Ұстаздан шәкірт
озады
Болашақтың бүгінгіден нұрлы
болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде
ғана. Мен ағылшын тілі пәні мұғалімімін.
.
Елбасы 2006 жылдың қазанында
өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы
тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің
үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең — кезеңмен іске асыруды
ұсынды.
“Үш тұғырлы тіл” идеясының
үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын дегеніміз – ғаламдық ақпараттар
мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Президент биылғы
халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл — ауқатын арттыру —
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің
алдына “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды
жеделдету міндетін алға қойып отыр.
Қазақстан бүкіл әлемге үш
тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы керек.Бұлар
қазақ тілі-туған тіл жіне мемлекеттік тіл, орыс тілі-халқаралық
қатынастар тілі, ағылшын тілі-жаhандық экономикаға ойдағыдай кіру
тілі. Ұстаздан шәкір озады демекші менің оқушым ағылшын тілінің
қазіргі таңдағы үлкен сұранысқа ие болуы және оны игерудің тиімді
жолдары туралы өзінің ғылыми жобасын қорғап шықты. Оқушының тілді
үйренуге деген қызығушылығы оған өз бетімен сөздерді тез әрі
қызықты түрде жаттаудың жолдарын қарастыруға жол ашты. Ол өзінің
тақырыбын «Ағылшын тілін үйренуді суретті сөздіктен бастаймын » деп
алып, бірнеше шағын суретті сөздіктер түрін
ұсынды.
Осы
зерттеудің
өзектілігі балаларды шет тіліне бастауыш
сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тілдік
тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетін, шет тілін үйренуге
деген құлшынысын арттыратын, шет тіліндегі кез келген тақырыптық
сөздерді суретке қарап тез жадында сақтау арқылы оқушының білімін
тиянақты етуге қолайлы әрі баланың қабылдауына жеңіл де қызықты
болуы осы тақырыптың өзектілігін
арттыруда.
Оқушылардың сөздік қорын
дамытуына арналған әдіс-тәсілдер туралы мәлімет бере отырып өз
жобасының мақсатын айқын көрсете білді және өмірден алған шынайы
мысалдарымен оқырманға өз ойын қызықты әрі ұтымды жеткізе
алды.
Тіл дамыту, сөздік қорларын
дамыту, ауызша сөйлеуге үйрене отырып, үйренген сөздерді күнделікті
өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік
қарым-қатынаста қолдана білу жолдарын міндет етіп алған оқушым
биылғы жылы өзінің ағылшын тіліндегі білімін тиянақтап, тыңғылықты
жұмыстар жасай білді.
Оқушы өз зерттеу
жұмысының гипотезасында
суретті сөздіктің баланың
көзбен көріп есте сақтауына зор әсер ететінін айтып өтті. Суретте
сөздік қажет кезінде есте сақтаған ақпараттың санмызда тез
жаңғыруына аса үлкен ықпал етеді
екен.
Тіл және әдебиет адамның жан
дүниесін, адамгершілік қасиеттерін байытуға қызмет
етеді. Рухани жан дүние ,
адамгершілік қасиет деген ұғымға адамның ар-ұжданы, көркем мінезін
қадірлеп сақтауы, отбасын, ұлтын, елін және бүкіл адамзатты құрмет
тұтып сүюі жатады. Бұл қасиеттер адам бойында көркем сөз, көркем
шығырмалар арқылы дамиды. Сондықтан айтарымыз өз тілімізді
құрметтей отырып өзге тілді үйрене білсек, онда біз барлық ізгі
әлемге игілікті құндылық деп сүйіспеншілікпен қарап құрметтеуге,
жақсы ниетпен әрекет етуге дағдыланамыз. Адамның қоршаған ортаға,
дүниеге қарым-қатынасы бәрі-бәрі тіл арқылы беріледі. Мейлі ол
сурет тілі, ауыз екі тіл, жазба
тілі.
Жаңа туған жас сәбиді алып
қарайтын болсақ, ол алдымен өзі келген жаңа әлемнің дыбыстарын
естіп үйренеді, кейін оны бастауыш сынып оқушысының буынға бөліп
оқығаны тәрізді етіп шүлдірлеп-былдырлап бөліп-бөліп айтуды
шығарады, кейінірек жаңағы бала сөздерді толық, қатесіз айта алатын
болады, келесі бір кезеде ол шағын сөйлемдерді түсінікті етіп
айтуды шығарады, енді бір байқағанымызда ол сауатты күрделі
сөйлемдерді айтып ойын анық жеткізіп тұрады, ал содан кейін ол өзге
адамның болмаса өзі оқып білгенін немесе қиялынан туған ойларын
айтып машықтана келіп, өзін әрі қарай тұтас бір тілді меңгеруіне
жол табады.
Шет тілін үйрету мен үйрену
барысында да біз осы табиғи заңдылықты ұстануымыз
керек.
Өз шығармашылығымда алғаш рет
бастауыш сынып оқушысына ғылыми жоба жазуда жетекшілік ету бір
үлкен тәжірибе болды. Негізінен мұғалім жолдастар қашанда
қағазбастылықпен жүріп балаларға негізгі стандартты білімді
игертуді мақсат етіп алып, жоспарлы білім берудің міндеттерін іске
асырамыз. Біздің оқушыларымыз сол себепті өз бетімен білім алуға
ниеттенбейді, яғни олардың ізденуіне жол ашып жатқан жоқпыз. Әрине
әр оқушының жүрегіне жол таба білу аса қиын. Қазіргі заман
балаларының қызығушылығын оятудың өзі жеңіл жұмыс емес. Дегенмен,
алдымыздағы таудай талабы бар оқушыларымыздың сапалы білм алуына
қызмет ету парызымыз.
Қоянды орта мектебі ағылшын
тілі пәні бойынша ІI жарты жылдық
3- сыныптар
көрсеткіші
№
|
сынып
|
сапа
|
үлгерім
|
1
|
3А
|
73
|
100
|
2
|
3 Ә
|
69
|
100
|
3
|
3 Б
|
76
|
100
|
4
|
3В
|
38
|
100
|
5
|
3 Г
|
69
|
100
|
6
|
3Ғ
|
57
|
100
|
7
|
3 К
|
64
|
100
|
8
|
3 Л
|
78
|
100
|
9
|
3 М
|
69
|
100
|
Ағылшын тілі пәні бойынша І I жарты
жылдық
4 –
сыныптар көрсеткіші
1
|
4А
|
92
|
100
|
2
|
4 Ә
|
100
|
100
|
3
|
4 Б
|
78
|
100
|
4
|
4 Г
|
61
|
100
|
5
|
4 Ғ
|
50
|
100
|
6
|
4 Д
|
77
|
100
|
7
|
4 Ж
|
58
|
100
|
8
|
4 З
|
50
|
100
|
9
|
4 Е
|
92
|
100
|
10
|
4 В
|
73
|
100
|
Ағылшын тілі пәні бойынша І I жарты
жылдық
1 В
– сынып көрсеткіші
№
|
сынып
|
сапа
|
үлгерім
|
1
|
1В
|
86
|
100
|
Ағылшын тілі пәні бойынша І I жарты
жылдық
1 В
– сынып көрсеткіші
№
|
сынып
|
сапа
|
үлгерім
|
1
|
5А
|
75
|
100
|
2
|
5Ә
|
64
|
100
|