Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз- ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ардагер ұстаз,Білім саласының үздігі, аяулы әже, асыл ана-Мықтыбаева Жаңылсын Рахметоллақызына арналады. Эссе жұмысының авторы -11- сынып оқушысы Абдуалиева Данагүл, Жетекшісі Утешкалиева Жайнагүл Орынбасарқызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз-ұлы тұлға.

(Ардагер ұстаз Мықтыбаева Жаңылсын Рахметоллақызына арналады)

Өмірде әркімнің өз жолы бар,

ал оны дара ету-өз қолыңызда!

Дана Нұржігіт

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өзуақытыңдыаямау, өзгеніңуақытынаялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардыңеңбегіерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.

Баласына арнаған бар асылын,

Нәзік жаны жырлаған дала сырын.

Құттықтаймын мерейлі жасыңызбен,

Тіл- әдебиет ғылымының жанашырын.

Есімі әр шәкіртінің жүрегіне алтын әріппен жазылған, мейірімді,жан жағына білім нәрін сеуіп жүрген, ардақты да, аяулы ұстаз- Жанылсын Рахметоллақызы Сырым ауданы, Бұлдырты совозына қарасты Құмдағым ауылында 1943 жылы өмірге келген. Әкесі соғысқа қатынасып, елін жаудан қорғап, аман- есен елге оралған. Алғашқы білімін ауыл мектебінен бастаған,оқуға зерек, кішкене қыз жетінші сыныпқа дейін қазақша білім алып, сегізінші, тоғызыншы, оныншы сыныптарды орысша оқыған.

«Құс- қанатсыз , адам- армансыз болмайды» дегендей,мектепті бітіргеннан кейін, арман қуып, “Шақырады Теміртау оттары”-деп, Теміртау магниткасына барамын, домна пешінен темір балқытамын деп тәтті қиялға беріледі. Қазақ қашан да қыз баласын шалғайға жіберуге жүрексінген. Ерке болып өскен қыздарын әкесі мен анасы туған елінде еңбек етіп, білім алсын деп тоқтатады. Осыдан кейін де, жалындап тұрған жас қыздың мысы басылмай ,өзінен үлкен қара чемоданын арқалап, білім іздеп Оралға барады. Оралға барып, техникалық училищеге шопыр боламын деп документтрін тапсырып ауылға қайтады. Бұл оқуына да, қыз балаға қол емес деп қарсы болған анасы жібермей қалады. Тіл алғыш қыз, ата- анасының алдынан өтпей ауылда қалып,әкесіне қол қабыс етіп жүреді. Қазан айында ұстаздары өзі оқыған мектебіне шақырып: “ауданнан мұғалім жетіспей жатыр деген хабар келді, сен ауылда отырма мұғалім бол” дейді. Ұстаздарының сенімін ақтап,Жымпитының бір қырына бастауыш мектепте мұғалім болады. Оқу жылын аяқтағаннан кейін, Ұлы Абай менен Мұхтар тілін кейінгі ұрпақ бойына дарытамын деген мақсатта Орал қаласындағы мұғалімдер дайындайтын институтқа сырттай оқуға түседі. Осы интитутта оқып жүріп, Жымпитыда сабақ береді. Келесі жылы сессияға келгенде инсттитуттың деканы іштей оқуға ауыс дейді.Жүзі қуаныштан балбұл жанған ару ,еш ойланбастан қыркүйек айынан бастап іштей оқуда оқиды. Каникул уақытында ауылына келіп әкесіне көмектесіп, бірге мал бағады. Әкесі оны қыз бала деп атқа отырғызбаған. Бірде әкесі асау атты үйретіп келіп, есік алдына байлап, ішке кіріп кеткен кезде атқа мініп шаба жөнеледі. Асау ат оны алысқа алып кетеді. Әкесі қанша қуса да, асау ат жеткізбейді. Өзінің батылдығы сонша тақымын қаттырақ қысып, асау атты үйінін алдына алып келеді.

Ол бос уақытын текке өткізбеген, парашютисттер курсында Бейбіш деген құрбысымен алты ай оқиды. Сол жылы Орал қаласындағы айрапорт маңында разряды жоғары парашютистер жиналған кезде жүрекжұтқан ару қыз жоғарыдын парашютпен секіріген.Оқу орнын 1966 жылы ойдағыдай аяқтап,жеті жыл күткен болашақ жансерігіне қосылып, Кожехар ауылындағы үлкен Төлегеновтер жанұясына келін болып түседі.Үлкенге- құрмет, кішіге ізет көрсете білетін апай келіні Рысқаным апаймен өте тату- тәтті болып, шаңырақтын отын маздата түседі.

28 жылға созылған еңбек жолы Жаңабұлақ ауылында өтеді. Өзінің ұстаздық жолында бар күш -жігерін жұмсап, балаларға өзінің білгенін үйретіп, жалықпай еңбек еткен. Толағай табыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының үздік педагогы значогын төсіне таққан.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ауыл- еліне, шәкірттеріне өшпес із қалдырып, есімі әр шәкіртінің жүрегіне алтын әріппен жазылған Жаңылсын Рахметоллақызының жанұясына, өзіне бақытты да, ұзақ, мәнді де, сәнді ғұмыр тілейміз.



11- сынып оқушысы Аблуаллиева Данагүл

Жетекшісі: Утешкалиева Жайнагүл Орынбасарқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
380
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12