Материалдар / Ұстаз болу-жүректің батырлығы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз болу-жүректің батырлығы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі аяулы ұстаздарымыздың еңбегі мен ерлігі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2023
360
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз...бұл бір сөздің өзінде қаншама мағына,құдіретті күш,қасиетті ұғым жатыр.Адам баласының жүрегінде қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса,соның бірі ұстаз.Ұстаз өмірдің қыр сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып,жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп адамгершілікке баулитын бірден-бір тұлғалар. "Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады"-деп Абай айтқандай жақсы ұстаз мектептің жүрегі.

Сол ұстаздардың бірі әрі бірегейі ол менің аяулы ұстазым орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Зұлпыхарова Динара Тынышбайқызы."Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы"-деп бекер айтпаса керек.Сондай жақсы ұстанымға ие еткізе білген бірден-бір жан десем артық айтпаймын.

Біріншіден,орыс тілін білу ол заман талабы.Қазіргі таңда дамыған 50 елдің қатарына кіру,әлем елдерімен тереземізді теңестіру біздің мақсатымыз емес пе?Осы мақсат жолында келешек ұрпаққа тіл үйрететіп,сауатын ашып жүрген ұстаздардың ерен еңбегін ескермеске болмас!

Екіншіден, Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз  бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңші!Динара апай жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар,шәкірт жүрегіне гүл егер бала жанының бағбаны аяулы ұстаз.

Ұстаз болу оңай іс емес.Қызығы мен қиындығы мол жолда еңбек еткен ұстаздардың еңбегі ұрпаққа үлгі.Дәл осы сәтте ақын Ғафу Қайырбеков атамыздың мына өлең жолдары еске түседі

Ұстаз болу-жүректің  батырлығы.

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу мінездің күн шуағы.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санайды. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай әр педагогтың болашағы үшін алаңдайтын апайымыздың еңбегі еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсе де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтпайды. Ол кісі үнемі ізденіс үстінде жүреді. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады.

Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында", - дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу - жүректің батырлығы!Аяулы ұстаздарымыздың бізге сіңірген еңбектері өте зор.Оларды құрметтеу,үлгі тұту,мақтан ету біздің басты парызымыз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!