Материалдар / Ұстаз ұлық емес, ұлы мамандық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз ұлық емес, ұлы мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық еңбек жайлы пікір
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз-ұлық емес,ұлы мамандық

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

180 орта мектебі қазақ тілі пәні мұғалімі Бейсенбиева Ақнұр Шәкірқызы

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы . Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып алға аттасам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне,осындайда «Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін есіме аламын.

Әрине, ұстаз болу үшін жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізі аласың деп білемін.

Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.

Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.

Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.

Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманистік ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.

Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез-құлқын, көзқарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбиеге бейімдеу қажет.

Бесінші, алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептерді дер кезінле айқындап, оның алдын алу немесе болған жағдайларға сәйкес тәрбие бағдарын жедел өзгерту, баланың өз белсенділігіне көбірек сүйену – тамаша нәтижелер береді.Ұстаздың асыл да ауыр еңбегінің мұраты сонда ғана ақталады. Мен осы айтылған талап – деңгейінен табылып отыруға бар күш жігерімді, білімім мен білігімді,тәжірибемді жұмсап келемін.

Иә, қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарында білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғырту процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаhандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. Жаңа заманның жас жеткіншектері жаhандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Ақпарат легі өте көп. Сондықтан бүгінгі ұстаз олардың сапасы мен тәрбиеге көп көңіл бөліп отыруы керек.

Иә, «Ел іші  — алтын қазына » емес пе, білімді, рухани санасы жоғары ақпараттық технологиялық құзіреттілікпен қамтамасыз етілген дарынды педагогтер легі де қалыптасып жатыр. Бұл үрдіс — өзім еңбек ететін №180 орта мектебінде де уақыт талабына сай орындалуда. Ол көңілімізге қуаныш ұялатады. Бұл ұрпақ тәрбиесіне қажет. Әр ісің керемет болса ұтылмайсың, кемелдікке іркілмей қол жеткізесің. Мүмкін мен еңбек ететін ұжымның ауданда топ жарып үздік атануының сыры да осында жатқан шығар. Мектеп жеткен биік нәтижелер сонда еңбек ететін мұғалімдердің жүрегінің , алақандарының аялы ыстығынан құралып, жасалып жатқан шығар. Мен солай деп ойлаймын.  Өйткені біз бір мақсатқа жұмылған, арманы айқын ұстаздармыз дер едім.

«Дәуір даналығын ілестіреді, ұстаз білім нәрін үлестіреді» демекші, мұғалімдерге айтарым: Мамандықтарыңызды сүйіңіз, құрметтеңіз, сол жолда адал қызмет етіңіз. Баланы шын көңілмен жақсы көріңіз, сырласуға асығыңыз. Алдыңыздағы шәкірттеріңізді өзіңізбен тең ұстаңыз. Әр сабағыңызды қызықты мереке қылып өткізіңіз, оны ауыр жұмысқа айналдырмаңыз, баланы ойната отырып оқытыңыз, шешімін таппаған сұрақтарыңыздың жауабын бала мен бірге іздеуге арланбаңыз, бірлескен еңбектің қадірі әрқашан да нұсқап артық екенін естен шығармаңыз. Бала алдында оның айқын, әсерлі сөйлеуге дағдыланыңыз, ісіңіз де, өзіңіздің түр-әлпетіңіз де ұқыпты жинақы болғаны абзал. Өзіңізді мақтамаңыз, қайта бала сізбен мақтанатындай дәрежеге жетіңіз. Өтірік айтпаңыз, балаға берген уәдеңізді орындаңыз, баланы бағамен қорқытпаңыз. Баланың бойынан кемшілік емес, жетістік іздеңіз, жақсы істерін дер кезінде бағалап, қолпаштап, ынталандыруды да ұмытпаңыз. Ертеңгі сабақтарыңыздың бүгінгіден қызықты болуын қамтамасыз етіңіз. Ол үшін әрбір сабаққа ерекше шығармашылықпен мұқият дайындалыңыз. Сол жолда ізденіңіз, технологиялық әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданыңыз. Себебі педагогикалық технологиялар әр оқушының дербес оқу үрдісіне қатысуына ықпал ететін тиімді әдіс тәсілдер жиынтығы екені даусыз. Алайда, ешқандай технология – шебер ұстаз тұлғасын, оның мәртебесін алмастыра алмайды.. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады.

Білім сапасы  — мұғалім қызметінің жемісі, шәкірт еңбегінің шыңы – шығармашылық . Шығармашылық жолға түскен оқушы – терең ойлай алатын кез-келген жағдайға орай өзіндік шешім қабылдай алатын өзіне де туғандарына да, еліне де берері мол парасатты тұлға. Әр шәкірттерімнің жетістікке жетуі ұстаз ретіндегі еңбегімнің жарқырып жанғаны, уақытымның зая кетпегендігін көрсетеді.

Оқушыларым Республикалық облыстық Итернет сайыстардан жүлделі орындар алды. Өзім ҰБТ-ға дайындаған 2017 жылы бітірген оқушыларым Аппаз Г мен Қалилаева А «Алтын белгі»иеленіп грант иегері атанды.Бұл менің ең үлкен жетістігім болды.Бүгінде екеуі де өзім сияқты мұғалім.Қазірге дейін менен ақыл,кеңес сұрап тұрады.

Қазір мен 10-сыныпқа сынып жетекшімін. Сыныбымдағы әр оқушы мен үшін ертеңгі бір тұлға,ертеңгі бір мамандық иесі,ертеңгі бір үйдің отағасы мен отанасы.Сондықтан да мен олармен сөйлескенде олардың ішкі ойын түсінуге тырысамын,ақылына ақыл қосуға жұмыс жасаймын.Тәрбие жұмысындағы салалар бойынша да,жеке адам ретінде де оқушыларыма көмектессем деймін.

Өз ойымды қорытындылай келе «Мұғалім – адам жанының инженері» деп текке айтылмаған. Бала темір емес, робот емес, ол  — өзіндік әлемі бар ғажайып жеке тұлға. Оған сіздің көзқарасыңыз жылы жүрегіңіз, ыстық ықыласыңыз өте қажет. Сабағыңыз тұтас дүние болсын: мынау білім, мынау тәрбие деп бөлмеңіз. Себебі, білім мен тәрбие егіз үрдіс екенін ұмытпаңыз, сабақ басынан аяғына дейін тұнып тұрған білім, ғылым, тәрбие болып, олар ұлттық рухпен өрнектелуі тиіс, ал мұғалім мен шәкірттер осы дүниенің күре тамырына айналуы қажет.

Мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген мамандық иесімін. Мен —  ұстазбын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!