Ұстаздар күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздар күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздар күнініе көп көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады

Талғат:Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Жүргізушілер шығады.Талғат, Тұрсынай.

Талғат: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгінгі «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты мереклік шарамызға қош келдіңіздер!

Тұрсынай: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Талғат: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Тұрсынай:Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!

Талғат:Монолог. Әлдіғұл Әйгерім. «Ұстазға құрметпен».

Тұрсынай: 11ә сынып оқушыларының атынан “Ұстазым” әні қабыл алыңыздар.

Талғат:Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Утешова Жібек Сәтбаевнаны шақырамыз.

Талғат: Сен қалай ойлайсың, Тұрсынай? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Тұрсынай: Талғат, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Талғат: Ендеше,

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Аяулы ұстаздар, оқушыларыңыздың ақ тілегін қабыл алыңыздар!

Ақжол: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Асия: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ұлболсын:

Қанат:

Динара:

Мейрамбек:

Ұлдай:

Айжан:

Талғат:

Тұрсынай: Талғат, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Талғат:Ал ендеше баста

Тұрсынай: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

Талғат: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Тұрсынай: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

Талғат:«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

Тұрсынай: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

Талғат: Тұрсынай, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Заманбек:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Нұржамал: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Арзайым:Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Талғат: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

Тұрсынай: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Талғат:«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Тұрсынай:Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)

Талғат:Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

Талғат: 1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

Тұрсынай:2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

Талғат:3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

Тұрсынай: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Талғат:

Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше

сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Тұрсынай: Әзіл – қалжың отауы.

Талғат:ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН. Орындайтын Тойлыбаев Ақжол,

Әлдіғұл Әйгерім.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

Талғат:Неге бармайсың? Орындайтын Аманжолова Ботакөз,

Айжарықова Ұлболсын.

Баласы шешесіне айтады:

Мен енді мектепке бармаймын!

Неге бармайсың?

Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!

Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.

Тұрсынай: Көрініс «Ана мен бала». Орындайтын:

Автор — Әлдіғұл Әйгерім, ана- Оразова Асия, бала- Тұлғабаев Талғат.

Тұрсынай: Базарбаев Жамбылдың орындауында « ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК».

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым.

Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

Тұрсынай:Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Талғат:Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Тұрсынай: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Талғат: Құрметті ұстаздар! Біздің мектептің жас өнерпаздары Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, шағын концертін назарларыңа ұсынады.

Жырлаймын ұстаз өзіңді (ұстаздар күніне арналған

Мақсаты: оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, буындар
Кіріспе сөз. Аяулы ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын. Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мерейлеріміз үстем болсын.
Мектептің тірегі әрі жүрегі - ұстаз. «Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуге балаға»- деп Абай атамыз айтқанындай. Ұстаз ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан - теңіз. Алдарымызда отырған балаларымыз бір - бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. Сондықтан бүгінгі әніміз, дастарханымыз сіздерге арналады ұстаздар.
Би: Қаражорға
Хор: Мұғалім ол біздің
Нұрбақыт: Шәкірттердің ой - санасы ашылсын,
Ұстаздарға әлем халқы бас ұрсың.
Маххабат: Мектебімнің мейірбан ұстаздары.
Жансая: Тойлайды бұл күнді көктен,
Біздің байтақ бақытты ел.
Ұстаздарды шын жүректен
Құттықтайды шәкірттер.
Алғыс сізге алғашқы ұстаз,
Бізге үйреткен әліппе.
Атыңызды дәріптеп
Дилназ: Жарқын жүзді ұстазым, мейірбан, сабырлы.
Ауызынан шыққан сөз бар шәкіртке қадірлі.
Келдім міне алдымда, бір шоқ гүлім қолымда
Саған шәкірт болмақпын ғылым білім жолында.
Рустам: Көзге ыстық көрінер
Оқушының партасы.
Болғаны да осының
Мұғалімнің арқасы
Ақсұңқар: Ұстазым қамқоршым, ақылшым,
Анамдай сен маған жақынсың.
Мадияр: Мұғалім сұлу мұғалім,
Арнадым саған бұл әнім.
Хор: Жалғыз саусақ
Мұғалім апай ғой.
Қызғалдақ: Анадай мәпелеп,
Ол бізді өсірген.
Кім атың атай ғой,
Мұғалім апай ғой.
Аман: Әліппе оқуға,
Үйреткен қашанда.
Кім атың атай ғой,
Мұғалім апай ғой.
Тоқсанбай: Көп сөйлеп отырма,
Еліне қадірлі.
Кім атың атай ғой,
Мұғалім апай ғой.
Жадыра: Мұғалім кім десең.
Санжар: Ұстазың жанда сөнбес күн,
Шәкіртсіз өмір сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетің көріп жүрсіздер.
Нұрбақыт: Білімнің кәусар бұлағың,
Шолпан: Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды маған нұсқадым.
Ұстазға қажетті заттар(жұмбақ жасыру)
1 Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртемін сосын өшіріп.
2 Төрт қырлы, өзі апаң,
Тақтадағы ізі аппаң.
3 Аузы біреу, тілі екеу, жаны жоқ,
Сөйлей тұғын сөздерінің саны жоқ.
4 Жүре алмайсың жолы болса да,
Жырта алмайсың жері болса да.
Шаба алмайсың нуы болса да,
Іше алмайсың суы болса да.
5 Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген.
Алдымнан шам жағып берген,
Айналайын..........
6 Ортасын да шегесі,
Жіп жіңішке денесі.
«Ұстазға көрсетілетін құрмет»
1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.
2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.
3. Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.
4. Ұстаз айтқан ақыл кеңесің тыңдау.
5. Ұстазға жол беру.
6. Ұстаз берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.
7. Ұстаз алдында бей - берекетсіз күлмеу.
8. Ұстазды сабақтан бос уақытта қадірлеу.
«Мұғалім мен оқушы» (көрінісінең үзінділер)
1. Буыннан ұйқас құрастыру
2. буындарда оқыту
3. Ата, нан сөздерінен көрініс
4. Әріпке байланысты таппақ айту
5. Жұмбақ жасыру және мақал құрау. (Сурет көрсету. Оқушылардың өздері даярлап келген жұмбақтарды жасыру.)
6. Оқушылардың тілегі.
Мейрімді Лайықты
Ұлағатты Іскер
Ғазиз Маман
Ақылды
Хор: Алға



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
1143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі