Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ұстаз жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық еңбек жолындағы тәжірбиелерім туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз жолы

«Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға»-деп
Абай Құнанбайұлы айтқандай, мен Абилбекова Арайлым Жолболдықызы бала кезден мұғалім болуды армандап,өзімнен кішкентайларға, тіпті бос партаға сабақ беріп, мұғалім болып ойнайтынмын. Мен Райымбек ауданындағы Жалаңаш ауылында С.Бейсембетұлы атындағы орта мектепті аяқтадым. Осы мектепте оқып жүргенде ұстазым Гульдана Токтымановаға қатты еліктейтінмін. Сабақ беруі, мектепте өзін ұстауы,әр бір оқушымен қарым-қатынасы, сынып жетекші ретінде бізге кез-келген іс-шара, білімге қатысты бәйгелерге дайындықта жан-дүниесімен араласып,сені түсініп, бәрінен бірінші,бас жүлде алатынбыз. Үнемі сабаққа дайындықпен келіп, мектептегі іс-шараға белсенді қатысатынмын.Сыныптастарым «идеяға толы қыз» –деп те атайтын. Сыныпқа қатысты газет-журнал шығаратын болсақ, сол газеттің авторы өзім болатынмын. Спорттық жарыстарға да белсене қатысып,ауылдық,аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болатынбыз.Гульдана апайымыз бәріміздің арманымызды біліп,сол арманға жетуге көп көмектескен аяулы жан. Осы аяулы ұстазымның арқасында мен арманыма қол жеткізіп, Алматы қаласындағы №172 мектеп-гимназияға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қабылдандым. Аталған мектепте 5 жыл қызмет еттім. Өмірдің ағымымен тұрмысқа шықтым. Содан кейін еңбек жолымды №181 жалпы білім беретін мектепте жалғастырдым.Еңбек өтілім 15 жыл. Алғаш ұстаз болған күннен бастап,бойымда үлкен мақтаныш кернеді. Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Үнемі алдыма келген оқушыларыма сүйсіне қарап, өзімде бар біліміммен бөлісуге асығамын. Әр сабағымды қызықты етіп, дайындықпен келемін. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы екені белгілі. Қазіргі таңда баланы сабағыңа қызықтыру үлкен еңбекті талап етеді. Кеше ғана егемен алған еліміздің ұрпақтары болашақта білімді болу керек. Осы елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында әрине мектеп тұр, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы – ұстаз тұрады.Осыған орай қазіргі ұстаз заман талабына сай маман иесі болуымен қатар оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының жете меңгерген әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын жасап отыру қажет.Соның негізінде оқушыларым аудандық,қалалық, республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары. Сонымен қатар үнемі сыныппен жұмыс жасадым. Сынып жетекші ретінде көптеген жетістіктерге жеттім. Әбу Нәсір Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» , деп айтқан. Яғни оқу мен тәрбие-егіз. Ол бір-бірімен бөліп алып қарауға болмайтын үрдіс. Еліміз егемендігін алғаннан бері, тәрбиелеп келе жатқан ұрпақтарымыз еліміздің болашағы. Осы тұрғыда мен педагог ретінде тәрбиелеп,білім беріп отырған шәкірттерімнің жеке бір тұлға болып қалыптасып,өз ойы бар, елдің қамын ойлайтын азаматтар болғанын қалаймын. Сонымен қатар мен өз халқының мәдениетін, тілін,әдебиетін,салт-дәстүрін құрметтеп қарайтын нағыз мәдениетті тұлғаны қалыптастыру жолында еңбек етіп келемін. Осы еңбегімнің арқасында көптеген марапаттарға жетіп отырмын. Атап айтқанда қалалық білім басқармасының Құрмет грамотасы, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет граммотасы, «Қазақстанның ұлағаты ұстазы»төсбелгісі, түрлі газет-журналдарға мақалаларым жарық көрді.

Мен педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жаңа тұжырымдамаларды жүзеге асыру, оқушылармен ерікті қарым- қатынас жасап, оларға ғылыми шығармашылық жұмыс мазмұнын түсіндіріп,оны жетілдіріп, өз шығармашылығын қосып өзіндік пікір айтуға үйрету,өзіндік жеке басының үлгілі мінез -құлқымен өнеге бола білуге тиісті екенін саналы түсініп, оны орындап жүруге әрдайым дайын болу,оқыту мен тәрбиелеу әдістерін педагогикалық тәжірбиелермен жұмыс жасап келемін. Ия, бүгінгі күннің мұғалімі-шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі әрдайым жоғары болуы керек,сонда сабақ беру сапасы арта түсіп,еңбегі жанады.

Мектептегі педагогтардың педагогикалық шеберлік тәрбиесі мен оқытуы- тәрбие жұмысының басты көрсеткіші шәкірттердің білімі болмақ. Білім берудің мақсатын айқындау үшін Аймауытов Жүсіпбектің мына сөзін еске алған жөн: “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен, ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе,міне,білімділердің көздейтін түпкі мақсаты-осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекке жетілуіне мықты негіз салуы керек”. Ия бала тәрбиесіне ата-ананың ықпалы қаншалықты әсер етсе,мектеп қабырғасында мұғалімдердің берген білімінің әсері болмақ. Бала ақ қағаз болса,сол қағазға дұрыс жаза білу ұстаздың шеберлігі. Педагогтар үнемі шәкірттеріне елінің арқа сүйер азаматы,келешектің иесі,білімнің жалғасы,адал,жеке тұлға деп қараған. Ақыл айтып,өнерлі тапқыр азамат болып өсуіне тәрбиелеген,ел қамын ойлайтын сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болып қалыптасуына қатаң талап қоя білген. Баланы жастан тәрбиелеуге тапқыр,сабырлы, байсалды азамат қылып өсіруге талаптанған. Осы жерде туындайтын мәселе педагог шеберлігі. Ол не? Яғни педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды үнемі жақсы көретін және баланы тыңдай білетін, өз қалауымен жұмыс істей алатын әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог дегеніміз — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Әр бала бір әлем, шәкіртінің жан дүниесін ұғынып, қоршаған ортаға, ондағы әр түрлі табиғат құбылысына деген сұрағына жауап алуына көмектесу үшін бала психологиясын жетік біле отырып олардың қызығушылықтарына ұғымды да түсінікті жауап бере білу. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
112
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11