400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ұстаз -ұлы есім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаз -ұлы есім» агитбригада жиыны

2022 жылдың қыркүйек айының 29 -шы жұлдызында «Ұстаз-ұлы есім» жиыны өтті.

Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру  және келешек 

өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: «Ұстаз – ұлы есім !» атты жиынымызды ашық дей отырып, қадірлі де аяулы ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт – бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жаңа берсін.

1. Интернат оқушыларының құттықтауы: Алтынай

«Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», «Ұстазға қарап шәкірт өседі» ,«Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр» , «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» , «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

Ұстаздарға арналған өлең жолдарын жолдау.

Аян: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан

Сізге ұқсап қудық бізде сан арман.

Сіздей адам бұл дүниеде көп болсын,

Балалалрдың бақыты үшін жаралған.

Диас: Ең аяулы есім ғой Ұстаз деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берем.

Айтолқын: Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Нұрын төккен күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

2. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға!

Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,

Құттықтайды барша халық осы күн,

Өзің берген біліміңе қандырып,

Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.





Picture 1





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.02.2023
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі