400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұстаз аты-биік , әрі -мәңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Дзержинск ЖББМ









Ұстаздар мерекесі « Жарқын жүзді ұстазым»





Дайындаған: 9- сынп жетекшісі

Тусибалинова Б.Б













2018-2019




Ұстаздар мерекесі

Ұстаз аты-биік , әрі -мәңгілік

Мақсаты: оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.


Көрнектілігі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, буындар
Кіріспе сөз. Аяулы ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын. Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мерейлеріміз үстем болсын.


Мектептің тірегі әрі жүрегі - ұстаз. «Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуге балаға»- деп Абай атамыз айтқанындай. Ұстаз ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан - теңіз. Алдарымызда отырған балаларымыз бір - бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. Сондықтан бүгінгі әніміз, сіздерге арналады ұстаздар.


Әнұран:


Ән—Ұстазым


1-жүргізуші—Білімнің кәусар бұлағын

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да,ғалым,дана да


2-жүргізуші—Туған жерде нық тұрып

Елдік мәнін ұқтырып

Бар ғұмырын сарп етсе

Міне нағыз мықтылық

Қол соғайық ендеше

Ұстаздарға тік тұрып-деп жырлай келе осынау жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындырған ұстаздарға арналған-Сүйікті анамдай-ұстаазым--атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жарялаймыз.

1-жүргізуші –Бұл дәстүрлі мереке көңілге жылы шуақ орнатып,тоқтаусыз жылдар тізбегіндегі ерекше сәттерді,қызу еңбекті еске түсіретін шырайлы күн.Аяулы ұстаздар сіздердің ерен еңбектеріңіз жоғары бағаланып,мақтан тұтарлық.


2-жүргізуші—Ақбота бүгін ұстаздардың мерекесі оларды қалай қуантсақ болады екен-а.

1-жүргізуші—Дұрыс айтасың Индира олай болса оқушыларымыздың өз ұстаздарына арнап келген өлең жолдарын тыңдайы

Ақбота —Аямастан ақ пейілін уақытын

Аялайтын шәкірттердің бақытын

Ұстаз деген ұлы тұлға аяулы

Шашатұғын ақыл-білім жақұтын

Ұстаздарға арнау өлең жырым бар

Жақсылардың ұлағатын ұғыңдар

Еңбектері ел алдында еленсін

Шәкірттері биік шыңға шығыңдар


—Армысыздар аяулы ұстаздарым

Сіздерсіз атпас менің ешбір таңым

Еліміздің арқа сүйер ұлылары

Бола білген сіздер мынау батырларым


—Ғалым да шахтёр де бас иетін

Ұстазым бар сенің қасиетің

Білім берген,ой берген,ақыл берген

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең 

2 жұргізуші:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі -бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге, бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді

1-жүргізуші--:Сахнада ән орындайтын Әділжан

2-жүргізуші-- Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

1-жүргізуші--: Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең мағына жатыр.
Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?! \

2-жүргізуші ---

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Би--------------

Бұлдамастан үлкендігін жасының

Жасырмайтын ағарғанын шашының

Ұстаз деген-мейірімді асыл жан

Үйрететін ғылымдардың асылын


Қорғай жүріп батылы мен жасығын

Демей жүріп біілімдісін ащығын

Шәкірттерді бір-бірінен бөлмеитін

Алшы қылып түсіріп тек асығын


Жарқын жүзді ұстазым мейірбан сабырлы

Аузынан шыққан сөз бар шәкіртке қадірлі

Келдім міне алдыңа біір шоқ гүлім қолымда

Саған шәкірт болмақпын білім-ғылым жолында


1-жүргізуші--

Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.—би оры

2 -жүргізуші-- : Құрметті ұстаздар!

Дауыс: Ұстаздық іс – қиын күрес, мұндай зіл:
Ұстаз болсаң, шыдамыңды шыңдай біл!

1-жүргізуші—

Көрініс: Бұл көріністе бекер қойылған жоқ.Себебі біздің

ұстаздарымыздың басына осындай іс түскен болуы мүмкін

Ән : Әсемай

2-жүргізуші— ойын

“Сенесіздер ме?”

2 топқа да бірдей сұрақтар беріледі:
1. Жапонияда оқушылар тақтаға түрлі-түсті сиямен жазады. /Ия/
2.Австралияда бір-ақ рет пайдалануға жарайтын тақталар қолданады екен. /Жоқ/
3. Автоқалам Ежелгі Египетте пайда болған /Ия/
4. Шарикті қаламды тек қана әскери ұшқыштар пайдаланған. /Ия/

Жүргізуші: - Тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. / Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.



Сұрақтар:

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанша, енді ұстаздар кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап таңдап алу керек.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

1-жүргізуші—Арнау өлеңдер

Нұржамал -Данышпанда,дана да ақын сенен

Ата-даңқын асырды бар әлемнен

Ұстаз деген аяулы асыл жанды

Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең


-Ұстаз деген ұлық ат сендегі есім

Балғындардың бәрін де тең көресің

Балалықпен күн сайын жүздесесің

Тазалықпен бетпе-бет сен келесің


Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың

Талай мәрте таң атты түлек күннің

Шығарып сап сапарға сен солардың

Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың

Мұғалім ардақты ұмытылмас

Өзіме бала күннен үні сырлас

Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан

Арманның асөарына ұмтылған жас


Бойыма алаулатып күш жалынды

Өмірге ұмтылдырған құштарымды

Кеудеме білім сырын құйып берген

Ұмытпан мәңгі бақи ұстазымды

Би Папури:

Мектебің алтын ұя жарқыраған

Ұстаазың-бұлақ көзі сарқыраған

Шыңдалып шыіға қарай қанат қақтың

Шарықта жас қыраным ақ жол саған

Талдырмай жүріп қанатын

Жүрекке жол табасын

Санаға салмақ салатын

Ұстаздар керек біздерге

2-жүргізуші-- -- Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Алтынай—Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге алуан гүл ұсынамыз

Жүректің алғысы мен,рахметін


Ақбота—Мектеп кеме білім теңіз

Толқынында біз жүземіз

Желбіреген ақ желкені

Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі

Ұстаз ана ұстаз дана

Нұрлы жүзің жаңға пана

Менің маржан асыл сөзің

Әнұрандай жаңғырады санамда


Азамат—Көкірегіме нәрін құйған білімнің

О,ұстазым сырын ұқтым ұғындым

Сіз мен үшін сарқылмайтын дария

Әр шәкіртін мәпелеген гүліңмін

Мерекеңмен құтықтаймын ұстазым

Индира

Би-----------------Қыздар-----------

2-- Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің кешіміз осымен аяқталады. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Мына ән сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар!

Ән---------------- Аяна---------------Ұстазым

Ән: Нұрмахан

Қорытындылау :

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар біздің бүгінгі «Сүйікті анамдай-ұстазым»

атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сіздерге тек еңбектеріңізге жеміс, дендеріңзге саулық тілейміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі