400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

колледжішілік байқауы

2018 жылғы 28-29 наурыз айында Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде жалпы пән және арнайы пән оқытушылары арасында оқытушылардың педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Үздік педагог – 2018» байқауы өткізілді. Колледжішілік байқауға 11 инженер – педагогикалық қызметкерлері қатысты.

Байқау марафонында әдеттегідей алты кезең болды:

– Оқытушының өзін-өзі таныстыруы

– Оқытушының шығармашылық зертханасы (қатысушы қызметінің көркем көрінісі, сабақтарының авторлық бағдарламасы, ғылыми-әдістемелік әзірлемелері, оқу-әдістемелік кешендері және т.б. болуы)

– Ашық сабақ (өз пәндері бойынша – 20 минут)

– Өз мамандықтары бойынша буклет жасап қорғау

– «Эссе» Рухани жаңғыру тақырыбына байланысты

– Байқауға қатысушы педагогтан тосын сыйлық.

Екі күн бойы байқау комиссиясының тәжірибелі мүшелері байқауға қатысушы педагогтың жұмысының жүйелілігін, олардың педагог ретіндегі қызметінің өнімділігін, олардың жаңа білім беру технологияларды меңгеру дәрежесі, жеке тұлғалық қасиеттерін талдады және бағалады.

Байқау нәтижесі бойынша жүлделік орындар келесідей бөлінді:

«Үздік педагог – 2018» байқауының бас жүлде иегері биология және химия пәнінің оқытушысы Дауренбекова Айгерім Алтынбекқызы; 1-орын ағылшын пәнінің оқытушысы Мейрамғали Айжан Мейрамғалиқызы; 2-орын ағылшын пәнінің оқытушысы Рақымберлі Жансулу Рақымберліқызы; 3-орын дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Қыдырбаев Ұлан Кеншінбайұлы және тарих пәнінің оқытушысы Мусапирова Қамажай Мұратқызы дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Конкурстың қалған қатысушылары Нақыпбаева Гүлнара Уалибайқызы «Шығармашыл ұстаз», Тезекбай Алмат Асқарұлы «Жаңашыл ұстаз», Құрманбеков Айбол Қазбекұлы «Шебер ұстаз», Тастанбеков Мейрам Тасболатович «Ойшыл ұстаз» номинацияларымен марапатталды. Бас жүлде иегері Дауренбекова Айгерім Алтынбекқызы «Ашық сабақ фестивалі» облыстық байқауына қатысуға жолдама алды.

Осы байқаудың келесі күні тағы бір байқауға ұласты. Жас мамандардың өз кәсібінің жан-жақты шебері және біліктілігін арттыру мақсатында «Мамандығым-мақтанышым» атты жас мамандар байқауы өтті. Байқауға төрт жас маман қатысып, өздерінің жан-жақты білімдерін және шеберліктерін көрсете білді. Байқаудың қорытындысы бойынша жас мамандар арасынан бас жүлде иегері физика және математика пәнінің оқытушысы Иманбек Аида Ғаламбекқызы, 1-орын иегері арнайы пән оқытушысы Қайпбек Азиза Қайырқызы, 2-орын иегері арнайы пән оқытушысы Асхатұлы Ернат, 3-орын өндірістік оқыту шебері Қуаныш Аяулым Жалынқызы аталған дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Арнайы пән оқытушысы Асхатұлы Ернат «Үздік арнайы пән оқытушысы» облыстық байқауға жолдама алды.

Сондай-ақ сәуір айының 5-6 жұлдызында педагогтардың кәсіби шеберлігін арттырып және шеберлердің шығармашылық қырын ашу мақсатында «Үздік өндірістік оқыту шебері – 2018» байқауы өткізілді. Өндіріс шеберлері өздерінің шеберліктерін әр қырынан көрсете білді. Әділқазылардың қорытындылау нәтижесі бойынша бас жүлде иегері өндірістік оқыту шебері Шамығұлова Бақыт Княрқызы жеңіп алса, 1-орынды Бутабаев Мейрман Айдосұлы, 2-орын Мусаханов Ерлан Қуанышқалиұлы, 3-орынды Байдюсенов Мұхит Сайлаубекұлы жеңіп алып, дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Өндірістік оқыту шебері Сембинов Бақытбек Рыспекұлы «Өз ісінің шебері» және Сүлейменханов Даурен Жұмабайұлы «Әмбебап шебер» номинациясымен марапатталды.

«Ұстаз – балаларға ең басты және ең қымбат байлық – білім береді. Елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Сіздердің ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз өлшеусіз. Өйткені, елдің бәсекелестікке қабілеті осы білім деңгейімен өлшенеді. Ұстаздар мәртебесін көтеру біз үшін әлі де өзекті. Бұл мемлекет өз алдына қойып отырған басымды міндеттің бірі болып табылады.

«Ұстаз деген ол – бала бағбаны. Ал балаға жасалған еңбек ешқашан өлшеусіз қалмайды». Білім жүйесінің тірегі де, жүрегі де сіздерсіздер, құрметті ұстаздар! Студенттеріне қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге аса қажетті ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс сияқты қасиеттерді сіңіріп қалыптастырып отырған, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білген, даналықты жүрекпен ұға білген ұстаздарымызға жеңістеріңіз құтты болсын деп, еңбектеріне шығармашылық табыс тілемекпіз.


Бақанас аграрлы – индустриалдық

колледжінің әдіскері

Демеукулова Гаухар Мұратқызы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі