400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Ұстаз аты мәңгілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік»

Мерекелік кешінің сценарийі



(Сахна әдемі безендіріледі. Фанфар ойналады.)

Жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Армысыздар, құрметті ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер! Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Ал «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Мереке Құтты болсын ұстаздар!

(Шапалақ соғылады)

Бүгінгі кешімізге еліміздің білім саласына өлшеусіз үлес қосып, талай түлектерді қияларға самғатқан қазіргі кезде құрмет демалысында отырған ардагер ұстаздарымыз да, келіп отыр. Мына залда отырған жастарға, өз лебіңіздер бен ақыл-кеңестеріңізді білдірсеңіздер.

Тылсым сазды тың ырғақ

Бойға тарар шымырлап.

Әннен асқан сұлу жоқ!

Әннен артық ғұмыр жоқ!

Ән орындайтын «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Тамила Ерболқызы Қабыл алыңыздар!

(Ән)



Құттықтау сөз, Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Монастырская Лилия Александровнаға беріледі.

Слово для поздравления предоставляется заместителю директора по нучно-методический работе Монастырской Лилии Александровне (Марапаттау)

Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет, ұстаздар, сіздерге арналады.

(Шапалақ)

Би

Жүргізуші: Күй десе оты ұшқындап жанарымның,

Тыңдағандай боламын заман үнін.

Күй шежіре жазылып ыстық қанмен,

Қасиетін сақтаған қазағымның.

Күй:............... орындайтын: Домбыра үйірмесінің жетекшісі Тоғжан Ердешқызы.

Жүргізуші: Аяулы ұстаздар, сіздерге бүгінгі кешіміз ұнап жатыр ма? Олай болса, кешімізді әрі қарай жалғау үшін ортаға (бір мұғалімді атап шақырады) Біз сізбен қазір әдемі бір ойын ойнасақ. Маған 4 адам керек. 4 адамды шақырамын. Сіздерге берілетін тапсырма мынау? Мен қазір сіздің әрқайсыларыңызға бір жағдай актерлердің тілімен айтқан «предлогамое обстоятелство» яғни, мен атаған жағдайды әрекетпен сөзсіз көрсетулеріңіз керек. Түсінікті ғой?

  1. Педагог дома (Үйдегі педагог)

  2. Педагог на пед совете (Пед кеңестегі педагог)

  3. Педагог на тое (Тойдағы педагог)

  4. Педагог в ожиданию зарплаты (Айлық күтіп жүрген педагог)

(Мұғалімдер көрсетеді. Мұғалімдер көрсетіп отырып болғанан кейін залдағы мұғалімдерге таратып береді)

  1. Какого цвета дверь входе в Центр? (Орталығымыздың кіре беріс есігінің түсі қандай?)

  2. Сколько стульев кабинета директора? (Директордың кабинетіндегі үстел саны қанша?)

  3. Самые длинные волосы в коллективе? (Ұжымдағы ең ұзын шаш кімдікі?)

  4. Самый молодой педагог в Центре? (Орталықтағы ең жас педагог?)

  5. Где сейчас находиться директор? (Директор қазір қайда жүр?)

  6. Сколько мужчин педагогов на постоянной основе работает в Центре? (Орталықта шттатағы ер педагогтер саны қанша?)



(Жас ұстаздар залда отырған ұстаздарға қызыл раушан гүлінің бір талын сыйлайды, әрқайсысы. )

Жүргізуші: Біз сіздерге-қып-қызыл гүл сыйлаймыз,

Өмірлеріңіз гүлдей құлпырсын деп.

Біз сіздерге- қып-қызыл гүл сыйлаймыз,

Денсаулықтарыңыз мәңгі мықты болсын деп.

Біз сіздерге-қып-қызыл гүл сыйлаймыз,

Отбасы да, тек жақсылық болсын деп.

Біз сіздерге-қып-қызыл гүл сыйлаймыз,

Еңбектеріңіз жемісті бола берсін деп,

Біз сіздерге-қып-қызыл гүл сыйлаймыз,

Адал еңбектеріңізге тек қана бас иеміз деп.

Аман болыңыздар, біздің сүйікті ұстаздар! Мереке құтты болсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
94
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі