жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұстаз-ұлағатты есім". Эссе
Ұстаз – ұлағатты есім!
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, ер жеткенде ұстаз болуды армандайсың. Ол әрбір баланың арманына айналады. Көбінде солай шығар... Бірақ, менің арманым о баста дәрігер болу еді. Бұл менің бала күнгі арманым. Әкем де, анам да ұстаздар. Соған қарамастан дәрігер болуды армандайтынмын. Өмірім мен арманымды өзгерткен сынып жетекшім дегенім дұрыс шығар.
Мен 11 сыныпқа дейін оқу озаты болдым. Ал 11 сыныпты бітіретін кезде қазақ тілі мен әдебиетінен «4» деген қорытынды қойылды. Бұл пәннен сынып жетекшіміз беретін. Сол кезден бастап мен дәрігерлік мамандықты ысырып қойып, ұстазыма жақсы ұстаз бола алтынымды дәлелдегім келді. Осылайша ұстаздық мамандықты, оның ішінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі мамандығын таңдадым.
Менің айтқым келгені, ұстазыма деген реніш емес, қайта үлкен рахмет осы жолды таңдауыма себепші болғаны үшін. Ол – өз ісінің майталманы. Сабақ түсіндіргенде сыныпта мүлгіген тыныштық орнайтын. Ал үйде қайталап оқудың да керегі болмай қалатын. Пәнге деген ерекше қызығушылығымды оята білді. Сондықтан да шығар қазақ тілі мен әдебиетін таңдағаным.
Осы салада азды-көпті 24 жыл қызмет етіп келемін. Ең алғаш мектепке жұмысқа барғаным, алғаш сыныпқа кіргендегі сезім, қуаныш пен қорқыныш сезімі әлі күнге есімде. Ұстаздық өмірдің қызығы мен қиыншылығы да өз алдына. Оқушылардың көздеріндегі жылулық, саған деген сенім, сенің мінсіз болуыңды талап етіп тұрғандай.
Ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүреді. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»,-деген ұлы Ыбырай Алтынсариннің сөзі, әсіресе қазір, ХХІ ғасыр - сандық ғасырда көп еңбектенуді қажет етеді. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білім мен біліктілікті арттырып отыру қажет.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыру, тәжірбие жүзінде іске асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан – жақты ізденіп, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Ал біздер заманның ағынымен қатар ағып, лайықты, білімді, заманауи маман болумен қатар, адамгершілігіміз бен жан жылуымызды жоғалтып алмауымыз керек. Бұл бала тәрбиесіндегі ең маңызды құрал болып табылады. Сонымен бірге, ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.
Философтардың пайымдауынша өткен ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың басы жаңа заман болып табылады. Жаңа қоғам жаңа қатынастар қалыптастырады. Жаңа заман жаңа адамды дүниеге әкеледі. Жаңа адамды тәрбиелеу, білім беру мектептен, мұғалімнен бастау алады. Олай болса мұғалімнің мәртебесі биік болуы керек. Осы ретте Елбасының Жолдауында айтылған мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы ойы, халықтың қолдауына ие болған болатын. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға 2019 жылдың 31 желтоқсанында қол қойды.
Ия, мұғалімдерге деген құрмет тағы да арта түсті және осы құрметке лайық болу әрбір ұстаздың міндеті!
Мен – ұстазбын! Бірақ, бала күнгі арманымда орындалды десем қателеспеймін. Жоқ, дәрігер емеспін, медицина ұйымында қазақ тілі маманымын. Ұстаз болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Ұстаздық мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген