Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара
Тақырыбы: «Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы»
Өтетін орны: Мектептің акт залы
Қатысушылар: Оқушылар, мұғалімдер
(Жарық баяу жанады. Сахнада LED-экраннан мұғалімдер бейнесі, фото-видео хроника: сабақ үстінде, оқушылармен бірге, мерекелік сәттерде. Әуен: шабыт беретін әуезді фон.)
1-Жүргізуші :
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсіне біл сен, тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген
2-жүргізуші
Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар, ардақты қонақтар!
Бүгін біздің мектебімізде үлкен мереке. Ұлағатты ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – болашаққа бағыт беруші, жүрек жылуын таратушы. Сіздерге арналған мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-Жүргізуші :
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Есбатырова Мөлдір Маханбеталиевны шақырамыз
2-жүргізуші
Сиса көйлек үстіңде,
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы,
Шоқуменен табылған.
Өнер- білім бәрі де,
Оқуменен табылған
Ұлт ұстазы Али «Ыбырай Алтынсарин» монолог
Ән . 9 «А» сынып оқушысы Айзаданың орындауында
1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Ләйлім ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, әрбір баланы шыңдап,өмірдің белестерін бағындыруға бағыт беретін ұстаздарға мамандық иелері алғыс айтуы керек.
«Болашаққа жол» мини-драма
Бір топ оқушы «өмір сахнасын» көрсетеді:
Бірі дәрігер, бірі инженер, бірі мұғалім, бірі өнер адамы болып шығады.
Барлығы бір ауыздан: «Болашаққа жол көрсеткен ұстаздарға мың алғыс!»
Бейне ролик көрсетіледі. Балалық шаққа саяхат «Мұғалімдердің бала кезі»
1-жүргізуші;
Құрманғазы,Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
дей келе мектебімізде
домбыра үнін күмбірлеткен
Алдиярды “Көрұғлы” күйімен ортаға шақырамыз, қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші 9-сынып оқушыларының орындауында «Хомай» әні
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2-жүргізуші:
Ән «Ұстазым» Ортада 9-сынып жетекшілері
2-жүргізуші:Қазақ қызы күлімдер күн
көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай
жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті
аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді
би.
Сахна төрінде қазақ
биімен 9- сынып оқушылары, қарсы
алыңыздар!
Көңілді тапқырлар клубы КВН оқушылар
1-жүргізуші
Әні мен қалжыңы жарасқан 9-сынып оқушыларының орындауында 16-қыз әні
2-Жүргізуші
Ұстаз – қарапайым мамандық емес. Ол – өмірдің шырағы, жүректің нұры, ұрпақтың үміті.
2-жүргізуші
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау, шәкірттеріңіз дарынды болсын!
2-жүргізуші
Хор. 9-сынып оқушыларының орындауында « Ұстазым» әні
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған іс-шара

шағым қалдыра аласыз