Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаздық – ұлы қызмет.
Ұстаздар күні
Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
Аспандағы жұлдыздардай
жанды
үміт,
Арайлап ата берсін
таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
Ұлданай: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді
дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың отбасыңызға амандық ,бақ-береке,еңбектеріңізге шығармашылық табыста тілейміз.
Ұстаз! Осы бір
сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»-- деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер
де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат
етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.
Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.
Хормен барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
Дильназ
Әр жүйенің еңбекте тірегісің,
Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
Жасыл
баққа сән берген бағбандай-ақ
Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
Ән:Хор.
«Ұстазым менің» орындайтын Габбасова А,
Серікова А

Арайлым
Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз.
Олжас
Үйретіп өмір ұстазым
Үлгілі іске нұсқадың
Ақкөңіл ,іскер қашан да,
Ақылшым –менің ұстазым!
Илхам
Білдіріп
шәкірттердің ақ ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан
гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рахметін.
Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана –дана бола
алады,
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп,ұлылық боп қалады.

Ұлданай: Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай?(сол сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)
Ұ – ұлағатты
С –
салмақты
Т –
тапқыр
А –
ардақты
З – замандастай
зиялы

Мәди
Ұстаз болу
–жүректің батырлығы
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы

Олжас
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап
күледі,
Сырымызды
біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
Кемшілікті
кезінде
Ұстаздық—ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Елнар
Мұғалім—оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Гулсая
Мұғалім—өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
Нұржан
Мұғалім—өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
Айгерім
Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз!
Бәрі (Хор) 5 «б»
сынып
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Осымен ұстаздарға арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет.
Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия
сыныптары
№ 22 орта
мектеп

Тақырыбы: « Ұстаздық – ұлы
қызмет!»
Орындаған: 5 «б» сын.жет:
Базарканова А.М
Ақтау