Материалдар / «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
25
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адибаева Маржан Мухтаровна

Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев

атындағы гимназиясының

биология пәні мұғалімі



«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» эссе


Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айныма,
Ар сақта соны біл.
Талаптан да өнер мен білім үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл тұл!


Дала ойшылы атанған философ, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы осы өлең шумағы арқылы әрбір қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы адам деген биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

Әрбір баланың болашақтағы арманы жүрегі қалайтын мамандық иесі болу. Осы бір сұрақ сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз, себебі өміріміз мамандықпен тығыз байланысты. Қанатын қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін мойындаймыз. Себебі балалық шақта сол мамандықтың тек қаймағына құштар болатының сөзсіз. Өмірдің белгілі бір кезеңінде, адамдар мамандық таңдағанда жүрегімізді тыңдап және болашақта бүкіл өміріміздің көп бөлігін құрайтын іске деген сенімді сезіну маңызды деп ойлаймын. Тек осы жағдайда ғана осындай жауапты және өте маңызды таңдаудың жетістігі адамға өз мүмкіндіктерінің шыңында жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мен таңдау жасадым – яғни ол биология пәні мұғалімі. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.

Студенттік тәжірибеден Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектебінде өткіздім. Менің ендігі мұғалім ретінде шыңдалуыма биология пәні мұғалімі Анарбаева Айнұр әпкейдің жетекшілігімен жүрді. 8Ә сыныбында алғашқы студенттік тәжірибемді бастадым. Айнұр әпкей сабақты түрлендіру, оқушылармен тіл табысу, сыныптан тыс іс-шаралар өткізу қалай жүретіндігін үйретті. Оқушылармен жұмыс жасағанда мамандықты таңдағанда қателеспегенімді сездім, себебі бұл - менің жүрек қалауым. Мен сабақ бергенде шабыттанамын, елімнің болашақтарын қалай болғанда біліммен сусындатуым керектігін, елімнің ертеңі біз секілді болашақ мұғалімдердің қолында болатынын жауакершілікпен ұғындым.Тәжірибеден соң осы мектепте хатшы болып жұмысқа орналастым. Себебі осы ауылға тұрмысқа шығып, мамандығым бойынша жұмыс табыла қоймады. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді.

2021 жылдан бастап мектепте жүріп арасында мұғалім қызметімді атқарып жүрдім. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бірақ тұрақты жұмыс жасамағандықтан өзімді толық көрсете алмай жүрдім, жаныма жақын іс екені өзіме ғана мәлім. Біраз уақыт ойланып «Неге басқа мектептерді іздестірмеске? Тіпті алыс болса да өз мамандығым бойынша жұмыс жасаймын!» деп бір шешімге келдім. Мамандығыма деген қызығушылық пен сүйіспеншілік небір қиын әрекеттерге жетеледі, іске батыл кірісуге септігін тигізді.

2023 жылы Байзақ ауданы Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның биология пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Енді «Ұстаз» деген атаққа толық ие болдым, қызығы мен қиындығы қатар жүретін жауапты мамандық екендігін сезіндім. Ұстаз - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Мұғалімнің қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге деп білемін. Мектеп - балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.  Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет.

Мектеп табалдырығын мұғалім болып аттағанда мектепке алғаш оқушы болып келген кезімдегідей толқыдым. Себебі, менің алдымда еліміздің болашақтарына білім мен тәрбие беру міндеті тұрды. Еш қиындық болған емес деп айта алмаймын, сабақ берген әр күнімнен өзім де сабақ ала бастадым. Күнделікті баланы зерттеу менің мамандығымның бір белесі болды, білім беруде әр баланың ерекшілігіне мән беру керектігін де ұғына бастадым. Білім беру - жауапты іс. Менің негізгі басты мақсатым - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту».

Балаға дұрыс білім беру жолында мен көп ізденудемін. Қосымша әдебиеттер, жаңартылған білім жүйесі бойынша ақпараттар, баланың білімге деген ерекшеліктерін зерттеу мен үшін күнделікті жұмысым болды. Сабақ түсіндіріп тұрғанда балаларға үнемі назар аударып тұрамын. Егер бала сабаққа назар аудармай өз ойымен отырғанын байқасам, сол баланың сабақ түсінбей отырғанын сезіп, ол баланы түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сабаққа қызықтырамын. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдермен, ойын арқылы жүргізген кезде баланың қызығушылығы оянып, сабақ оқуға ынтасы артатынын сезіндім. Сондықтан биология сабағында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді үйреніп, өзім де сондай түрлендірілген тапсырмалар дайындап балаларға орындатып отырамын.

Менің алдағы мақсатым - мұғалімдік борышымды адал атқарып, ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, мəдениетті, білімді, жан - жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!