Жеткіншектің тұлғалық коммуникативтің қабілетінің қалыптасуына отбасының ықпалы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеткіншектің тұлғалық коммуникативтің қабілетінің қалыптасуына отбасының ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мерекесіне арналған тәрбиелік іс-шара жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Бекітемін» 

Жатақхана меңгерушісі    

_________Джусипова Ю.К.  

«_03 __10_ 2024 ж.




  













ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: "Ұстаз болу -жүректің батырлығы,Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы"



 





 











Жауапты: Дуйсебаева Д.А Қалдыбаева А.Т.


                                                         



Шымкент 2024



Тәрбие сағаты жоспары

Тақырыбы:  "Ұстаз болу -жүректің батырлығы,Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы"

Мектеп:  Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты: «01»10.2024 ж.

Тәрбиеші: Дуйсебаева Д.А.,Қалдыбаева А.Т.


«Өркен» тобы


Қатысқан оқушылар саны: 28

Қатыспағандар:

Мақсаты: 

 Оқушылардың бойында мектеп мұғаліміне деген сүйіспеншілікті ояту, олардың мұғалімге деген ризашылықтарын жария етуіне мүмкіндік жасау. Оқушылардың  ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру. Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге, оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.      

Көрнекілігі

Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер

Тәрбие сағатында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Құрмет;

  • Өмір бойы білім алу;

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Құндылықтар

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

  • Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы


Ресурстар

Интернет ресурстары, слайдтар, бейнежазбалар,

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Тәрбие сағаты барысы

Басталуы:



Жаңа білім: 


Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы

Ұстаздар күні — ұстаздардың еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы рөлін атап өтетін ерекше күн.

Ұстаз — біздің өміріміздегі ең маңызды тұлғалардың бірі. Олар білім беріп қана қоймай, өмірдің әр түрлі аспектілерінде жол көрсету арқылы болашағымызды қалыптастырады. Ұстазға құрмет көрсету — бұл олардың еңбегін, кәсібилігін және бізге сіңірген білімін бағалаудың бір жолы.

Олардың еңбегі үшін алғыс айтып, құрмет көрсету немесе қолдау көрсету — жақсы дәстүр. Сондай-ақ, ұстаздардың айтқан ақыл-кеңестерін ұмытпау және оларды өмірде қолдану да — құрметтің бір белгісі.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған сондықтан ұстаздарға құрметпен қарап,сыйлау қажет.

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» — дегендей, Ұстаз кім? Ұстаз киелі мамандықтың иесі. Себебі-әлемнің екінші ұстазы    Әл-Фараби,қазақтың бас ақыны – Абай, ұлы ағартушы, педагог -Ыбырай, аса  көрнекті  қазақ  жазушысы   – Мұхтар Әуезов  сынды  біртуар   тұлғаларымыз ұстаз алдынан өтпеді ме? Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің айтқаны ешқашан ескірмейді: «Мұғалім бәрінен  де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.»


Ұстаз —  ұлы тұлға


Ұстаз –ұлы тұлға білген жанға  ,

Мейірім  мен адалдық сіңген бойға

Өзім де еңбек етем сол салада,

Нардың жүгін арқалау ұғынғанға.


Биіктерге жетелеп жеткіншекті,

Тынымсыз еңбекпенен терді төкті.

Тұнып тұрған қазына сарқылмайтын,

Ұстаз ұлы сондықтан,ұстаз текті


Ұстаздар шәкіртімен мақтанады,

Жүрегінің түкпірінде сақталады.

Белестерге түлектері шығып жатса,

Ұстаздың еңбектері ақталады.

Ұстаздарға арналған ұлы ғалымдардың айтып кеткен нақыл сөздері:

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады
Абай Құнанбайұлы

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
К.Д.Ушинский

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.

Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет
Бауыржан Момышұлы

Ұстаз – ұлы есім
М.Әуезов


Қорытынды

5 минут 


Ұстаз — тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі.   Әлемдегі ең қажет мамандықтың иелерінің бірі. Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.  


Кері байланыс

Оқушылар сөзбен, пікірмен кері байланыс берді



Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақхана қабырғасында өткізілген

"Ұстаз болу -жүректің батырлығы,Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы"

тәрбие сағатының есебі



Өткізілген орны:

Өткізілген уақыты: 01.10.2024 ж.

Қатысқан топ: «Өркен»

Жауапты тәрбиеші: Дуйсебаева Д.А.,Қалдыбаева А.Т.


2024 жылдың 1 қазанында жатақхана қабырғасында «Өркен» тобының оқушыларымен "Ұстаз болу -жүректің батырлығы,Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы" атты тәрбие сағаты өткізілді.

Ұстаздарды ұлықтауға, еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Оқушылар тәрбие сағатының барысында білім беру саласында жүрген ардақты да, асыл ұстаздарымызды құрметтеуге, ардақтауға арналған нақыл сөздер мен видео роликтер көрді. Ұстаздың оқушының өмірінде қандай өшпес із қалдыратыны туралы,ұстазға құрмет пен сыйластық таныту керктігі де айтылып өтті.Әр оқушы мұғаліміне арналған жылы лебізін білдіріп,тілек айтты.


Shape1

Shape3

Shape2



Shape4 Shape5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі