ҰСТАЗ ЖОЛЫ - ӨНЕГЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰСТАЗ ЖОЛЫ - ӨНЕГЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалай дөп басып айтқан, шіркін! Расымен де «ұстаз» тарихта аты алтын әріптермен жазылуы тиіс тұлға! Олай болса, ақын өлеңінде дәріптегендей біздің алтын ұстаздарымыздың зейнет жасына жетуіне орай ұйымдастырылған «Бейнеттен - зейнетке» атты мерекелік кешке
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ

«Бейнеттен – зейнетке » атты зейнеткерлікке шығарып салу кешін жүргізу жоспары



  1. Сахнада ұстаз туралы әсем әуен ойнап тұрады.

  1. Ортаға жүргізушілер шығады.

  2. Қонақтарды мерекелік кеш өтетін орынға шақыру.

  3. Мерекелік кешті бастау.

  4. Зейнеткерлікке шығатын ұстаздарды ортаға шақыру.

  5. Кеш қонақтарымен таныстыру.

  6. Ашып беру үшін мектеп директоры мен кәсіподаққа сөз

  7. Өмір дерекпен танысу, видеоролик тамашалау.

  8. Сарапхана ауыл әкіміне сөз беру

8. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға сөз беру

9. Денешынықтыру. ПБЖ

10. Видеоқұттықтауларға кезек беру.

11. Шәкірттеріне сөз беру.

12. Ұл – қыздарына сөз

13. Кеш кейіпкерлеріне сөз.










(Сахнада ұстаз жайлы әсем әуен ойнап тұрады)

Жүргізушілер ортаға шығады.



1 – жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты қонақтар!



2 – жүргізуші: Армысыздар, Құрметті де аяулы ұстаздар!



1 – жүргізуші:  Бүгін мектебімізде керемет күн! Ұстаздарды ұлықтайтын ұлы мереке болғалы тұр!



2 – жүргізуші: Бүгін мектебімізде 40 жылға жуық аянбай қызмет еткен ардақты да аяулы ұстазымыз ........................................................................................

зейнеткерлікке шығарып салу құрметіне арналған керемет кештің куәсі боламыз!



1 – жүргізуші: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Ұстаз жайлы қаншама ақын қалам тартпады десеңізші? Соның бірі ақын Ғафу Қайырбеков былай дейді:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Қалай дөп басып айтқан, шіркін! Расымен де «ұстаз» тарихта аты алтын әріптермен жазылуы тиіс тұлға! Олай болса, ақын өлеңінде дәріптегендей біздің алтын ұстаздарымыздың зейнет жасына жетуіне орай ұйымдастырылған «Бейнеттен - зейнетке» атты мерекелік кешке

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!






2 - жүргізуші:



Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыңдар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарыма нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар – демекші,

бүгінгі мерекелік кештің әрін кіргізетін ұлағатты ұстазымыз Абуов Талғат ағайды қошеметпен ортаға шақырайық. «Алты Алаштың баласы бас қосса төрдегі орын - ұстаздардікі» - деп, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай келіңіздер құрметті ұстаздар! Мерекелік кештің төрі сіздердікі. Ұстазымыздан қошеметті аямайық.

(Ұстаз жайлы әсерлі ән қойылып, кеш кейіпкерлерін барша қонақтар қошемет көрсетіп, ортаға шақырып, мерекелік кештің төріне жайғастырады.)



2 - жүргізуші:

Бойыма алаулатып күш - жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі - бақи ұстазымды – деп, ақын жырлағандай ешкім ешқашан өзіне білім мен тәрби еберген ұстазын ұмытпаса керек. Бүгінгі «Ұстаз жолы өнеге» атты мерекелік кешімізге арнайы ұстаздарын ұмытпай құрмет – қошемет көрсетуге келген шәкірттер мен , ұстаздарымызға деген ақжарма , ақ тілектерін білдіру үшін арнайы шақырылған қонақтарымызбен таныс болыңыздар.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________





2 - жүргізуші:


Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші — кәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен – деп, бүгінгі мерекелік кешті ашып беру үшін және ізгі тілек , ниетін білдіру үшін сөз кезегі мектеп директоры Тургымбаева Манзура Сырымқызына беріледі.


1 – жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі,

Ән – шашу әсем  әуен, түрлі өнер.

Бүгінгі күн сіздерге арналады – деп, мерекелік кештің шымылдығын ашатын алғашқы өнерпаздарымыздың мың бұралып билейтін өнерін тамашалаңыздар!



 Ән Беркімбаева Ажара апайдың оорындауында ____________________________________________________

(Өмір дерек).

2 - жүргізуші:
Адам-өз өмірінің сәулетшісі.Даралар да,қаралар да,даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды.Оның мәнді де сәнді,мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін бойына мол дарытқан бүгінгі кештің кейіпкері Раева Зарипа апайдың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі. Ендеше ұстазымыздың өмірдерегіне назар салыңыздар.

Раева Зарипа Күзенбайқызы 03 желтоқсан 1962 жылы О.Қ.О, Ленин ауданы, Қызылқия елді мекені, Ынталы ауылында өмірге келген. Алғаш мектеп табалдырығын 1969 жылы аттап , 1980 жылы «Комсомол» орта мектебін «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Алғыр да аңғарымпаз, мектепті үздік оқыған шәкірт 1980 жылдан бастап «Ынталы» орта мектебінде пионер важатый болып жұмыс істейді. 1982 жылы Шымкент педагогикалық инистутының тарих және қоғам тану мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1987 жылы аталған оқу орынынан жоғары білімді аяқтап шығады. 1985 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебіне кітапханашы болып жұмысқа орналасады. 1986 -2004 жылдар аралығында тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады. Осы жылдар аралығында жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен,жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен,заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып бірнеше шәкірттерді тәрбиелейді.

Атап айтқанда мектептің 1985 жылғы түлектерге 1- сыныптан – 11 – сыныпқа дейін жетекшілік етіп, білім ұясынан ұшырған. 1983 жылғы түлектерге алғаш қалам ұстатып, әріп танытып, бастауыш сыныпта жетекшілік еткен. Бүгінде сол шәкірттер елдің дамуы мен өркендеуі жолында т.рлі қалада, түрлі салада қызмет етуде. 2005 – 2013 жылдар аралығында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2013 Осы кезеңнің ішінде қоғамымыздың ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік жүгі де салмақтай түсті. Ұстазымыздың бойындағы тағы бір ерекшелігі – ол өзі үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі еді. Мектептегі тәрбие жұмысының дамуына үлес қосушы, жаңа істердің жаршысы болып, осы бағытта өткізген сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Жусаннан аласа, бетегеден биік кішіпейілдігі, құйса толмайтын, толса аспайтын парасаттылығы, еңбекқорлығы, ізінен ерген көп ұстазға үлгі болды.

Осы жылдар аралығында ұстазымыз мұғалімдігімен қоса әкімшілік қызметін де алып жүріп, мектеп ұжымына да жол көрсете білді.

Ұстаздың бұл еңбегі өз кезегінде еленіп, бірнеше аудандық, облыстық, республикалық мараппаттарға ие болды.

2018 жылы Республикалық ғылыми «Өрлеу» орталығының «Құрмет грамотасы»

2019 жылы Қазығұрт ауданының «Құрмет грамотасы»

2019 жылы Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты»

2019 жылы «Ы.Алтынсарин» медальі

2020 жылы Түркістан облысының «Құрмет грамотасы»

2021 жылы Түркістан облыс Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты»

2022 жылы Қазығұрт ауданының әкімі «Алғыс хат»

2023 жылы Қазығұрт аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінен үздік шәкірт дайындағаны үшін ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ

2023 жылы Қазығұрт аудандық мәслихатынан «Алғыс хат»



Отбасында жолдасымен бірге 3 ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана, бірнеше немерінің асыл әжесі.

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, толсын. Өмір жолыңыз ұзақ болып, бейнетіңіздің зейнетін көріңіз. Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

(Ғибратқа толы өмірдеректен естелікке толы сәттерді тамашалау үшін экранға назар салуларыңызды сұраймын.)



1 – жүргізуші









Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де,қызықты,шым -шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Бүгінгі кештің тағы бір кейіпкері ардақты ұстаз Сапаров Мұқан Тұрапбайұлы 1961 жылы 8 қаітарда О.Қ.О Қазығұрт ауданында Сарапхана ауылында дүниеге келген. 1968 – 1978 жылдары Ыбырай Алтынсарин атындағы 10 жылдық мектебін бітірген соң, О.Қ.О М.Әуезов университетінде денетәрбиесі және алғашқы әскери дайындық мамандығын аяқтап шығады. 1980 – 1982 жылы Армия қатарында қызмет атқарады. 1983 Ф.Энгелсь мектебінде денетәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 1989 жылы Көкібел мектебіне өз мамандығымен ауысады. 1994 жылы Ыбырай Алтынсарин мектебіне денетәрбиесі пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. 1994 жылдан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары , 1998 жылы мектеп директорының тәлім – тәрбие жөніндегі қызметін атқарады. 1990- 1994 жылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде денетәрбиесі пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. 2004 жылы Ыбырай Алтынсарин мектебіне алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі болып, өз жұмысын жалғастырады. 2022 жылдан бастап мектепте денетәрбиесінің нұсқаушысы қызметін атқарып келеді. Осы жылдар аралығында өз шәкірттеріне ұлттық рухта, патриоттық тәлім – тәрбиені терең сіңдіреді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік пен адалдыққа бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Оның бойындағы “ақырын жүріп, анық басатын” байсалдылығы мен өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына, іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан мол рухани азық алғанымызды мақтаныш етеміз.

Ұрпақ тәрбиесі жолында атқарған еңбегі елеусіз қалған жоқ.Бірнеше аудандық, облыстық, республикалық «Алғыс хаттардың» иегері.

2013 жылы 1 тамызда «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған.

2013 жылы 22 мамырда Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен марапатталған.

2020 жылы 27сәуір «Еңбек даңқы» мед марапатталған .

2018 жылы 11 сәуірде Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл мерейтойлық мед марапатталған.

2022 жылы Қазығұрт аудандық маслихат хатшысы Ө.Көпеевтің алғыс хатымен марапатталған.

2020 жылы 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні Түркістан облысы кәсіподағының төрағасы Б.Қуандықовтың алғыс хаты марапатталған.

Отбасында жұбайы мен бірге бір ұл мен бес қыз тәрбиелеп өсірген, ардақты әке асыл жар, аяулы ұстаз бірнеше немерелердің атасы.

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіз,сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл ұстаз, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Қадірлі Сапаров Мұқан Тұрапбайұлы ! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

(Ғибратқа толы өмірдеректен естелікке толы сәттерді тамашалау үшін экранға назар салуларыңызды сұраймын.)








2 - жүргізуші:

Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры – деп , келесі құттықтау сөз Сарапхана ауылдық округінің әкімі Күзенбаев Қуандық Таласұлына беріледі.


1 – жүргізуші:


Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

ӘН: ____________________________________________________________





2 - жүргізуші: Айгүл, осы екеуміз бүгінгі мерекеде ұстаздар туралы нақыл сөз айтып жарысып көрсек қайтеді?

1 – жүргізуші: Ал ендеше бастаңыз!

2 – жүргізуші: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

1 – жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2 – жүргізуші:   «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1 – жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2 – жүргізуші: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»

1 – жүргізуші: Айгүл апай екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.



2 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, бүгінгі мерекеде біздің арамызда осы айтылған теңеулердің бәріне лайықты, ұлағатты ұстаздарымыз отыр. Келесі құттықтау сөз мектеп әкімшілі мен ұлағатты ұстаздар қауымына сөз кезегін береміз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2 – жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы елдің болашағы

ӘН: _______________________________________________







1 – жүргізуші: 


Ұстаз деген жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен.

Бар әлемге еңбегімен еленген,

Сенің бағың өрге қарай өрлесе

Ол да бірге қуанышқа кенелген.





2 – жүргізуші:

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой,  ұстаз тілін алғаның,

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып  жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иелік мәңгілік – деп, келесі құттықтау сөз пән бірлестік жетекшілерге беріледі. ТАРИХ ПӘНІ МЕН ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ мғалімдеріне .


1 – жүргізуші:

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.


2 – жүргізуші
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.


















ӘН: _____________________________________________________





1 – жүргізуші: Менің ойымша, Айгүл апай «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебеі ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек ұштасуы шарт. Ерінбей еңбек етіп, бала жанын баурап, бағбан балу ұстаздың шеберлігі.



2– жүргізуші:Айгүл  мен осы сөздің дәлелді болу үшін мына жыр шумақтарын оқып берейін.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,

Мұғалімді ардақтайды барша жан.

Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын

Шәкірттерін озінен де озғанын – деп, келесі құттықтау, кешегі бала шәкірттер, бүгінгі дана шәкіртке айналып, ел үшін аянбай қызмет етіп, жұмыс бабаымен келе алмаса да , ұстаздарына деген жүрек түкпіріндегі ізгі тілектерін жолдаған екен, экранға назар аударайық!

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



1 – жүргізуші:

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші.Ұстазда дихан сияқты, ол әр адамның жанына білі дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады.Дәліре айтсақ адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.Өз бойындағы асыл қасиеттеді шәкірттеріне сіңіріп тер төгеді.

Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.


Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.


Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

2 -  жүргізуші


Мұғалім – ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңды,

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың ана.

Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп, деп ақын жырлағандай ұстаздарына бас иіп, ақ тілегі мен алғысын білдіру үшін арнайы келген шәкірттеріне сөз беріледі.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1 – жүргізуші:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

ӘН: ________________________________________________________________


Құрметті кеш қонақтары және ұстаздар бүгінгі кеш кейіпкерлері тек қана ұлағатты ұстаз ғана емес, отбасында аяулы ана, ардақты әке. Ұл - қызының болашағы үшін тер төккен асыл жандар. “Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы” , бала әкеден – ақыл, шешеден мейір көріп өседі деген сөздер текке айтылмаған. Олай болса келесі құттықтау сөзді тәрбиелеп, өсірген ұл – қыздарына береміз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу - өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәт тек қана адал еңбегімен өмір сүрген адамның мақтанышты көңіл-күйіне толы болса да, оның жұмыс ұжымымен қоштасуымен ұштасқан жабырқаулы күйімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды жасай отырып, өмірдің өзгеше бір жаңа сатысына бет бұру болып табылады.

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында

Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Кеш кейіпкерлеріне сөз.



Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіздер! Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Ағайын — туыстың құрметіне, бөленген әдемі ғұмыр кешіңіздер! Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күндеріңіз құтты болсын! Еткен еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай — сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже, ата деген атты иеленіп жүре беріңіздер! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!


Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Зейнет жасың ұстаздар құтты болсын!





12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2024
94
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі