Материалдар / «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ»

«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Музыка» ойнатылады, Сахынадан «Ұстаз» туралы өлең оқылады Аяулым: Данышпанда данада оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен «Ұстаз» деген аяулы асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! «Фан фар» ойнатылады, сахынаға Жүргізушілер шығып: 1-жүргізуші:Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда. 2-жүргізуші:Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімменен суарған шәкірттерің, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! 1-жүргізуші: «Ұстаз» ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – ҰСТАЗ.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады












«ҰСТАЗ ҰЛЫ ЕСІМ»

АТТЫ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕМЕСІ























Cынып жетекшісі:

Сыныбы: 9 «Ә»





















«Музыка» ойнатылады,

Сахынадан «Ұстаз» туралы өлең оқылады

Аяулым:

Данышпанда данада оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен

«Ұстаз» деген аяулы асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!




«Фан фар» ойнатылады, сахынаға

Жүргізушілер шығып:

1-жүргізуші:Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамызда.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.


2-жүргізуші:Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттерің,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!


1-жүргізуші: «Ұстаз» ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – ҰСТАЗ.


2-жүргізуші: Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, төл мерекеңіз тағыда құтты болсын! – дей келе ұстаздар қауымын мерекесімен

шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектебімізідің директоры_________ сөз беріледі


1-жүргізуші: осындай керемет тілегінізге көп рахмет!

Ән: 5 «Г» сыныбы орындайтын

_________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________


2-жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


1-жүргізуші: Мұғалімнен өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»,…..


2-жүргізуші:
Иə, бұл мектеп мұғалімі ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Келесі «Вальс» биімізді сыныбымыздың атынан өздеріңізге арналмақ, қабыл алыңыздар!
 


1- Жүргізуші:

«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның

жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге

отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.


2- Жүргізуші:
Келесі кезекте ұстаздардың балалық шағына саяхат жасайық. Ұстаздарда бала болған, сахна төрінен ұстаздардың өмірінен орын берсек.
«Ұстаздардың балалық шағынан » атты Қойылым қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші:

Ұстаз деген жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.


2-жүргізуші:

Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

Сахнаға, ....5 «Г» сыныбының орындауында «Күй» қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Сахнада, 5 «Г» сыныбынын оқушыларының сіздерге арнаған «Биін» қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.


5 Г ынып оқушыларының тақпағы

Оқушылар ортаға шахмат ретте тұрып айтады кезекпен

(Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)


1-жүргізуші :«Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншесін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген Бауыржан Момышұлы. Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!




2-жүргізуші:Құрметті қонақтар, біздің «Ұстаз ұлы есім» атты мерекелік концерт көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.


1-жүргізуші:Аяулы ұстаздар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! Ұстаздар мерекесі құтты болсын!


2-жүргізуші:

Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көр жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Алдарыңызда, 9 «Ә» сыныбының орындауында,

«Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!



Өту барысы:

  1. Аяулым маналог

  2. Құттықтау – 5 «Г» ән

  3. Вальс - 9 «Ә»

  4. Қойылым

  5. Күй

  6. Би – 5 «Г»

  7. Тақпақ оқушылар – 5 «Г» 7 окушы шыгып МҰҒАЛІМ

  8. Ән «Ұстазым» жабылуы


























14 Қараша 2024
127
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі