлық жақсылықты үйретуші мен тілеуші.

Әлі есімде ұстазымды көргенім,

Өз анамдай болған еді ол менің.

Содан бері мұғалімді қадірлеп,

Білім деген асқар тауға өрледім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
4648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі