400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰСТАЗ-КЕЛЕШЕКТІҢ КЕМЕЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ардагер ұстаздарды дәріптеу. Жас химия және биология мұғалімдеріне дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұ СТАЗ-КЕЛЕШЕКТІҢ КЕМЕЛІ


Тұрғанбаева Несіпкүл Асқарқызы

Химия пәнінен сабақ берген ұстаз. 2017 жылы зейнет демалысына шыққан.




Тұрғанбаева Несіпкүл Асқарқызы 1959 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылында дүниеге келген.

1966 жылы М.Ю.Лермонтов атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1976 жылы осы мектепті үздік бағалармен бітірді. 1976 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология-химия факультетінің студенті атанып 1981 жылы бітірді.

Оқуды жақсы бағамен аяқтап, дипломын қолына алып, еңбек жолын өзінің туған ауылындағы мектептің мұғалім қызметінен бастайды.

1982 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жақаев ауылының тұрғыны Отарбаев Әбдімүтәлмен отбасын құрады.

1982 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы «Қосүйеңкі» мектебінің бастауыш сыныптарына мұғалім болып орналасты.

1984 жылы №149 «Қызылту» орта мектебіне биология, химия пәндерінің мұғалімі болып ауыстырылып, осы мектепте 2017 жылдың желтоқсан айында зейнет демалысына шықты. Қазіргі таңда апайымыз отбасының ұйытқысы, әулетінің сыйлы, абыройлы анасы, немерелерінің сүйікті әжесі болып болып отыр.


Тұрғанбаева Несіпкүл Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін үздік оқып бітірді.

Несіпкл апай оқушысы

Жеңіспен бірге .



Кім ойлаған сіздердей жан тарих бетін,
Айналдырар ғажайыпқа қазақ үшін.
Талай жылғы жұмсаған еңбектерің,
Бұдан былай әрқашан да жана берсін.

Апай 1981 жылдан 2018 жылға дейін қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолмен жүріп келді. Асқарқызы Несіпкүл мектепте жұмыс атқарған жылдары химия кабинетінің жетекшісі, әдіс бірлестік жетекшісі қызметтерін атқарған. Апай Облыстық озат тәжірибелері мектебінің мүшесі болған.Облыстық семинарларда баяндамалар оқып, сабақтар көрсеткен. Осындай тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мұғалім жайлы мақала, суретімен аудандық газетте жарияланып, аудандық білім бөлімінің мақтаулы қстаздарға арналған кітапшасында суреті мен мұғалім жайлы мақала жазылған.

Мұғалімнің «Сюжеттік-рольдік ойындар» тақырыбындағы педагогикалық оқуға жіберген жұмысы ауданда жоғары бағаланып, облыстық педагогикалық оқуға ұсынылды.

Аудандық «Химияны оқытудың жаңашыл, тиімді әдістемелік жүйесі» атты семинарда «Озық дидактикалық үлгі» бағамы бойынша І-ші орынды иеленіп арнайы дипломмен марапатталды



Несіпкүл Асқарқызының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» атты іс-тәжірибелік жинағынан


Аудандық «Химия, биология пәндері бойынша оқушыларды бағдарлы, бейінді оқыту проблемалары, ізденістер, шешімдер» атты ғылыми конференцияда «Ауыл шаруашылығындағы химия» қолданбалы курсы бойынша 10, 11 сыныптарға арнап жасаған авторлық бағдарламасы жоғары бағаланып, арнайы алғыс хатпен марапатталған.

Осындай нәтижелі еңбектері елеусіз қалмай, Тұрғанбаева Несіпкүл Асқарқызы Облыстық білім басқармасының, Аудандық білім бөлімінің, «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Марапаттаулары: 2014 жылы Шиелі аудандық білім бөлімі Құрмет грамотасы;

2016ж Шиелі аудандық білім бөлімі Құрмет грамотасы;

2016ж Қорқыт Ата ҚМУ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор И.А.Таутеновтің Алғыс хатымен марапатталған;

2013жылы Обл. білім жетілдіру орталығында Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесінде оқытуды басқару тақырыбында курсына қатысып «Сандық білім қорын химия пәнінде тиімді пайдалану» тақырыбында мазмұнды баяндама жасағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды;

Несіпкүл апайдың авторлық бағдарламала жұмыстарының нәтижелері


2012, 2017жылдарыаудан әкімінің Алғыс хаты. 2003 жылы Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің Құрмет грамотасы;

2017ж Облыстық білім департаментінің және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің Құрмет грамотасы;

Курстан өткен жылдары:

Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында

16.09.2005ж. «Химиядан жаңа буын оқулығын интерактивті әдістер арқылы оқыту» тақырыбында біліктілігін арттырды.

03.03.006ж. «Негізгі және бейіндік мектеп оқушыларының функционалды сауаттылықтарын дамыту» тақырыбында біліктілігін арттырған.

18.03.2011ж. «Нәтижеге бағытталған білім мазмұнына сәйкес пәнді оқытудың өзекті мәселелері»

Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.

09.11.2012 жыл. «Қазіргі білім беру жағдайында химия пәнін оқытуда құзырлылық амал тұрғысынан қамтамасыз ету»

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. АҚҚ филиалы.

2013 жылы 25 қазан . Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесінде оқытуды басқару тақырыбында «Өрлеу» орталығында.

Айта берсек, Несіпкүл апайдың мектебімізге жасаған жұмыстары өте көп, бұл аталған мектепте өзінің ерекше орны бар, ұлгілі, үздік ұстаз. Қаншама шәкірттері қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде дәрігер қызметін атқаруда, қаншама шәкірттері дәрігерлік мамандықта оқуларын жалғастыруда. Апай сонымен қатар мектепке келген жас мамандарға тәлімгер болып, бағыт-бағдар беріп, білікті, білгір маман болуына септігін тигізген. Апайдың берген бағыт-бағдары бойынша, өзінің білімін көрсетіп, өзі де талай шәкірттерді білім нәрімен сусындырып жүрген Алшынбай Ұлзат № 270 мектебінде химия пәні мұғалімі, және де қазіргі таңда өзінің ізбасары Нысанбаева Ақмарал атты жас химик №149 мектепте Несіпкүл апайдан алған тәлімі бойынша өз жұмысын атқаруда.

Несіпкүл апайдың білімін азық еткен шәкірттері, ауылымыздың белді тұлғалары ретінде қалыптасып келе жатқан, өмірден өз жолын тапқан шәкірттері қаншама. Олардың бірнешеуіне тоқталып өткеніміз дұрыс болар:

Оқушылар жетістігі: «Құзырлы маманды қалыптастыру – педагогиканың мәселесі» тақырыбындағы облыстық ғылыми конференцияда. № 149 «Қызылту» орта мектебінің 10 б сынып оқушысы Нәрзілдаева Баян «Дарабоз» интеллектуалдық сайысында 2015ж.І орын иеленіп, 2016ж сертификатпен марапатталды.

Болашақтың ғылымы: Жасыл химия облыстық форумында жасыл химиялық білім беру аспектілері» семинар – тренингке қатысқаны үшін. 2016ж Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінде Болашақтың ғылымы: жасыл химия атты облыс форумы аясында өткізілген «Жасыл химия кереметтері» атты командалық жоба конкурсының І кезеңінің жеңімпазы №149 «Қызылту» орта мектебінің «Зерде» командасы марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың кезеңінде орын алған оқушылары:

Төребекова Гүлмайра ІІ орын, Отарбаева Фарида ІІ орын, Жұманова Нұрбану ІІІ орын, Шохаева Ақтолқын ІІІ орын, Бектұрғанова Жеңіс 2012, 2013, 2014 жылдары І, ІІ, ІІІ орындар алған.

2017ж. Басқар Бибінұр Аудандық Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен өткен олимпиададан ІІІ орын алған.



Несіпкүл апайдың авторлық бағдарламала Аудандық білім бөлімі құрмет грамотасы-2014ж

жұмысы үздік деп танылды


Мектеп директорының құрмет грамотасымен марапатталған


Облыстық білім басқармаларының құрмет грамоталары

Не жетеді бағаңа, Күндей етіп көтердің Ақ сүтіңді анажан, Немен ғана өтермін

Ана –ол қашан да – «Ана». Ол мәңгі Ана болып біздің жадымызда қалмақ.Анадан асыл да, ардықты жан бұл дүниеде жоқ. «Ананың сөзі алтын, күлкісі күміс», Күн нұры қанша шуақты болғанымен ана мейірімін қайталай алмайды» деген халық нақылында қаншама сыр жатыр десеңізші...Ол тек қана   нағыз ұстаз  ғана емес, өз отбасының мәуелі бәйтерегі. Жолдасы Әбдімүтәл екеуі үш қыз, бір ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеуде. «Әке көрген –оқ жанар, ана көрген – тон пішер» демекші апайымызбен ағайдың ыстық, аялы алақаны мен бойына сіңірген білімдерінің арқасында ұл-қыздары химия және биология пәндеріне өте жақын болып, медицина жолын таңдайды. Қазіргі таңда үлкен қызы Отарбаева Фарида дәрігер-терапевт, ортаншы қызы Отарбаева Жадыра – дәрігер педиатр, Отарбаева Әлия - логопед, Кенжебай Олжас – технолог.














Өмірлік серігі Мүтәлмен бірге Несіпкүл Асқарқызы қыздарымен


Адамдықтың шегінен аспай тұғын – ұстазым.
Адалдықтың жолына бастай тұғын – ұстазым.
Қылығына шаланың саспай тұғын – ұстазым.
Құпиясын баланың ашпай тұғын – ұстазым.
Қиындықты жеңуден қашпай тұғын – ұстазым.
Әзіл-қалжың айтып та тастай тұғын – ұстазым.

В.Маяковскийдің ұлағатты сөзі, «Ұстаз бос уақыты жоқ, ұстаз болу - өз себебі барлық уақытын аямау, күш-жігері жас ұрпақты өзгенің бақытына тәрбиелеуге кетеді. Әр ұстазды аялау үшін өз оқушысының жетістіктерін көру бұл - бақыт. Тұрғанбаева Несіпкүл апайдың өмірінің өнегелі жолдарымен танысқан әрбір буынға және келешек ұрпақты тәрбиелеу ісінде жаңа бір серпін, тың күш беретіндігін дәлелдей түскендей. Әрбір оқушы үшін өз өлкесінің тарихын танудан, адамдарының өмірін зерттеп білуден қастерлі ештеңе жоқ.Ұстаздар алдындағы саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу болса, олардың бойына ізгілік нәрін себу басты қағида болуы тиіс. Ия, біздің әрбір қадірлі ұстаздарымыз өмір жолдары бір тарих. Оны түсінуге, білуге, құрметтеуге ұмтылу жас келешек сенің парызың!

Игі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!
Жүрегіңіз елім деп соға берсін, ұстазым!
Жадыңызда жақсылық қала берсін, ұстазым!
Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін, ұстазым!
Әр уақытта денсаулық бола берсін, ұстазым!

















Мақала авторлары:

«№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебі» КММ-нің 9 «Б» сынып оқушысы:

Жұмабай Нұргелді


Жетекшісі:

№149 Ә.Монтаев атындағы орта метебі КММ-нің химия пәнінің мұғалімі Нысанбаева Ақмарал

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
341
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі