"Ұстаздар-ұлы жандар" (Мұғалімнің өз шығармашышылығынан)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұстаздар-ұлы жандар" (Мұғалімнің өз шығармашышылығынан)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге , оқушыларға, тәрбие сағаттарын өткізуде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздар- ұлы жандар


Ұстаз дана , мейірімді данышпан

Білім үшін көздің майын тауысқан.

Шәкірттерің көкке ұшса шарықтап,

Сенің үнің естіледі ғарыштан.


Ұстаз тұлға, ұстаз ана- ұлы есім,

Жылу беріп жас ұрпаққа жүресің.

Өлмейтұғын бұл мамандық ешқашан,

Бәрі ұстаз алдын көрген ,білесің.


Шабыт сыйлап араласам жыр елін,

Ол да сенің құдіретің деп білемін.

Бар баланы бауырына басатын ,

Ұстаз- сенің дархан дала жүрегің.


Ұстаз деген білім- ғылым ұстасы,

Өз қолыңда адамдықтың тұтқасы.

Өркен жайған мәуелі ол бәйтерек,

Бар ғаламның діңгегі ол, қысқасы.


Адамдықты үйреткен тәрбиені,

Жүрегі кең ,қасиетті киелі,

Ақылменен өріс алған әр шәкірт,

Алдарыңда мәңі басын иеді.


Арнау айтқан азғантай жырыменен,

Ұстаздықты данышпан ұлы дегем.

Құттықтаймын мен бүгін, әріптестер,

Баршаңызды ұстаздар күніменен.


Ақын жүрек тулап- толқып жұлқынды,

Маза кетіп түн ұрлады ұйқымды.

Қоңыр күзде көкше көлдің лебімен,

Таң алдында мөлдір шықтай жыр туды.


Көптен бері өлең тумай жүрген ед,

Ұмытпаспын ,сірә, мен де бұл күнді

Ақын болып келгеннен соң өмірге,

Жырлау парыз ұлтарақтай ұлтымды.


Жыр күтеді әрбір пенде тек менен,

Шырқау шабыт ұшқыр ойды шектемен

Ұстаз дейтін ұлыларға арнаған,

Жырым еді сиясы әлі кеппеген.



Ұлы тұлға.


Сілтейтұғын болашаққа бағытты,

Білгір ұстаз тасты тілмен жарыпты.

Жылы жүрек ықылас лебізімен,

Тәрбиелеген баршамызды халықты.


Сан ілімді меңгерткен санасына,

Жақын ұстаз әр адам баласына.

Сабырлы салиқалы ұстаздарды,

Кім теңемес дейсің- ау анасына.

Ұлағатты ұлы адам ұстаз деген,

Ұлылар да санасқан ұстазбенен.

Білмегенін үйреткен әр шәкіртке,

Ұлы тұлға кім десе, ұстаз дер ем!


Жүрегіме тың ойлар шабыт берген,

Қасқа жолды халыққа салып берген.

Біле білсек, айтарым ұстаз болар ,

Шәкірттерін өнерге алып келген.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі