Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған мерекелік кештің сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тасты ауылы №14 орта мектебі ММ





Shape1

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»
























Дайындаған: Қалиева А.Б



















2018-2019 оқу жылы

Тасты ауылы №14 орта мектебі

Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты концерттік бағдарламаның сценарийі

  1. Жүргізуші

Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты да аяулы ұстаздар!
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!
Бүгін барша адамзат қауымы үшін ең қымбатты күн. Өйткені алғаш білім әлеміне қадам басқанда бізді күлімдеп қарсы алып, жүрегінің мейір нұрын төгіп, зердемізге білім гүлін еккен ол – ұстаздар. Өзінің бар уақытың аямай, шәкірттерінің бақытын аялай білген ұстаздар – мәңгілікке аласармайтын - Ұлы тұлға.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

  1. - жүргізуші:

Добрый день! Наш сегодняшний праздник посвящен тем людям, которые открывают нам двери в удивительный мир знаний. Тем людям, которые «грызут гранит науки» вместе с нами. Тем людям, которые иногда ругают, а иногда ставят пятерки в дневник. Этот праздник посвящен вам, дорогие наши учителя!

1-жүргізуші:

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшысы Османова Ризвангүл Ясунқызын шақырамыз!

2-жүргізуші:

Пусть этот праздничный концерт
Вам скажет все за нас

О том, что столько лет
Мы очень любим вас
За честность, мудрость, ум, талант,
За ясность ваших глаз,
За вашу доброту,
Столь редкую сейчас.

Примите музыкальное поздравление

от учащихся_____________________________________________

1-жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.


( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 — оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 — оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

2-жүргізуші:

Спасибо. В день осенний, когда у порога

Задышали уже холода,

Школа празднует день педагога –

Праздник мудрости, знаний, труда.

День учителя! Вслушайтесь сердцем

В эти звуки, что дороги нам.

Всем, что связанно с юностью, детством

Мы обязаны учителям!

__________________________________________________

1-жүргізуші:

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса,
оның бірі – Ұстаз.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы

2 жүргізуші:

Спасибо Вам за все труды,
За то, что рядом вы всегда,
А в сердце вашем доброты
Не станет меньше никогда.


1-жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызда: ___________________________________________________________

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі құттықтау сөзді _________________________________________________________________________________

1-жүргізуші:Бұлбұл әншіміз асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнада  ән, орындайтын __________________________________

     Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар. Ендеше келесі оқылатын жыр шумақтар алғаш әліппе ұстатқан ұстаздарына арнағалы отырған оқушыларымызды ортаға шақырамыз.


2-й ведущий:

Знаний и мудрости школа наша обитель.
А сейчас рассказ о тебе пойдет —
Добрый и мудрый прекрасный учитель,
Слава тебе и почет!

Каждый из нас передать вам готов
Тысячу добрых и ласковых слов
От ваших вчерашних,
От нынешних ваших,
Учеников!
Мы сегодня от имени каждого сердца
Вам говорим спасибо!


1-жүргізуші:Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.

_________________________________ биін тамашалаңыздар


2-й ведущий:

 Вы нас нежно взяли в свои руки,
За парту в классе посадили,
Открыли нам весь мир науки,
В учеников нас превратили!
Своей любовью окружили,
Заботились всегда о нас,
Мы эти годы согреваемся
Лучами ваших добрых глаз

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

                      Әсем ән мен тәтті күй

                        Көңілге түрлі ой салар

                        Әнді сүйсең, менше сүй деп ортаға ____________________________ әсем әнімен шақырамыз.


2-й ведущий:

Нелегка ноша учителя. Чаще всего эту ношу на своих хрупких плечах несут прекрасные женщины – мастера своего дела. Это люди, которые воспитали не одно поколение.

И сейчас мы хотим сказать огромное спасибо тем учителям, кто всю свою жизнь посвятил воспитанию и образованию молодого поколения.

КВН_____________________________________________

Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!

Сіздерге арнап ортада _________________________________________________________________________________


2-й ведущий:

Желаем творческого роста,
Чтоб не седела голова.
Чтоб на лице не замечали
Мы появившихся морщин.
Чтобы своей улыбкой мир вы согревали,
И чтоб на это были тысячи причин.

 
песня в исполнении __________________________________________________________

1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым.

Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

2-жүргізуші: Учительское Сердце… Ну, с чем его сравнить?
С Галактикой космической, которой нет границ?
А может с Солнцем ярким, что дарит людям свет?
С пучиною морскою, что дремлет сотни лет?
Нет, сравнивать не будем! А скажем мы: “Стучи!
Учительское Сердце – НАДЕЙСЯ, ВЕРЬ ЛЮБИ!”

1-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқаша

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.



1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын

Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.

Ән «Ұстазыма» орындайтын ……………………………………………………………

1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

2-жүргізуші: На этой доброй и веселой ноте, когда Ваши сердца наполнились нежными и искренними словами в адрес друг друга, мы завершаем наш праздничный концерт. Желаем вам терпения и здоровья, удачи и мудрости! С праздником уважаемые педагоги! 

1 — жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау — саламатта болайық.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
573
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12