Материалдар / Ұстаздар күніне арналған сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздар күніне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарды құттықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
6097
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұстаз - мәңгі нұрдың қызметшісі» атты ұстаздар күніне арналған мектепшілік іс-шара.Басталу уақыты 11:00Өтетін орны: Мектеп фойесіСлайд қосылады Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқыладыДиктор:Данышпан да, дана да оқып сенен,Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың. Фан-фары қосыладыЖүргізушілер шығады. Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгінгі «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты мереклік іс-шарамызға қош келдіңіздер!Жүргізуші:Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиеті бас иелік мәңгілік!Жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке. Ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Жүргізуші: Ақырын жүріп анық бас.Еңбегің кетпес далағаҰстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!Жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсыншаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!Жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Бисенов Асқар Көшербайұлын шақырамыз.Жүргізуші: Құрметті , Асқар Көшербайұлы Сізге мектебімізде Ұстаздар күніне орай өткізілген мектепшілік Спорт сайысына қатысқан мұғалімдерді мараппатауыңызды өтінеміз.Жүргізуші: Мектепшілік спартакиада 3-орынға ие болған Қарабалық командасы шақырылады.2 –орынға ие болған «Blakfish» командасы марапатталады.Және 1- орынға ие болған «Достык» командасы марапатталады.

Жүргізуші: Кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.Ұстазадар қауымының құрметіне «Ұстазым» әнін Жанабаева Айнұрдың орындауында қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,Көңілді күндер тусын алдан әліӘн-шашу әсем әуен, түрлі өнер,Бүгінгі күн сіздерге арналады. «Айгөлек» тобының орындауында «Алтын өмір-ай» әніЖүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Гүлнұр Қайсарқызының орындауында «Жүрегімнің иесі» әнімен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:Жақсы жандар жанымызда әрқашанҰлағатты сөзін биік ұстағанАрдақты ұстаз асыл анаң секілдіТәрбиелейді балапандай жасыңнан (түлектердің құттықтауы)Жүргізуші:«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.5- сынып оқушыларының орындауындағы тамаша әнге кезек берейік.

Жүргізуші: Жансерік мұғалімдер кім болуды армандайды?Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 20 шақты оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазу жазып отырмас.-Соңғы кезде есепші мен кассир де өздері.Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса,2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.Жүргізуші: Аяулы ұстаздар, сізддер әр күн сайын таңның атысымен мектепке келіп,оқушыларыңызды түгендейсіздер. Енді сол оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты әнмен жеткізсек калай карайсыздар? Ендеше «Алло,апай» әнін қарсы алыңыздар! («Алло» әніне пародия шығады)

Жүргізуші:Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,Тұла бойға қуат болып тараларКөп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,Айналайын білім берген ұстаздар.Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Хабарлаусыз Вокалдық топ шығады, «Ұстазым» попурри.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің мектептің жас өнерпаздары Сіздерді тағыда Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, мерекемізді аяқтаймыз.Келесі көріскенше қош сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!