Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз деген ұлы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен мұғалімдерге арналған қосымша құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сүндетова Клара Жұбатханқызы


ЭССЕ


Ұстаз деген ұлы есім


Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға...,-

деп ұлы Абай айтпақшы, ұстаз болу оның биік шыңына жету,шәкірт дайындау өмірде өзіндік орны бар ерекше құбылыс. Тұлға. Ұстаз. Заман.Уақыт. Осы төрт нәрсені ұштастыра білген білімді ұстаз ғана өмірде өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондықтан да басқа мамандық иелерінің баршасы ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

Жаһандану  заманында  ұлт­­тық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көр­сет­кіші – білім  деңгейімен  өлше­неді.  Сондықтан,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігіп,  білім  беру  жү­йе­сін  халықаралық  биікке  көтеру  кезек күттірмейтін  өзекті  мәселе.Бұл  мәселені  шешудің  кілті  ұс­таз  қолында.  Өйткені,  ұстаз  ел­дің ертеңгі  тізгінін  ұстайтын  ұрпақ  тәрбиелейді.  Адам  тәр­бие­леу  – ұлы міндет.  Ол  міндетті  атқарушы  –  ұстаз.  Ұстаздың  негізгі  құралы  – сабақ.

Менің  түсінігімдегі  ұстаз – рухы  таза,  ой – өрісі  биік,  ұлты  мен Отанының  болашағы  үшін  тер  төгіп,  шыдамдылық  пен  та­бандылықтың  үлгісін  көрсетуші,  өз  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен білімін  болашақ  ұрпақтың  бақыты  мен  кәдесіне  жаратып,  қоғамды өрге  өркендетуші,  жа­ңа­шылдықтың  бастаушысы,  жү­ре­гі – жылы,  көңілі – дарқан  адам.

Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де болар.  Бұл  мамандық  содан  да  киелі.  Жан – Жак  Руссоның  «Ұстаз  болу  –  өз  уақытыңды  аямау,  бас­қаның  бақытын  аялау»  деген  нақыл  сөзі жаныма  өте  жақын.

Ұстаз  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның  бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.  Шәкірті  өзінен  оз­ған  ұстаз  – еңбегі  ақталған  ұстаз.  Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз   үз­дік­сіз  ізденісте  болып,  қоғам  сұ­ра­нысына  сай  білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі  дамытып,  жетілдіре  алатын  болуы қажет  деп  ой­лай­мын.   Мен  ұстаздықтың  ауыр  жү­гін  арқалауды  өз  жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай  қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу.

Мен қазір біздің елімізде қа­лыптасқан мұғалімдік маман­дық­қа мектепте  негізінен  орташа  оқыған  білім  алушыларды  қа­был­дап,  олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяла­ры­на жіберетін құрсаудың  бұзы­лып,  ұстаз  мамандығы  ең  жоға­ры  ең­бекақы  төленетін  үз­дік  ма­мандыққа  айналса  деп  ар­ман­дай­мын.  Өйткені,  жаңа  ға­сыр­да  ғы­лымның,  техниканың,  өн­дірістің  қарқындап  өсуі  білім  берудің  бар­лық  жүйесін  жүйелі  дамы­ту­ды  талап  етіп  отыр,  жаңа  мүм­кін­діктерге  жол  ашу  үшін  іргелі  өзгерістер  керек.

Иә, қазір  жаңа  типті  мектептер  салынып,  пайдалануға  беріліп жатыр.  Дарынды  балалармен  жұ­­мыс  бағдарламасы  жүзеге  асу  үс­тінде.  Жастарды  шетелдерде  оқы­­­туға  мүмкіндік  алдық.  Жаңа  буын оқулықтар,  электронды  оқу­лық­тар  білім беру  ісіне  ене  бастады.

Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».

«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік ережем- ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».

Осы маманға лайықтылығымның айнасы ретінде іс-тәжіріибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артылуына ,жетілуіне қол жеткіздім.Оның дәлелі республикалық,облыстық,қалалық байқаулардағы жүлделі орындар.

Осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда  Елбасы Н.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  ет­іп,  өмір  сүретіндер  – бүгінгі  мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұс­тазға  жүктелетін  міндет  ауыр» – деген  еді.  Біз  осы  сөзге  сай  болуымыз  керек.

Алғаш мектеп табалдырығын аттап, қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Өміріме бағыт берген, кәсібімді үйреткен, тіршілігіме нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Мектептегі ұстаздарды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Мұғалімнің бойында бар қуатын оқушыға сар-қып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу – кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Оған жүректілік пен қайсарлылық қажет . Демек мен өз мақсатыма, арманыма жеттім деп ойлаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
772
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12