Ұстаз ұлы тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шара әзірлемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК»

Фанфар ойнайды.


АЙША:

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.


ЕРЛАН:

Дұрыс айтасың, Айша.

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.


АЙША:

Міне, жыл сайын өз жалғасын тауып жататын «Ұстаз күнін» мектеп оқушылары үлкен дайындықпен өз өнерлерімізді паш ету - ұстаз алдындағы бәріміздің парызымыз.

Бүгінгі «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» аты кешіміз тек сіздердің құрметтеріңізге арналады.


ЕРЛАН:

Шәкіртінің бойына елжандықты, сүйіспеншілікті, адами құндылықтарды сіңіруде ұстаз әрқашанда талмай еңбек етеді.


ХОР «Ұстазыма мың тағзым» Әсел Назарбаева + 5 «А» сынып оқушылары


ЕРЛАН:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін.

Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.


АЙША:

Қазақтық киелі санымен аталған, әсемдігі мен көркемді ұштасқан мектебіміздің санаулы жылдар тізбегінде қол жеткізген жемісін зор мақтанышпен айту біз үшін зор құрмет.


ЕРЛАН

Осындай мектебімізде қадірлі де, құрметті ұстазымыз, мектеп директоры Бірманова Қымбат Исланбекқызына ұстаздар қауымын құттықтау сөзі беріледі.


АЙША:

Еліміздің төрт бұрышында шырқалған, жүрекке жылу сыйлар «Әсем ән » әнін шырқайтын Әбілхайыр мен Әсемайды қарсы алыңыздар!




ЕРЛАН:

Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Ұстаздар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.


БИ


АЙША:

Ұстаз мектеп ұясында шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз болса, жанұяда бірі сүйікті ана, бір асқар тау әке!


ЕРЛАН: Досымжан Таңатаровтың орындауында « Үйретеді » әнін қабыл алыңыздар.


АЙША:

Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздарымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.


ЕРЛАН:

Ұлағатты ұстаздарымыздың алдында бізде қарап қалмай, жүректен шыққан ізгі тілегімізді жолдайық. (тақпақтар айтылады)


АЙША:

«Ұстазым», «Мектебім» деп шырқаған әуеніміз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар берудегі өлшеусіз еңбегі - сарқылмас менің бұлағым.


ЕРЛАН:

Ұрпақ тәрбиесі – ата-анаға, ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ата-анадан, ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.


АЙША:

Шәкіртті жаманнан жирендіріп, жақсылыққа бастайтын да –Ұстаз. Бірақ, әрине, арасында балалығымыз ұстап жалқаулық танытатын кезіміз де жоқ емес. Әсем әнші Әсемайдың « Ардақты ұстазым » әнін де тамашалап көрейік.


ЕРЛАН:

Білімнің қайнар көзі ұстаз деген
Білімнің ән-шуағы ұстаз деген
Ақ сөмкесін арқалап келе жатыр
Сөмкесінде толы білім кереметтей кітап жатыр.


БИ

АЙША: Дала қоңырауы атаған алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтып кеткен болатын.


ЕРЛАН:

«Мектеп білім тірегі, Ұстаз оның – жүрегі» деп ән «Ұстазым» тамаша әніне кезек берейік.

АЙША:

Ұстаздарға құрмет көрсету осы сәтпен ғана тыйылып қалмайды. Себебі, өмірге қанат қағудың бастауы ол – Ұстаз. Сондықтан сіздің бейнеңіз мәңгі жадымызда.


ЕРЛАН:

Ұстаз еңбегін біз әрқашан қадір тұтып қастерлеп өтеміз. Біз сіздерге өмір бойы бас иеміз. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпей, шәкірттеріңізді биіктен көре беріңіздер.


АЙША:

Ұстазым – екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды арман.


ЕРЛАН:

Жас ұрпақтың жан дүниесіне, өздеріңіз сепкен ізгілік нұрының шуағына бөлене беріңіздер дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.


БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАССЫН!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі