400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз ана- ақыл-білім панасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқырмандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз ана- ақыл-білім панасы.


Мектептің жаны –мұғалім. «Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы. Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.Осы тұрғыда өз мектебімнің мақтанышы ретінде информатика пәні мұғалімі Икасбаева Айгүлді атап айтқым келеді. Осы жылдың қазан айының 31 күні Манашы орта мектебінде информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген Аудандық «Алтын диск-2017» байқауында өз мектебімізден Икасбаева Айгул қатысып, бас жүлделі болды.Жас та болса өз ісінің шебері болған, ойы ұшқыр, саналы көзқарасымен жан –жағын шуаққа бөлеп жүретін, үнемі ізденіс үстінде жүретін маман.Өзінің күнделікті сабақтарында әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, сабақтарында топтық-жұптық ,жеке жұмысты ұйымдастыру,оқушыларды сыни ойлауына бағыттау, бағалау, алған білімдерін өмірмен байланыстырып қолдана алу бойынша деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы оқушыларды ойлауға, ізденуге, бірлесе жұмыс істеу, талқылау арқылы тақырыптың мәнін ашуға толық мүмкіндік береді.Бұл мұғалімнің басты жетістігі мен шеберлігі екендігін атап айтқым келеді.Мен оған деген көзқарасымды өз шығармашылығым арқылы көрсеткім келеді.

Ұстаз ана- болашақтың анасы,

Ұстаз ана- ақыл-білім панасы.

Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,

Әр шәкірттің оянады санасы.

Көшбасшылық қасиетке міндетті,

Жалқаулықты,жамандықты білмепті.

Күндіз-түні ақ қағаз бен қаламмен,

Нотбуктер, планшеттермен күн өтті.

Заманына адамы да сай болсын,

ХХІ ғасыр көшбасшылық жай болсын.

Интернеттік желі менен ізденсін,

Кітабыма мазмұны да сай болсын.

Болашақта белестерден өтерсің,

Мақсатыңа ойланбастан жетерсің.

Ұжымдастар бір өзіңе тілекші,

Облыстан да жүлделі болып келерсің.

Мұғалімдер болашақтың кепілі,

Мектептегі ең жауапты өкілі.

Жасай берсін,жасай берсін-мұғалім!

Саны емес,сапасы артсын ақыры.

Жасай берсін, жасай берсін мұғалім,

Білімділік жеңеді екен ақыры.



Манашы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Бурунова Зульфия

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі