Материалдар / Ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы ЭССЕ

Ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы ЭССЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы ЭССЕ
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы

ЭССЕ


«Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты міндет»

Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мұғалім —құдіретті де ұлы есім. Осы сөзде үлкен мағына мен мән бар екенін аңғара білмейміз. Бұл сөз мен үшін өте қасиетті ұғым.

Қазіргі таңда XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, оқушыларымның адал, білікті, сүйікті ұстазының бірегейімін деп үлкен сеніммен айта аламын. Ұстаз үшін бұдан асқан бақыт жоқ шығар... Еңбек жолымды, өмірімді шәкірттерімсіз елестете де алмаймын. Мен осы мамандықты таңдағанымды мақтанышпен айта аламын. Ұстаз жолы — үлкен төзімділікті, жауапкершілікті, шығармашылықты талап ететін дара жол.

Жас ұрпаққа тек жаңалық енгізіп қана қоймай, сонымен қатар уақыт пен ұрпақ арасында байланыс орната білу үлкен шеберлікті қажет етеді деп ойлаймын. Заманауи ұстаз –оқушылардың ғылыми жетекшісі,зерттеуші, жаңа идеялар үшін көп еңбек ете білетін, өз ісінің шебері.Сол себепті заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын арттыра түсу қажет.

Заман талабына сай ұстаздар қауымы да жаңарып, үнемі ізденіс үстінде екенін айта кеткен жөн. Ұстаздың бойында бала қызыға қарайтын, мен де осындай болсам екен деп еліктейтін қасиеттер болғаны абзал. Себебі баланың ұстазына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы оның жақсы білім алуына оң ықпал етеді. Осы орайда, өз бойымдағы адалдық пен әділеттілікті, бар жақсылықты жиған- терген білімімді өз білгенімді шәкіртіме үйретуден еш жалыққан емеспін. Абай атамыз айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға..» дегендей , шәкірт тәрбиелеп, оны ұядан баптап ұшырудан еш жалықпайық дегенді айта кеткім келеді.

Ұстаз білім беруші ғана емес, тәрбиемен қоса әрі досы, жанашыры, ақылшысы,екінші анасы ретінде бала бойына тек жақсылықты,үлгі- өнегені сіңірте білетін, Ы. Алтынсарин айтқандай : «Адамдық диқаншысы» бола білгеніміз жөн. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей әр оқушының бойында дарындылық пен икемділікті танып , одан әрі шыңдай түсуіміз керек деген ойдамын.

Қорытындылай келе,менің ұстаздық борышым – адамға ғана тән өмір сүре білетін жеке тұлға қалыптастыру деп түсінемін. Менің шәкірттерім заманауи технологиялар заманында осы қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті елін, жерін, мамандығын сүйетін, халыққа ізгілік жасайтын, шәкірт жүрегіне жол табатын маман болса деген үмітім бар. Ұлтымыздың тағдыры, болашағы – тәрбие мен  білімде екен.



Журынова Фарида Темирхановна –математика пәні мұғалімі





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі