400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала ұстаз тәлімі, тәрбиесі жайлы. Мақаланың тәрбие сағаттарына көмегін тигізеді деп ойлаймын. Мақаладағы Томсон ханым секілді апайлар Қазақстанда да көптеп кездеседі. Сондай ұстаздардан үлгі алу керек деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰСТАЗ ТӘРБИЕСІ

Бұл бірнеше жыл алдын бастауыш сынып мұғалімінің басынан өткен бір хикая.

Есімі Томсон ханым. Оқудың бірінші күнінде ол да басқа мұғалімдер секілді 5-шы сынып оқушыларына өтірік сөйледі: Барлық мұғалімдер секілді, оқушаларға қарады және олардың барлығын бірдей жақсы көретінін айтты. Бұл мүмкін емес еді, себебі алдыңғы қатарда басын иіп отырған бір оқушы бар еді. Есімі Тедди Стоддорд.

Осыдан бір жыл алдын Томсон ханым Теддидің басқа балалармен ойнамайтынын; киімдерінің кір-қожалақ екенін және ұзақ уақыттан бері жуынбайтынын байқапты. Теддиді үнемі мұңайып жүргенін көретін.

Бір күні Томсон ханымға әр оқушының құжаттарын тексеру керектігі бұйырылыпты. 
Теддидің құжатын көргене Томсон ханым көздеріне сене алмапты, себебі 1-ші сынып мұғалімі: 
«Тедди өте ақылды бала және үгемі жымиып жүреді. Үй жұмыстырын үнемі орындап келеді және өте тәрбиелі, достыры да оны жақсы көреді» деп жазыпты.
2-ші сынып мұғалімі: «Керемет оқушы, достары оны жақсы көреді, бірақ үйінде анасының кенеттен ауырып қалғанына мұңайып жүр, үйіндегі жағдайы қиын секілді» депті.
3-ші сынып мұғалімі: «Анасының өлімі оған үлкен соққы болды. Әкесі оған жетерліктей қарай алмайды, егер оның бұл жағдайын алдын алмаса Теддиге ауыр әсер етеді» деп жазыпты.
4-ші сынып мұғалімі: «Тедди өте салмақты, сабақтырына қызығушылық танытпайды. Ешқандай достары да жоқ, кейде сыныпта ұйықтап қалады» депті.

Бұл жазылғандарды оқығанда Томсон ханым Теддидің жағдайын түсініпті және өзінен ұялыпты. 
Жаңа жыл қарсаңында оқушылары мұғалімге әдемі қағаздарға оралған сыйлықтар әкелгенде мұғалім өзін жаман сезінді. Себебі, Теддидің сыйлығы қоңыр түсті құтыда епетейсіз оралған бір қағазда еді. Бұл силықты басқа оқушылардың алдында ашу ол үшін өте қиын болды. Оқушылар Теддидің құтысынан шыққан тастары түсіп қалған ескі білезік пен ішінде аз ғана қалған парфюмді көргенде күлі бастады. Бірақ мұғалім білезіктің өте әдемі екенін айтып, қолына тақты және парюмнен үстіне сеуіп оқушылардың күлгенін тоқтатты.

Сол күні сабақ біткеннен кейін Тедди мұғалімнің алдына барып «Томсон ханым, бүгін сізден анамның жұпар исі шығып тұрды» деді.

Оқушылар кеткеннен кейін мұғалім бір сағаттай жылап отырды. Сол күннен бастап мұғалім Теддиге ерекше көңіл аударды. Егер Теддиге көңіл аударылып, онымен қосымша сабақ өткенде оның бұрынғыдай сабақтары жақсы болатынын байқады. Мұғалім оған күш бере бастады. Жылдың соңына дейін Тедди сыныптың ең жақсы оқитын оқушыларынан бірі болды. Мұғалім, барлығыңды бірдей жақсы көремін дегені өтірік еді, себебі ол Теддиді көбірек жақсы көрді.

Бір жылдан кейін мұғалімнің үйіне бір қағаз келді, ол Теддиден келіпті. Қағазда өміріндегі ең жақсы көрген мұғалім екенін жазыпты.

Теддиден келесі хат келгенше 6 жыл өтіпті. Хатта мектепті бітіргенін, сыныпта ең жақсы оқушы марапатынын алғанын және Томсон ханымның әлі де өміріндегі ең жақсы көрген мұғалімі екенін жазыпты.

4 жылдан кейін тағы бір хат келді Теддидан. Бұл жылдардың ол үшін қиын болғанын, себебі университетте оқығанын және ең жақсы бағамен бітіру үшін көп еңбектену керектігін жазыпты. Және хатта Томсон ханым оның әлі өміріндегі ең жақсы мұғалімі екенін жазыпты.

Тағы да 4 жылдан кейін бір хат келді. Ең жақсы бағамен университетті тәмәмдағанын бірақ тағы да жалғастыратынын жазыпты. Және Томсон ханым оның өміріндегі ең жақсы көрген мұғалімі екенін жазыпты. Бұл кезде хаттағы Теддидің қолы басқаша қойылыпты: Theodore F.Stoddard Медицина Дәрігері.

Хикая бұл жерде бітпеді. Көктемде тағы бір хат келді. Тедди өмірлік серіген тапқанын және үйленетінін жазыпты. Әкесінің бірнеше жыл алдын қайтыс болғанын және Томсон ханымның тойда күйеудің анасы ретінде қатыса алатынын сұрап хат жазыпты.

Томсон ханым оның сұранысын әрине орындапты, Теддидің үйлену тойына барарда сол баяғы бірнеше тасы түскен білезікті тақты және сол парфюмді септі.

Бір-біріне құшақтасқанда Тедди оның құлағына:
«Маған сенгеніңіз үшін рақмет Томсон ханым, өзімді маңызды деп сезіндіргеніңіз үшін және мені осылай өзгерткеніңіз үшін алғысым шексіз...» деді.

Томсон ханым көзі жасқа толып:
«Мен саған рақмет айтамын Тедди. 
Сен жаңылыстың, Мен саған емес, сен меған үйреттің. Сенімен танысқанға дейін мен мұғалімдік не екенін білмейді екенмін».



Ағылшын тілінен аударған ЛӘЗЗАТ БАЗАРБАЕВА

Мақтаарал ауданы

Ш.Бектасов атындағы ЖОМ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі, Магистрант

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі