Материалдар / «Ұстаздар – ұлы есім» ашық сынып сағаты

«Ұстаздар – ұлы есім» ашық сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2024
100
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші 1: Абильтай Аңсаған

Жүргізуші 2: Маратқызы Айсулу


БЕЙНЕРОЛИК ҰСТАЗДАР ТУРАЛЫ


Жүргізуші 1: Армысыздар, аса құрметті ұстаздар ұжымы!

Жүргізуші 2: Білім шыңына талпынған студенттеріңіз алдарыңызда тұр!

Жүргізуші 2: Аңсаған, білесің бе, бүгін бізде ерекше күн - ұстаздар қауымының төл мерекесі. Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Жүргізуші 1: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Және де бүгінгі іс-шарамызды Сіздерге арнаймыз.

Жүргізуші 2: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Жүргізуші 1: Бүгінгі «Ұстаздар – ұлы есім» атты мерекелік іс-шарамызды бастау үшін ортаға Жомартова Ақниетті шақырамыз.

Жүргізуші 2: Жомартова Ақниет. күйі


ЖОМАРТОВА АҚНИЕТ, КҮЙ


Жүргізуші 2: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Жүргізуші 1: «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Жүргізуші 2: Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.


Дияр: Ұстаз. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан жақын, жаты …


Аружан: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.


Ислам: Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, ұстазым!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!


Жүргізуші 2: Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші.

Жүргізуші 1: Айсұлу, менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Жүргізуші 2: Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Оның сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Жүргізуші 1: Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді?

Жүргізуші 2: Отырған үстелдеріңіздің астында карточкалар жабыстырылып тұр. Кімде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды сұраққа жауап беруді сұраймыз.

Сұрақтар

Жүргізуші 1: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе? Әлде осы мамандықты тандауға себепші оқиға немесе бір жағдай болдыма?

Жүргізуші 2: Ұстаз болу жүректің батырлығы дейді осы ұстаздық қызметті тандауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

Жүргізуші 1: Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?

Жүргізуші 2: Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер немесе қызықты оқиғалар жайлы айтып берсеңіз.

Жүргізуші 1: Сіздерге көп рақмет, көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге дән ризамыз.

Жүргізуші 2:

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,

деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы…

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші 1: Алдарыңызда Қаупен Арғын «Ұстазым» әнімен


ҚАУПЕН АРҒЫН, ҰСТАЗЫМ ӘНІ


Жүргізуші 1: Айсұлу, мұғалімдеріміз бізден емтихан алғанды, бізге тапсырма бергенді жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

Жүргізуші 2: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

Жүргізуші 1: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар студент болып, біз дайындаған сынақтардан өтіп көрсін.

Жүргізуші 2: Ендеше ортаға 3 мұғалімді шақырайық. Келіңіздер! ОЙЫН

Тақтада өздеріңізге таныс, күнделікті естіп жүрген сөздер, жасап жүретін әрекеттеріңіз, мүмкін таныс заттарыңыз беріледі. Сіздер әрқайсыларыңыз кезек-кезек тақтаға қарамай, бұл сөздерді тек аудиторияның сізге айтатын сипаттама сөздерімен тауып алуыңыз керексіздер. Аудиторияға тақтада жазылып тұратын сөздерді тура айтуға тыйым салынады. Ал, ендеше бастайық!

ТАҚТАДАҒЫ СӨЗДЕР:

БІЛІМАЛ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

СЫНАҚ КІТАПШАСЫ

ОКНО / БОС УАҚЫТ

ӨРІК МҰҒАЛІМНІҢ КАБИНЕТІ

СЫЙАҚЫ / ПРЕМИЯ

ҚОЖАХМЕТОВА ГҮЛСІМ ШАБДАНОВНА

ЖАТАҚХАНАДА СТУДЕНТТЕРДІ ТЕКСЕРУ

ДИРЕКТОРЛЫҚ ЕСЕП

БӨЛІМ КЕҢЕСІ

МҰҒАЛІМДЕР БӨЛМЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ДИПЛОМАЛДЫ ПРАКТИКА

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛ

АТТЕСТАЦИЯ

ТЕКСЕРІС

СЕССИЯ

ЖАЛАҚЫ

ҚАЗАҚ БӨЛІМІНІҢ ВАТСАБЫ

ОҚУ-ЖҰМЫС ЖОСПАРЛАРЫ / РУП

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ

5-ҚАЗАН

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ


Жүргізуші 1: Ұстаздарымыздың сөздердің барлығын оңай табатындарына күмәніміз болмады, себебі Сіздер тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылдың 365 күнінде бұл жұмыстармен айналысып отырасыздар. Сіздерді орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймыз.

Жүргізуші 2: Қазір біз ұстаздарымызға тағы бір сынақ дайындап қойдық. Ортаға 3 мұғалімді шақырамыз. Ортаға келіңіздер.

Жүргізуші 1: Ұстаздарымызға тәтті сыйлықтармен қатар, тәтті, мүмкін қышқыл дәмді сусындарды дайындап қойдық. Сіздер бұл сусындардың дәмін көріп, қандай сусын екенін тауып алуларыңыз керексіздер. Әр мұғалімде 3 попытка бар. Ал, бастайық!

СУСЫНДАРМЕН ОЙЫН

СУСЫНДАР

КОЛА

СҮТ

КОФЕ

ПЮРЕ

ЙОГУРТ

ТОМАТ ШЫРЫНЫ

ЖЕМІС-ЖИДЕК ШЫРЫНЫ

ҚАРА ШӘЙ

СУ


Жүргізуші 2: Ұстаздарымызға рақмет! Орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймыз.

Жүргізуші 1:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе кезекті әсем әнге берейік.

Жүргізуші 2: Ортада Чанарбек Іңкәр әнімен. Қарсы

алыңыздар!


ЧАНАРБЕК ІҢКӘР, ӘН


Жүргізуші: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Жүргізуші: Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Осымен ұстаздарға арналған мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рақмет!

БІРГЕ: Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ