Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз -ұлы қызмет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп педагогтарына арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздық – ұлы қызмет

Әлемде атқарылып жатқан жұмыс түрлеріне орай, қызмет те алуан түрлі. Үлкен қызмет, кіші қызмет деп бөлгенімізбен, тек қана ұстаздық етуді ҰЛЫ қызмет дейміз. Өйткені ұстаздық – барлық мамандық иесін оқытып үйрететін, тәрбиелейтін мамандық атаулының төресі. Сондықтан да ұстаз атаулының арқалар жүгі әрқашан ауыр.

Дана халқымыз бен ұлы педагогтер үй салғанда тас тұғырын дұрыс құймасаң, үй дұрыс қаланбайтынын, сол сияқты баланы жастайынан дұрыс тәрбиелемесең, өсіп жетілгеннен кейін балаға берілген тәрбие кеш болып қалатынын айтады. Сол үшін барлығы бастауыш сыныптың мұғаліміне байланысты деп ойлаймын, өйткені ол балаға білім беріп қана қоймай, оның сөйлеуін, оқуын, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарасын қалыптастырады.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі - туа біткен дарындылық емес, үйрену мен ізденудің нәтижесі. Жаһандану заманында өмір ағымына ілесу үшін күнделікті өз білімімізді жетілдіруіміз қажет. Бұл жағдайда пәндік курстардың, мұғалімдерге арналған сайттардың атқаратын рөлі өте маңызды. Өйткені қазіргі сабақтарға қойылатын талаптардан хабардар болу, күн сайын, сағат сайын айналадағы өзгерістер мен жаңалықтарды қамту, сабақта оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, инновациялық технологияларды тиімді қолданып, оқытудың практикалық жағына көңіл бөлу, өз әріптестеріңмен тәжірибе алмасу, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу ұстаздық мамандықтың шыңына жеткізеді.

Менің барлық оқушыларға берер білімімнің мазмұны мен талабым бірдей болғанымен, олардың қабылдауы түрліше. Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, заманауи технологияларды ұтымды пайдаланамын. Бұл оқушының жан-жақты дамуына, білім сапасының артуына әсерін тигізуде. Әрине, бірінші кезекте оқушы талпынысы болуы да шарт, алайда мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мықты болса, оқушының да бар ынтасымен сабақ оқуы хақ. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қабілетін ашатын, сыни ойлауын қалыптастыратын жүйелі тапсырмалар орындатудың да маңызы ерекше деп білемін.

Мен өнерді сүйдім, кітапты сүйдім, білім алуға құштар болдым. Жасымнан көргенімді бойыма дарыта білдім. Ұшқан ұямнан алған тәлімім және бар. Бүгінде ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін үлкен еңбек жасап жатқан Ұстазбын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12