Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестацияға өтушіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы


Сөздің  басын Ұлы ғұлама Әл- Фарабидің мына сөзімен бастағым келіп

отыр. "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ , жұрттың бәріне жақсылық пен ізеттілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек"

             Ұстаз дегенің биік атауға тең болуы тиіс.  Сондықтан мен биік атауға ие болу үшін осынау қиын да, қызықты мамандықты таңдадым. Мен сабақта үнемі жаңа технологияларды сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жобалау технологиясын қолдана отырып, өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрлерін білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат етіп тәрбиелеудемін.

   Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, яғни мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

   Қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек. Өзім де әр кез ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Оқушыларымның жетістіктері жеткілікті. Оқушыларым менің сабағыма қызыға қатысып, пәнімді жақсы көреді бұның өзі мен үшін үлкен дәреже деп санаймын.Жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесім болса, бұл да менің ұстаздық мақсатымның орындалғаны.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.08.2024
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі